24 қыркүйекте Жақсы ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл О.Бочарникова Жақсы ауданының «Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілерімен № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты шеңберінде түсіндіру-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі ережелері мен жаңашылдықтары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндірілді.
Мемлекеттік қызмет өткеруге байланысты шектеулерге, оның ішінде жақын туыстардың және олармен байланысты өзге де тұлғалардың бірлесіп қызмет атқаруына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ қызметтік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемелеріне барудан бас тарту, діни наным-сенімдерді таңуға және бағынысты қызметкерлерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол бермеу мәселелері қаралды.


