Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Жақсы ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл О. Бочарникова «Жақсы ауданының Жаңақима ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілерімен түсіндіру-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі жаңашылдықтары түсіндірілді.
Мүдделер қақтығысына байланысты жағдайлар тізбесінің кеңейтілуіне, мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулерге, оның ішінде құмар ойындар саласындағы шектеулерге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.
Азаматтармен өзара іс-қимыл жасау кезінде клиентке бағдарлану, қызметтік әдеп нормаларын және іскерлік әдепті сақтау мәселелері жеке қарастырылды.



