АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

    Талғар ауданының әкімдігі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

    2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында сақтандыру, қаржы және зейнетақы нарығының өкілдерін бір алаңға жинаған Kazakhstan Insurance Forum 2026 өтті. Форум аясында «Жоспардан тыс өмір: болашақты сақтандырудан неге қорқамыз?» атты панельдік пікірталас ұйымдастырылып, онда өмірді сақтандыруды дамыту, ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және азаматтардың болашақ табысын қамтамасыз етудегі жаңа мүмкіндіктер мәселелері талқыланды.

    Пікірталасты сақтандыру нарығының сарапшысы, Centras Group негізін қалаушы Елдар Абдразаков жүргізді. Талқылауға «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов, KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, «BCC Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Гүлжан Жақсымбетова, Bank CenterCredit вице-президенті Анастасия Овсянникова, «Халық-Life» АҚ Басқарма төрағасы Гаухар Бурибаева және AJR Finance Ltd исламдық қаржытех-компаниясының негізін қалаушы Мұрат Қылышбай қатысты.

    Пікірталас барысында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру құралдарының бірі ретінде зейнетақы аннуитетін дамыту мәселесі де сөз болды. Бұл бағыттың келешегі туралы «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов айтып берді. Ол Қазақстанның сақтандыру нарығы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын және оның одан әрі өсу әлеуеті зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, оның пікірінше, сақтандыру индустриясының ауқымы әзірге экономиканың даму қарқынына толық сәйкес келе бермейді.

    «Өмірді сақтандыруды дамытуға ықпал ететін бағыттардың бірі – зейнетақы аннуитеті нарығы. Зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитетін сатып алуға пайдалану мүмкіндігі зейнетақы жүйесіне бастапқыдан-ақ азаматты зейнет жасындағы табыспен қамтамасыз етудің бір нұсқасы ретінде енгізілген. Бүгінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қазақстандықтардың оларды алудың әртүрлі тәсілдерін таңдауға мүмкіндігі бар: БЖЗҚ-дан қаражат толық таусылғанға дейін белгіленген кесте бойынша төлемдер алу, сақтандыру компаниясы арқылы өмір бойы төлемдер алу немесе осы екі нұсқаны үйлестіру.

    Өмірді сақтандыру нарығы инвестициялық нарықпен тығыз байланысты. Классикалық өнімдермен (шұғыл, кейінге қалдырылған және бірлескен зейнетақы аннуитеттері) қатар инвестициялық құрамдас бөлікке байланысты жаңа мүмкіндіктер де пайда болуда. Бұл – заңды құбылыс, өйткені бүкіл әлемде өмірді сақтандыру инвестициялық нарықпен тығыз байланысты, ал сақтандыру компаниялары ірі институционалдық инвесторлар ретінде әрекет етеді.

    Сондықтан зейнетақы аннуитетін «сатып алдым, ұмыттым» деген қағидатпен қабылдамаған маңызды. Азаматтар бұл қаржы құралының қандай қосымша артықшылықтар беретінін, оның ішінде ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және инвестициялық құрамдас бөлік тұрғысынан түсінуі қажет. Нарықтың одан әрі дамуы сақтандыру қорғанысын, тұрақты дивидендтер мен инвестициялық мүмкіндіктерді ұштастыратын жаңа, оның ішінде гибридті өнімдердің пайда болуына алып келуі мүмкін», – деп түсіндірді Жанат Құрманов.

    Жанат Құрманов халық арасында ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетін одан әрі қалыптастыру қажеттілігін де атап өтті. Пікірталас барысында айтылғандай, бұл мәселе әсіресе қысқамерзімді қаржылық мақсаттарға басымдық беруге бейім жастар үшін өзекті.

    Қазақстандықтарға зейнетақы аннуитетінің қандай түрлері қолжетімді

    Еске сала кетейік, зейнетақы аннуитеті – азамат пен өмірді сақтандыру компаниясы арасында жасалатын шарт. Оған сәйкес сақтандыру компаниясы өмір бойы немесе шартта белгіленген белгілі бір жасқа дейін ай сайын зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді. Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығында зейнетақы аннуитетінің бірнеше түрі ұсынылады.

    Шұғыл зейнетақы аннуитеті шарт жасалғаннан кейін оның талаптарына сәйкес төлемдердің басталуын көздейді.

    Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті төлемдердің шартта белгіленген белгілі бір кезең өткеннен кейін басталуын көздейді. Кейінге қалдырылған кезеңде қаражат шарт талаптарына сәйкес инвестициялануы мүмкін, бұл болашақ төлемдердің мөлшеріне оң әсер етеді.

    Бірлескен (ерлі-зайыптылардың) зейнетақы аннуитеті екі адамның зейнетақы жинақтарын біріктіріп, шарт талаптарына сәйкес өмір бойы төлемдер алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың бірі қайтыс болғаннан кейін төлемдер екінші қатысушының пайдасына жалғаса береді.

    Осылайша, зейнетақы аннуитеті нарығының дамуы азаматтардың ұзақмерзімді зейнетақы табысын қалыптастыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, зейнетақы жинақтарын пайдаланудың қосымша нұсқаларын ұсынады. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дан алу немесе зейнетақы аннуитетін сатып алу арасындағы таңдау – азаматтың өмірлік жағдайына, жинақтарының мөлшеріне және зейнетақыны жоспарлау мақсаттарына байланысты жеке қаржылық шешім.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    324638b36ff8528f903c23f2d625bfe0ba902c92424b49002c894e5ee7415d6b_original.66110.docx
    DOCX · 65 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Талғар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 12-784 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Талғар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатыназаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалайсыйақының мөлшерін айқындау туралы» Алматы облысы Талғар ауданыәкімдігінің 2017 жылғы...

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының 2026 жылғы IV тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесі

    Жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының 2026 жылғы IV тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесі.

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

    Түйткілді тақырыптағы сұхбат! Зейнетақы жүйесі – жасқада, мамандыққада қарамайтын,барлықадамның басына түсетін маңызды мәселе. Зейнетақы жинақтарының қалай қалыптасатынын түсіну, олардың көлемін бақылау және болашаққа қ...

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заң...

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заң...

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА

    Алматы облысы Талғар ауданы Панфиловауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 4 қазанда Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 21 389 азамат енгізі...

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА

    Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 4 қазанда Талғар ауданы, Кеңдала ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 17 080 азамат енгізіл...

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Талғар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі бюджеттің атқарылуы туралы есебі

    «Талғар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі бюджеттің атқарылуы туралы есебі

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды: