Талғар ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Талғар ауданы Алматы облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан.

    Талғар ауданының орталығы-Талғар қаласы.

    Талғар ауданының аумағы 3,7 мың км² құрайды.

    Аудан аумағында 1 қала, 10 ауылдық округ бар .

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 13-26 наурыз аралығында " Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі " ММ-ні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Туындаған мәселелер бойынша Талғар ауданының жер қатынастары бөлімінің 8 (727) 388 1671 телефоны бойынша хабарласуға болады.

    Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 13-26 наурыз аралығында " Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі " ММ-ні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Туындаған мәселелер бойынша Талғар ауданының жер қатынастары бөлімінің 8 (727) 388 1671 телефоны бойынша хабарласуға болады.

    13 наурыз 2025 ж. – 26 наурыз 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сінің атқарылған қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижесінде жария талқылауды жүргізу туралы Хабарландыру

    «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сінің атқарылған қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижесінде жария талқылауды жүргізу туралы Хабарландыру 2025 жылдың 17 наурыз күні сағат 10-00 Алматы облысы, Талғар ауданы,Талғар қаласы, Д.Қонаев көшесі, 65 үй, 413каб «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сінің атқарылған қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижесінде жария талқылау жүргізіледі. Байланыс нөмірі: + 7 701 837 62 41

    17 наурыз 2025 ж.Тікелей
    Алматинская область, Талгарский район, г.Талгар, ул.Д.Кунаева, д.65, каб 413
    ОтырысАяқталды

    «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ–сінің атқарылған қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы Хабарландыру

    «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ–сінің атқарылған қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы Хабарландыру 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, 2016 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігі Төрағасының №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2,4 тармақтарына сәйкес «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің атқарылған қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2025 жылдың 11- 17 наурыз аралығында ішкі талдау жүргізіледі: - мемлекеттік органның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілері; - бөлімнің қызметін реттейтін функцияларды іске асыру - бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметі. Байланыс нөмірі + 7 701 837 62 41 Бөлім басшысы Айдын Анварбекович Сураншиев

    11 наурыз 2025 ж. – 17 наурыз 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 01 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №211 бұйрығының 1-3 тармақтарына сәйкес 2025 жылғы наурыз айының 3-і күні сағат 15-00 де Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылдық округінің Мәдениет үйінің залында өтетін жиынның күн тәртібінде «Тұздыбастау ауылдық округінің Тұздыбастау ауылындағы жаңа көшелеріне атау беру туралы» мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 01 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №211 бұйрығының 1-3 тармақтарына сәйкес 2025 жылғы наурыз айының 3-і күні сағат 15-00 де Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылдық округінің Мәдениет үйінің залында өтетін жиынның күн тәртібінде «Тұздыбастау ауылдық округінің Тұздыбастау ауылындағы жаңа көшелеріне атау беру туралы» мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

    3 наурыз 2025 ж.Тікелей
    Дома культура, село Туздыбастау
    ОтырысАяқталды

    2025 жылғы 21 ақпанда сағат 11:00-де «Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелерін көпшілік талқылауы жоспарлануда. Іс-шара Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Қонаев көшесі, №97/1 мекенжайында өтеді. Қосымша ақпарат алу және сұрақтар қою үшін 8(72774)-2-17-17 нөміріне қоңырау шалыңыз.

    2025 жылғы 21 ақпанда сағат 11:00-де «Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелерін көпшілік талқылауы жоспарлануда. Іс-шара Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Қонаев көшесі, №97/1 мекенжайында өтеді. Қосымша ақпарат алу және сұрақтар қою үшін 8(72774)-2-17-17 нөміріне қоңырау шалыңыз.

    21 ақпан 2025 ж.Тікелей
    Алматинская область, Талгарский район, город Талгар, ул. Кунаева, №97/1.
    ОтырысАяқталды

    Талғар ауданы әкімінің Белбұлақ ауылдық округі тұрғындарымен тұрақты кездесуі.

    2024 жылғы 01 қарашада сағат 15 : 00 -де Белбұлақ ауылдық округінің № 35орта мектепте Талғар ауданының әкімі Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков Белбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізеді .

    1 қараша 2024 ж.Тікелей
    01 ноября 2024 года в 15:00 часов

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Тұрғын үй алу кезегіне қою тәртібі қандай?

    Жауап

    Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуі мүмкін Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырады. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген кезден бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі. Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бөлек тізім бойынша тұрғын үй беруге мұқтаж азаматтардың есебін жүргізеді: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға беріледі. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 74-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға бірінші кезекте Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, көп балалы аналардың құқығы бар.

    Сұрақ

    Control of the priority for obtaining housing in electronic form?

    Жауап

    In accordance with Article 74 of the above-mentioned Law, local executive bodies of the district, city of regional significance, city of republican significance, capital are required to publish in periodicals published on the territory of the district, city of regional significance, city of republican significance, capital, and on their Internet resources: within ten working days from the date of the decision of the local executive body on the provision of housing-lists of persons who have received housing, indicating their priority, established by the lists of those in need of housing; state-owned enterprises maintain priority lists of citizens of the Republic of Kazakhstan in need of housing from the housing stock of a state-owned enterprise, and publish on their Internet resources lists of persons who have received housing, indicating their priority; state institutions maintain priority lists of citizens of the Republic of Kazakhstan in need of housing from the housing stock of a state institution, and publish on their Internet resources lists of persons who have received housing, indicating their priority.

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек кімге тағайындалады?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 108 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекке кімдер құқылы?

    Жауап

    "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының 2-бабы 1-тармағы негізінде жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі қандай?

    Жауап

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен реттелген.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны№ 301 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидасына сәйкес.

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларының 28-тармағына сәйкес комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтініштері арнайы есепке қойылып, бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда кезегіне қарай қанағаттандырылады.Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін алаңдар елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына немесе бас жоспарына сәйкес бөлінеді. Бұдан бөлек, жер заңнамаларында жер учаскелерінің бөліну кезінде жеңілдіктер қарастырылмаған және кезекте тұрған азаматтардың құқығы тең болып саналады. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығымен бекітілген "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары негізінде.

    Ақпарат

    Хабарландыру

    «Хабарландыру» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №211 бұйрығының 1-2-тармақтарына сәйкес 2026 жылғы қазан айының 20-ы күні сағат 11.00-де Талғар ауданы, Жібек жолы ауылындағы №24 орта мектептің мәжіліс залында өтетін жиынның күн тәртібінде «Панфилов ауылдық округіне қарасты Қызылту ауылындағы жаңа көшелеріне атау беру және көшелерді қайта атау беру туралы» мәселесі қаралатындығын хабарлаймыз. Қарастырылатын жаңа көшелерге атаулар тізімі келесі: Ақбаян, Аққайың, Ақсеңгір, Ақсу-Жабағылы, Аякөз, Телқоңыр, Желмая, Жиделі. 2026 жылғы қазан айының 20-ы күні сағат 15.00-де Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округіне қарасты Төңкеріс ауылындағы №23 орта мектептің мәжіліс залында өтетін жиынның күн тәртібінде «Панфилов ауылдық округіне қарасты Төңкеріс ауылындағы жаңа көшелеріне атау беру және көшелерді қайта атау беру туралы» мәселесі қаралатындығын хабарлаймыз. Қарастырылатын жаңа көшелерге атаулар тізімі келесі: Қыз Жібек, Сандықтау, Сарыжаз, Тайқазан. Панфилов ауылдық округі әкімінің м.а. Н.Н.Мықтыбаева

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Хабарландыру

    «Хабарландыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №211 бұйрығының 1-2-тармақтарына сәйкес 2026 жылғы қазан айының 19-ы күні сағат 11-00-де Талғар ауданы, Панфилов ауылындағы әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында өтетін жиынның күн тәртібінде «Панфилов ауылдық округіне қарасты Панфилов ауылындағы жаңа көшелеріне атау беру және көшелерді қайта атау беру туралы» мәселесі қаралатындығын хабарлаймыз. Қарастырылатын жаңа көшелерге атаулар тізімі келесі: Мәңгілік Ел, Айдарлы, Баянауыл, Ақбақай, Әулиеағаш, Биші қайың, Ақбұлақ, Ақкент, Ақдала, Нарынқол. 2026 жылғы қазан айының 19-ы күні сағат 15.00-де Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылындағы №22 орта мектептің мәжіліс залында өтетін жиынның күн тәртібінде «Панфилов ауылдық округіне қарасты Қарабұлақ ауылындағы жаңа көшелеріне атау беру және көшелерді қайта атау беру туралы» мәселесі қаралатындығын хабарлаймыз. Қарастырылатын жаңа көшелерге атаулар тізімі келесі: Ақшоқы, Сарытөбе, Үшарал, Арай, Арлан, Ырғыз, Аруана. Панфилов ауылдық округі әкімінің м.а. Н.Н.Мықтыбаева

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттар (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)

    Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттар (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Әукенов Жан Бауыржанұлы 1993 ЖШС «Тұлпар экспресс» , директор Талғар ауданы, Талғар қаласы 2. Жұмахан Дархан Жомартұлы 1996 ЖК "Жумахан", директор Талғар ауданы, Талғар қаласы 3. Сембиев Самат Ермекұлы 1983 ЖШС "PTZ", бригадирі Талғар ауданы, Талғар қаласы № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Бұғыбаев Сұлтан Азаматұлы 1976 ЖШС "Verum Design", басшы Алматы қаласы 2. Қайназаров Тимур Ерғалыұлы 1989 ЖШС "Барон", менеджер Талғар ауданы, Талғар қаласы 3. Күсекбаев Руслан Қанатұлы 1988 №1 орта мектебі, оқытушы Талғар ауданы, Талғар қаласы № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Авамсалимов Ялкунжан Радикжанұлы 1992 Қала сыртындағы кешені "У Михалыча", директор Алматы қаласы 2. Стрыгина Жанна Антоновна 1969 ЖШС « ALEM LTD», менеджер кадр бойынша Талғар ауданы, Талғар қаласы 3. КУРБАНСОПИЕВРустамАдилжанович 1992 Көп салалы клиника «Keruen-Medicus», дәрігер уролог-андролог Алматы қаласы № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Абылдаева Гаухар Болатханқызы 1981 «Әділет» партиясының Талғар аудандық филиалы, сектор меңгерушісі Талғар ауданы, Талғар қаласы 2. Жакупбаева Әйгерім Жомартқызы 1984 Талғар аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Талғар ауданы, Талғар қаласы 3. Сартбаев Манат Маратұлы 1996 «Тұлпар экспресс» ЖШС, жүргізуші Еңбекшіқазақ ауданы , Есік қаласы № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Бердібеков Сержан Тоқанұлы 1972 «Талғар стехстрой» басқарушы компаниясы, құрылыс нарығы, нысан басқарушысы Талғар ауданы, Талғар қаласы 2. Сүлейманов Саянғали Мұхтарғалиұлы 1996 «Сулейманов» жеке кәсіпкер, басшысы Талғар ауданы, Талғар қаласы 3. Пайзиев Әлібек Нұрбекұлы 1989 «Әлібек» жеке кәсіпкер, басшысы Талғар ауданы, Талғар қаласы № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Жеңіс Айгерім 1983 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (КЕАҚ), Алматы облысы, бас маман Талғар ауданы, Талғар қаласы 2. Оразғалиев Дәулет Алдашұлы 1988 Grand Oreon , басшысы Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы 3. Түлегенов Мирас Алмасұлы 1986 ЖШС "Мобайл Телеком сервис", маманы Талғар ауданы, Талғар қаласы № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Берік Данияр 1984 ЖШС«Берік», басшысы Талғар ауданы, Талғар қаласы 2. Дүмчибаев Серік Кеңесұлы 1966 «Әділет» партиясы Талғар аудандық филиалының төрағасы Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы 3. Жақсылықов Ерлан Нұрбақұлы 1987 «Алматы Жылу», инженердің орынбасары Талғар ауданы, Талғар қаласы № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Аскаров Әлімжан Мұзякберұлы 1968 ІІМ зейнеткер Талғар ауданы, Талғар қаласы 2. Бекбас Ернар Құрманбекұлы 1990 ЖШС "Береке Агро Асыл-Бек" директор Талғар ауданы, Панфилов ауылы 3. Искаков Сұңқар Нұртазайұлы 1982 «Ақбұлақ» тау шаңғысы курорты, директор Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Әденов Мұстафа Жолдаспайұлы 1966 ЖШС "Кузет Моторс", жүргізуші Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы 2. Қуатов Тимур Ақмұрзаұлы 1966 «Талғар орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,директор орынбасары Талғар ауданы, Талғар қаласы 3. Шонаев Мейржан Жақсылықұлы 1970 «АЖК» АҚ, электрик Талғар ауданы, Талғар қаласы № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Атамкулова Әсел Артығалиқызы 1986 Талғар агробизнес және менеджмент колледжі, оқытушы Талғар ауданы, Талғар қаласы 2. Әлібеков Мұхит Бейсембекұлы 1973 Уақытша жұмыссыз Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы 3. Садықбаев Нұрсұлтан Абайұлы 1996 ЖШС "ТАС Финансы ГРУПП" ,сарапшы Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Джакенов Асқар Әбілашімұлы 1982 ЖШС Сары-Арқа жарық Групп, басшы Алматы қаласы 2. Лавренюк Дмитрий Сергеевич 1989 ЖШС «Институт Коммуникаций» (Institute of Communications), басшы Алматы қаласы 3. Туиешиманов Айрат Мелісұлы 1987 ЖШС "Институт коммуникации", инженер ПТО Іле ауданы, Түймебаев ауылы № 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Маханов Азамат Сәбитұлы 1994 ЖШС"У Михайловича", ветеринар Іле ауданы, Кіші Байсерке ауылы 2. Құрмангалиева Жанар Қанатқызы 1978 ЖШС "Авто Казахстан", менеджер Талғар ауданы, Талғар қаласы 3. Құрманалиев Магауия Айталыұлы 1971 ШҚ "Котельников", төраға Талғар ауданы, Панфилов ауылы № 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Илахунова Гүлназа Тұрсынжанқызы 1978 Жеке кәсіпкер «Илахунова», директор Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы 2. Купидинов Шаағзам Шарахұнұлы 1967 Жеке кәсіпкер «Шах», директор Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы 3. Сейдахметов Толыбай Төребайұлы 1975 Уақытша жұмыссыз Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы № 14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. АмангелдықызыАқерке 1991 «Engineering Solutions» Жарықтандыру жүйелерін жобалау бөлімінің басшысы Алматы қаласы 2. Әбдіқалықов Ғалымжан Ерсұлтанұлы 1984 ЖШС "Световые-технология", бас директоры Талғар ауданы , Талғар қаласы 3. Серікбаев Махсұт Төребекұлы 1967 ЖШС"Световые технология", маманы Талғар ауданы , Талғар қаласы № 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Калабаев Ринат Маратұлы 1986 ЖШС "Бисквит Сауда", инженер Іле ауданы,Түймебаев ауылы 2. ҚұдабаевБағжан Әкімбайұлы 1964 Талғар жоғары медициналық колледжінің директоры Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы 3. Өскенбаев Айбек Мұхитұлы 1989 өзін-өзі жұмыспен қамтушы Талғар ауданы , Талғар қаласы № 16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Ахметов Сулхадин Хамбабайұлы 1987 ЖШС "Р.Т.Г", өндіріс басшысы Талғар ауданы, Панфилов ауылы 2. Бозымбекова Динара Боларбекқызы 1981 Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің директоры Талғар ауданы, Талғар қаласы 3. Қайрат Естер 1994 АО "Казахтелеком", директор ДРБ Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы № 17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Әкімжанов Сұңғат Мұхтарұлы 1980 ЖШС "Казахстанская транспортная ", механик Алматы қаласы 2. ДЖУАСПАЕВ Ғалымжан Досанұлы 1979 ЖШС «Arnau Technologies», басқарушы директор Алматы қаласы 3. Кұрамысов Мадияр Тұрсыналиұлы 1991 Уақытша жұмыссыз Іле ауданы , Кіші Байсерке ауылы № 18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Даурбаева Александра Сағылымқызы 1969 ЖШС «Бисквит Сауда» , директор Алматы қаласы 2. Искендиров Қанат Жандосұлы 1987 «Талғар медициналық колледжі», оқытушы Талғар ауданы ,Талғар қаласы 3. Юсупов Мирхалил Халматұлы 1966 "Юсупов" жеке кәсіпкер, директор Алматы қаласы № 19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Дүйсебек Асқар Қошқарұлы 1977 ЖШС "Panfilobsky", директор Алматы қаласы 2. Изатова Самал Серікқалиұлы 1986 ЖШС "Комендовад кобланды", директор Алматы қаласы 3. Чурумбаева Бағлан Қуанышқызы 1987 ЖШС "Vista Capital Management", жер қатынастары жөніндегі менеджер Талғар ауданы, Тұзысай ауылы № 20 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Расыльхан Алмас Медетханұлы 1980 ЖШС «Medicare International», құрылтайшысы Алматы қаласы 2. Сейдалы Нұржан Қайратұлы 1993 ЖШС "Medicare international", менеджер Алматы қаласы 3. Утембаева Қарлығаш Медетханқызы 1977 ЖК "Max Rentals" ,директор Талғар ауданы, Панфилов ауылы № 21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. АхметжановРүстем Кажықанұлы 1986 СПК «Алматы племзавод»,басшы Талғар ауданы, Кеңдала ауылы 2. Әменова Мереке Еркебеккызы 1988 Талғар агробизнес және менеджмент колледжі, оқытушы Талғар ауданы Талғар қаласы 3. Дүмбебаев Жарас Сарсембайұлы 1979 ЖШС "Р.Т.Г", өндіріс басшысы Талғар ауданы, Кеңдала ауылы № 22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Құралбай Айдана Майрамалықызы 2006 ЖШС "Magnum", оператор Талғар ауданы, Бесқайнар ауылы 2. Тлеубай Ерлік Тлеубайұлы 1988 №15 орта мектебі , оқытушы Талғар ауданы, Жалғамыс ауылы 3. Сасиков Әлішер Сұлтанмұратұлы 1983 ЖШС «Sultan su», құрылтайшысы Талғар ауданы, Гүлдала ауылы № 23 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Мұхтазаров Диас Мақсұтұлы 1993 “AVD Engineering “, атқарушы менеджер Еңбекшіқазақ ауданы,Есік қаласы 2. Садвакасова Сәуле Әнуарбекқызы 1989 Талғар агробизнес және менеджмент колледжі, оқытушы Талғар ауданы,Талғар қаласы 3. Омарбаев Махсұт Қасымбекұлы 1959 ЖШС «PTZ» , атқарушы директоры Талғар ауданы, Панфилов ауылы № 24 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Мусаев Руслан Райиф-оглы 1977 ЖШС «Kazakhstan Motor City»,бас директор Талғар ауданы, Панфилов ауылы 2. Никитин Кирилл Олегович 1981 Жеке заңгер Алматы қаласы 3. Саурықов Артық Такенұлы 1972 ЖШС «Kazakhstan Motor City (Казахстан Мотор Сити)», қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Алматы қаласы № 25 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Данаев Болатжан Алпысбайұлы 1973 «Жетісу» өндірістік филиалының Талғар газ шаруашылығы АҚ «QAZAQGAZ AIMAK», директор Талғар ауданы, Талғар қаласы 2. Жайлымысов Жеңіс Дулатбекұлы 1986 ЖШС "Адилет Строй Инвест", директор Талғар ауданы, Талғар қаласы 3. Елемес Ербол Бауыржанұлы 1999 ЖШС "Қаз құрылыс Газ", маманы Талғар ауданы, Тұзысай ауылы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебі ұсынылды "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 28 267,61млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 633,21 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1 428,29 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 151,28млрд теңгені құрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды. ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 қазанда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,34%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,27%, ҚРҰБ депозиттері – 2,63%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,50%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,97%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,33%, МҚҰ – 1,00%. Активтердің 37,62%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,86%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,13%. Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 693,73 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 14,15 млрд теңгені, өзге кірістер – 3,48 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. 2025 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 706,33 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 2,64%-ды құрады. 2026 жылғы 1 қазандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,52%, ҚРҰБ депозиттері – 3,34%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 115,80 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 23,59 млрд теңге кіріс әкелді. 2026 жылғы ққазанға дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 173,20 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 19,15%. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушылар ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 206,11 млрд теңге. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 32,66 млрд теңге. Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 29,19%, РЕПО – 17,21%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 11,12%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 10,95%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,10%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,78%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,86%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,48%, МҚҰ – 1,70%. Атап кетейік, портфельдің 61,32% теңгемен, 38,22% АҚШ долларымен, 0,46% басқа валюталарда ұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 9,46%. "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 29,57 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ҚМ МБҚ – 19,07%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 18,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 16,74%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,44%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 5,62%, активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексінің құрамдас бөліктерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 5,17%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,68%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 82,13%-ын, АҚШ долларымен 17,87%-ын құрайды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,75%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ[2] сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,21 млрд теңгеболды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 27,04%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен аспайтын) – 9,75%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,95%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,64%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 8,67%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 7,15%, ҚРҰБ ноттары – 7,98%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 6,06%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,59%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 63,79%-на, АҚШ долларымен – 36,21%. Зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі – 7,92%. "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 91,95 млрд теңгеболды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ЕДБ облигациялары – 16,53%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,97%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 10,61%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,38%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 8,82%, шетелдік мемлекеттердің МБҚ – 8,33%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,18%, ҚР ҚМ МБҚ – 6,70%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,76%, МҚҰ – 1,68%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 66,95%, АҚШ долларында – 33,05% инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,22%. "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026 жылғы жағдай бойынша "Tansar Capital" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 1,87 млрд теңге. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар төмендегідей: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 34,67%, Репо – 15,98%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 10,18%, ҚР ҚМ МБҚ – 4,47%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 61,88%, АҚШ долларымен – 38,12% инвестицияланды. "Tansar Capital" АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылғы 8 сәуірде бастады. Зейнетақы активтерін басқаруды бастағаннан бергі кірістілігі – 0,00% құрады. "Tansar Capital" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 43,85 млрд теңге. ҚР ЕДБ облигацияларына – 33,30%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 13,44%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 11,05%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 7,88%, РЕПО – 7,17%, ҚР ҚМ МБҚ – 4,03%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,82%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,17%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 1,30% инвестицияланды. Ұлттық валютада портфельдің 77,71%-ы, АҚШ долларында 22,29%-ы инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 13,95%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. Естеріңізге салайық, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда [2]01.01.2026 жылдан бастап "БЖЗҚ" АҚ "Halyk Global Markets" АҚ-дан алынған 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу туралы хабарлама негізінде "Halyk Global Markets" АҚ-ға зейнетақы жинақтарын аударуға өтініштерді қабылдауды жүзеге асырмайды

    Жарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтері 2014 жылы БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістің жалпы көлемі 14,30 трлн теңгені құрады. Жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерін ескергенде, зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық кірістің үлесі – шамамен 40%. Ұзақ мерзімді инвестициялаудың маңыздылығын жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бүкіл жұмыс кезеңіндегі нәтижелері де айқын көрсетеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бастап 2026 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде жинақталған инвестициялық кірістілік 1 090,84%-ды құраса, осы кезеңдегі инфляция деңгейі 1 014,83% болды. Бұл көрсеткіштер зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижелерін ұзақ мерзімді кезең тұрғысынан бағалаудың маңыздылығын растайды. Зейнетақы жинақтары ондаған жылдар бойы қалыптасады. Осы уақыт аралығында түсіп отыратын зейнетақы жарналары түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады, ал алынған кіріс салымшылардың зейнетақы капиталын ұлғайтып қана қоймай, одан әрі инвестициялауға қатысады. Инвестициялық кірістілік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Инвестициялау нәтижелері бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары бойынша сыйақы түсімдеріне, олардың нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ валюта бағамдарының ауытқуына тәуелді. Жекелеген кезеңдерде нарықтық және валюталық қайта бағалау инвестициялаудың жалпы нәтижесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай ауытқулар қаржы нарығына тән құбылыс болғандықтан, зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін ұзақ мерзімді кезеңдегі нәтижелер негізінде бағалаған жөн. Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы мен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарға есептелген инвестициялық кіріс көлемі 766,32 млрд теңгені, ал жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша 139,39 млрд теңгені құрады. Еске сала кетейік, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен портфельдерін дербес таңдау жөніндегі құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. 2026 жылдан бастап салымшылар ИПБ ұсынатын тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық стратегияның бірін таңдай алады. Бұл ретте әрбір ИПБ активтерді өзі таңдаған бір инвестициялық стратегия шеңберінде басқарады. Инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша ИПБ қамтамасыз ететін кірістілікті бағалаудың эталондық көрсеткіші ретінде композиттік бенчмарк белгіленген. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).

    Жарияланды:
    Ақпарат

    29 қараша мәслихат депуттарының сайлауы ақпараттық материалдар

    Ваш браузер не поддерживает аудио. / Your browser does not support the audio element. 29 қараша мәслихат депуттарының сайлауы ақпараттық материалдар

    Жарияланды: