Алматы облысы Талғар ауданы
Кеңдала ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы
ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 4 қазанда Талғар ауданы, Кеңдала ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 17 080 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 7 836 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 9 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Талғар ауданы, Кеңдала ауылдық округінің әкімі сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
Баймұхамбетов Қуаныш Естемесұлы үшін сайлаушылардың 785 дауысы берілді;
Нұрқасым Даулет үшін сайлаушылардың 933 дауысы берілді;
Өмірзақов Алмас Нұрдәулетұлы үшін сайлаушылардың 6 086 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 23.
Сайлау қорытындылары бойынша Кеңдала ауылдық округінің әкімі болып:
1988 жылы туған, Кеңдала ауылдық округінің әкімі, Тұздыбастау ауылының тұрғыны Өмірзақов Алмас Нұрдәулетұлы сайланды.
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы