Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының 2026 жылы атқарған жұмысы туралы ЕСЕБІ

    Алматы қаласының әкімдігі

    Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бақылауды жүзеге асырады.

    Қазіргі уақытта қала аумағында 1 258 нысанның құрылысы жүргізілуде ( 347 бюджеттік, 911 коммерциялық нысан), оның ішінде 147 тұрғын үй кешені бар.

    2026 жылы бақылау қызметі аясында 1 462 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 934 заңбұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 494,6 млн теңге айыппұл салынды.

    Заңбұзушылықтарды жою туралы 538 нұсқама берілді.

    Сапасыз құрылыс және құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру кезіндегі заңбұзушылықтар үшін 62 ұйым жауапкершілікке тартылды.

    Тиісті бақылауды қамтамасыз етпегені үшін техникалық қадағалау жүргізетін 43 ұйым мен маман жауапкершілікке тартылды.

    Жобалау сатысында 266 жобалау ұйымына қатысты жалпы сомасы 57,9 млн теңгені құрайтын шаралар қабылданды.

    2026 жылғы лицензиядан кейінгі бақылау қорытындысы бойынша 18 құрылыс лицензиясының қолданылуы тоқтатылды, 467 лицензияның қолданылуы уақытша тоқтатылды, 3 ұйым құрылыс лицензиясынан айырылды, 88 лицензияның қолданылуы қайта басталды.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер.

    Басқарма барлығы 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

    Лицензия алу немесе қайта ресімдеу жөніндегі 3 мемлекеттік қызмет бойынша 1 307 өтініш қаралды. 641 мемлекеттік лицензия берілді немесе қайта ресімделді, оның ішінде:

    • құрылыс-монтаждау жұмыстарына — 438 мемлекеттік лицензия;
    • жобалау қызметіне — 153 мемлекеттік лицензия;
    • іздестіру қызметіне — 50 мемлекеттік лицензия.

    Құрылыс саласындағы сарапшы аттестатын алу бойынша 261 өтініш түсті. Тестілеуге жіберілген үміткерлердің 52 -сі тестілеуден өтіп, сарапшы аттестатын алды.

    Нысандарды кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жүргізуге шешім алу бойынша 586 өтініш түсіп, оның 359 -ы қанағаттандырылды.

    Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруға аккредиттеу туралы 25 куәлік берілді.

    Сотқа талап қою жұмысы.

    Заң талаптары мен құрылыс нормаларының бұзылуына байланысты соттарға 66 талап арыз жолданды. Оның 7 -еуі қанағаттандырылды, 48 -і қаралуда, 11 -і бойынша талапты қанағаттандырудан бас тартылды немесе іс жүргізу тоқтатылды. Атап айтқанда:

    • нысандарды бұзу туралы — 34 ( 6 -уы қанағаттандырылды, 22 -сі қаралуда, 6 -уы бойынша бас тартылды);
    • нұсқаманы орындату туралы — 29 ( 1 -еуі қанағаттандырылды, 26 -сы қаралуда, 2 -еуі бойынша бас тартылды);
    • лицензиядан айыру туралы — 3 (қанағаттандырылғаны және қаралудағысы жоқ, 3 іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды).

    Жыл басынан бері 46 нысан бұзылды. Сонымен қатар Алматы қаласының Әділет департаментінде заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша заңсыз нысандарды бұзу туралы 66 атқару парағы орындалу сатысында. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтіліп, тұрақты бақылауда ұсталады.

    Ұқсас материалдар

    Статистика

    2026 жылдың жартыжылдығы бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар мониторингі жөніндегі есеп және есепке қоса берілетін жиынтық анықтама

    2026 жылғы жартыжылдықтағы бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингі жөніндегі есепке жиынтық анықтама Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы (республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі немесе жергілікт...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    «Алматы қаласы әкімдігінің аппараты» КММ (бұдан әрі – Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау аяқталғанын және ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау рәсімінің басталғанын хабарлайды

    «Алматы қаласы әкімдігінің аппараты» КММ (бұдан әрі – Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау аяқталғанын және ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау рәсімінің басталғанын хабарлайды (талдамалық анықтама жоб...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары басшыларының 2026 жылғы ІІІ тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесі

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Құрылған бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтер

    ТЕЛЕКАНАЛ 8 № Куәлік/лицензия нөмірі Берілген күні БАҚ атауы Меншік иесі Мекенжайы Тақырыптық бағыты ҚР 1. 6990-Э. 01.03.2006 № 000006 23.03.2006 «Бірінші арна Еуразия» «Еуразия+ОРТ» ЖШС Алматы қ., Республика алаң...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуі туралы

    "Алматы қаласының әкімдігі аппараты" КММ (бұдан әрі – Аппарат) Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының 2026 жылғы 17 қыркүйектегі №28/б бұйрығына сәйкес аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ж...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ұлттық баяндама

    2025 жылғы СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

    Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері агенттігі 2025 жылғы СЫБАЙЛАСЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА Астана қаласы 2026 жыл МАЗМҰНЫ Кіріспе. 3 Негізгі бөлік....

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алматы қаласы әкімдігі қабылданған заңнамалық актілерді іске асыру туралы ақпарат 2026 жылғы қыркүйек айына

    Алматы қаласы әкімдігіқабылданған заңнамалық актілерді іске асыру туралыақпарат 2026 жылғы қыркүйек айына № р/с Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Қаулы жобасының Ү...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ереже

    Алматы қаласы әкімінің Баспасөз қызметі туралы ереже

    Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының 2026 жылғы «_» ___ № __ бұйрығына 5-қосымша Алматы қаласы әкімінің Баспасөз қызметі туралы ереже Жалпы ережелер Алматы қаласы әкімінің Баспасөз қызметі (бұдан әрі – Баспасөз қыз...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды: