Алматы қаласы әкімі
аппараты басшысының
2026 жылғы «_» ___
№ __ бұйрығына
5-қосымша
Алматы қаласы әкімінің
Баспасөз қызметі туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Алматы қаласы әкімінің Баспасөз қызметі (бұдан әрі – Баспасөз қызметі) «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Баспасөз қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Масс-медиа туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Баспасөз қызметінің құрылымы мен штат санын штат санының белгіленген лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
2 . Баспасөз қызметінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Баспасөз қызметінің міндеттері:
- әкімнің, оның орынбасарларының және Алматы қаласы әкімі аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау бөлігіндегі қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
- Алматы қаласы әкімдігі қызметінің медиалық ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;
- Алматы қаласы әкімдігінің қызметін ресми және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау бөлігінде бірыңғай коммуникациялық саясатты қалыптастыру және іске асыру;
- Алматы қаласы әкімдігінің қызметі туралы халықты жедел және шынайы ақпараттандыруды ұйымдастыру;
- әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері мен аудан әкімдері аппараттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіру, оларға әдістемелік (консультациялық) көмек көрсету және ақпараттық материалдардың сапасын бақылау.
5 . Баспасөз қызметінің функциялары:
- Алматы қаласы әкімінің, оның орынбасарларының және әкім аппараты басшылығының қатысуымен баспасөз конференцияларын, брифингтерді, сұхбаттарды және басқа да медиа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Алматы қаласы әкімдігінің қызметі туралы ресми хабарламаларды, мәлімдемелерді, баспасөз релиздерін, түсініктемелерді және өзге де ақпараттық материалдарды дайындау және бұқаралық ақпарат құралдарында тарату;
- қала басшылығының қатысуымен өтетін ресми іс-шараларды кәсіби фото, бейне және аудиотіркеуді қамтамасыз ету, кейіннен материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына және архивке ұсыну;
- қала әкімінің, оның орынбасарларының, қала әкімі аппараты басшылығының қатысуымен өтетін іс-шараларға, сондай-ақ қала әкімі аппараты мен Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері өткізетін іс-шараларға журналистерді белгіленген тәртіппен аккредиттеуді жүргізу;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларды, бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарын қарау және өз құзыреті шегінде оларға жедел ден қоюды қамтамасыз ету;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларды, бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарын құзыреті бойынша Алматы қаласы әкімдігінің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне және аудан әкімдерінің аппараттарына жолдау;
- Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен аудан әкімдері аппараттарының бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына берген жауаптарының сапасын келісу;
- заңнамаға сәйкес «Ашық НҚА» порталында орналастырылуға және міндетті түрде жария талқылауға жататын НҚА жобаларын келісу;
- бұқаралық ақпарат құралдарымен, блогерлермен және медиа-ресурстармен өзара іс-қимыл жасау;
- қоғамдық резонанс тудыруы мүмкін ақпараттық себептер мен оқиғаларды анықтау және шешімдер қабылдау үшін басшылықты хабардар ету;
- Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының талаптарына сәйкес «цифрлық үкімет» веб-порталының платформасында Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсын жүйелі және уақтылы ақпараттық толықтыруды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген ақпараттың мазмұны мен оны жаңарту мерзімдеріне қойылатын талаптардың сақталуы тұрғысынан Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің (басқармалардың, аудан әкімдері аппараттарының) ресми интернет-ресурстарын жүргізуге және ақпараттық толықтыруға мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;
- құрылымдық бөлімшелердің ресми интернет-ресурстарын ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнама талаптарына сәйкестендіру жөнінде басшылыққа ұсыныстар енгізу;
- Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында баспасөз релиздерін, ресми хабарламаларды және өзге де ақпараттық материалдарды орналастыру;
- бірыңғай коммуникациялық саясатты жүргізу шеңберінде Алматы қаласы әкімдігінің қызметін ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарларды әзірлеу және іске асыру;
- қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен аудан әкімдерінің аппараттары өткізетін Алматы қаласы әкімдігінің жұмысы, іс-шаралары, оқиғалары мен жаңалықтарын жария етуге қойылатын талаптарды айқындау және белгілеу;
- Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен аудан әкімдерінің аппараттарына ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
- қаланың құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық жұмысын жетілдіру жөнінде Алматы қаласы әкімдігінің басшылығына ұсыныстар енгізу;
- белсенді әрі үлгілі ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыратын қызметкерлерді көтермелеу туралы ұсыныстар енгізу;
- бұқаралық ақпарат құралдарымен, блогерлермен және медиа-ресурстармен өзара іс-қимыл жасау;
- бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау бөлігінде қаланың құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық жұмысын үйлестіру.
6 . Баспасөз қызметінің құқықтары:
- ресми жауаптарды, баспасөз релиздерін және ақпараттық материалдарды дайындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды, талдамалық материалдарды және өзге де мәліметтерді Алматы қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, басқармалардан және аудан әкімдерінің аппараттарынан сұрату және алу;
- құрылымдық бөлімшелердің бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми интернет-ресурстар үшін дайындаған материалдары шынайылық, толықтық және бірыңғай коммуникациялық саясат талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оларды пысықтауға қайтару;
- құрылымдық бөлімшелерден көпшілікке жариялау үшін ақпарат ұсынудың мерзімдері мен тәртібін сақтауды талап ету;
- ақпараттық ашықтықты жетілдіру, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау және ақпараттық жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізу;
- бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдары бойынша сараптамалық түсініктемелер дайындау үшін құрылымдық бөлімшелердің мамандарын белгіленген тәртіппен тарту;
- бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға қатысты бөлігінде қала басшылығының іс-шараларын жоспарлауға қатысу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында, Алматы қаласы әкімінің және Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
7 . Баспасөз қызметінің қызметкерлері:
- Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес осы Ереже мен берілген өкілеттіктер шегінде қызметін жүзеге асыруға;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларын және журналистік әдеп қағидаларын сақтауға;
- ұсынылатын ақпараттың шынайылығын, объективтілігін және уақтылы берілуін қамтамасыз етуге;
- мемлекеттік құпияларды, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
- кәсіби біліктілігін арттыруға міндетті.
- Баспасөз қызметінің қызметін ұйымдастыру
- Баспасөз қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие болады;
- Баспасөз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы (бөлім басшысы) басқарады;
- Баспасөз хатшысы Баспасөз қызметінің жұмысына жалпы басшылық жасайды және Баспасөз қызметіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады.
- Баспасөз хатшысы:
- Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысына Баспасөз қызметінің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар енгізеді;
- қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі және олардың лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
- Баспасөз қызметінің бас инспекторларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
- бұқаралық ақпарат құралдарының басшылығымен, бас редакторлармен және жетекші журналистермен өзара іс-қимыл жасау кезінде Алматы қаласы әкімдігінің мүддесін білдіреді;
- Баспасөз қызметінің жұмысын жоспарлауды және оның қызметі туралы есептілікті ұйымдастырады;
- НҚА жобаларын «Ашық НҚА» порталында орналастыру құқығы тек Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысына не оның міндетін атқаратын тұлғаға беріледі, ал НҚА жобаларының мазмұнына, мәліметтердің шынайылығына, заңнама талаптарына сәйкестігіне, сондай-ақ оларды жариялаудың ықтимал салдарына әзірлеушілер жауапты болады;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Баспасөз хатшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін баспасөз хатшысы бекіткен міндеттерді бөлуге сәйкес Баспасөз қызметінің бас инспекторларының бірі атқарады.
- Баспасөз қызметінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша оның атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жолданатын құжаттарға баспасөз хатшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын тұлға қол қояды.
- Баспасөз қызметін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
- Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының шешімімен енгізіледі.