Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес және өтініш, жер учаскесінің схемасы негізінде Смирнов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Рыбкин ауылы аумағында орналасқан, нысаналы мақсаты — биіктігі 30 метр антенна-діңгек құрылысын салу және пайдалануға арналған, жалпы ауданы 0,0900 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу.
- «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Б. Капанова