Қостанай облысы Қарабалық ауданы Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты
"Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімнің және жергілікті атқару органың қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
"Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
"Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысынындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары болады.
Жаңалықтар
Құжаттар
Смирнов ауылындағы тұрғындар жиналысының хаттамасы
ПРОТОКОЛ Смирновка ауылының тұрғындарының жиналысын өткізу туралы 2026 жылғы 13 қазан 17 сағат Төраға:Б. Қапанова – Смирнов ауылдық округінің әкімі Хатшы: Қ. Кәрімова - ауылдық округтің бас маманы Қатысушылар:Смирновка ауылының тұрғындары, полицияның учаскелік инспекторы – Н. Әлімжанов. Қатысқандар саны - 30 адам. Өткізу орны: орталық дүкен КҮН ТӘРТІБІ: Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын 2026 жылғы 9 айда орындау қорытындылары. 2026-2027 жж. жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау». «Алдағы қысқы кезеңде қауіпсіздік». «Сақ болыңыз! Жұқа мұз!». «Қауіпсіз үй». Сөз алғандар: Ауылдық округтің әкімі – Б. Қапанова 2026 жылғы 9 айда ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын орындау туралы айтты. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы «Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ауданның су нысандарындағы қауіпсіздік ережелерін қатысушыларға жеткізді; Полицияның учаскелік инспекторы – Н. Әлімжанов 2026 жылғы 9 айда атқарылған жұмыс туралы есеппен сөз сөйледі, сондай-ақ «Қауіпсіз үй» жедел іс-шарасы бойынша ақпарат жеткізді. Кудряшова Анна Фридриховна – зейнеткер, сұрақ: көше жарығының күйіп қалған шамдары қашан ауыстырылады? Жауап: Капанова Б.Н., Смирнов ауылдық округінің әкімі. Жинау жұмыстарынан кейін «Тогас и К» ЖШС жаңа шамдарға қаражат бөледі. ШЕШТІК: Ауылдық округ әкімінің 2026 жылғы 9 айдағы жұмысын мақұлдау. Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды, сондай-ақ су нысандарындағы қауіпсіздік Ережелерін ескеруғе алу. Учаскелік инспектордың 2026 жылғы 9 айдағы жұмысын мақұлдау. Төраға____________________Б. Қапанова Хатшы ____________________А. Штраух
Рыбкино ауылындағы тұрғындар жиналысының хаттамасы
ХАТТАМА Рыбкино ауылының тұрғындарының жиналысын өткізу туралы 2026 жылғы 08 қазан 1000 сағат Төраға:А. Штраух – Смирнов ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Хатшы: К. Каримова - ауылдық округтің бас маманы Қатысушылар:Рыбкино ауылының тұрғындары, полицияның учаскелік инспекторы – Н. Алимжанов. Қатысқандар - 20 адам. Өткізу орны: орталық дүкен КҮН ТӘРТІБІ: 2026 жылдың 9 айындағы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын орындау қорытындылары. 2026-2027 жж. жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау». «Алдағы қысқы кезеңде қауіпсіздік». «Сақ болыңыз! Жұқа мұз!». «Қауіпсіз үй». Сөз алғандар: Ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы – А. Штраух 2026 жылдың 9 айындағы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын орындау туралы айтты. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы «Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ауданның су нысандарындағы қауіпсіздік ережелерін қатысушыларға жеткізді; Полицияның учаскелік инспекторы – Н. Алимжанов 2026 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыс туралы есеппен сөз сөйледі, сондай-ақ «Қауіпсіз үй» жедел іс-шарасы бойынша ақпарат жеткізді. Сайпенова Татьяна Айдарбековна – үй шаруасындағы, сұрақ: жолды қашан жөндеуге кіріседі? Жауап: әкім міндетін атқарушы Штраух А.А. Жобалық-сметалық құжаттама дайын, қаржыландыруды күтіп отырмыз. Колесникова Любовь Анатольевна – сатушы, сұрақ: АМС қашан қосылады? Жауап: әкім міндетін атқарушы Штраух А.А. Құрылыс және қосу жұмыстары әлі аяқталмады, жыл соңына дейін станция қосылады. ШЕШТІК: 2026 жылдың 9 айындағы ауылдық округ әкімінің жұмысын мақұлдау. Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды, сондай-ақ су нысандарындағы қауіпсіздік ережелерін ескеруға алу. 2026 жылдың 9 айындағы учаскелік инспектордың жұмысын мақұлдау. Төраға____________________А. Штраух Хатшы ____________________К. Каримова
2026 жылдың 4 тоқсанына Смирнов ауылдық округі әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тізімі
2026 жылдың 4 тоқсанынаСмирнов ауылдық округі әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тізімі А.Ж.Т. Лауазым Қабылдау күні мен уақыты Телефонның қызмет нөмірі Мекен -жайы Ботагоз Наурзбаевна Капанова округ әкімі сейсенбі, бейсенбі сағат 9:00 – 12:00-ге дейін 26-7-05 Смирнов ауылы Бейбітшілік көшесі, 43 Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды "Электрондық үкімет" порталынан электрондық түрде келіп түсетін, белгіленген нысандағы өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады. egov.kz", сондай-ақ жазбаша өтініштерді пошта арқылы және қолма-қол ұсынады. Жеке қабылдауға жазылу бойынша кеңесті26-7-05телефоны бойынша алуға болады Смирнов ауылдық округі әкімі аппаратының мекенжайы:Смирнов ауылы, Бейбітшілік көшесі,43 «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Смирнов ауылдық әкімі аппараты қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын бұзу фактілері туралы 26-7-05 сенім телефонына хабарлауге болатынын хабарлайды.
Жария сервитутты белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес және өтініш, жер учаскесінің схемасы негізінде Смирнов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Рыбкин ауылы аумағында орналасқан, нысаналы мақсаты — биіктігі 30 метр антенна-діңгек құрылысын салу және пайдалануға арналған, жалпы ауданы 0,0900 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу. «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Б. Капанова
«Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі кезеңдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық есеп
Құрамында Смирнов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының мүшесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы және Смирнов ауылдық округі әкімдігінің мамандары бар жұмыс тобы ішкі талдау жүргізді, «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін келесі бағыттар бойынша: - 2026 жылғы 18 мамырдан 5 мамырға дейін мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, - 2026 жылғы 5 маусымнан 18 маусымға дейін ауылдық округтің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, ол Смирнов ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді. «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қарабалық ауданының әкімдігі болып табылады. 2025 жылғы шілде-желтоқсан айлары аралығында Смирнов ауылдық округінің әкімі мемлекеттік органның қызметін реттейтін 47 өкім шығарды, оның ішінде: негізгі қызмет бойынша – 36 өкім, жеке құрам бойынша – 11 өкім. 2026 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында мемлекеттік органның қызметін реттейтін 29 өкім шығарылды, оның ішінде: негізгі қызмет бойынша – 19 өкім, жеке құрам бойынша – 10 өкім. «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау «E-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы және ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауы барысында жүзеге асырылады. 2025 жылы жеке тұлғалардан 3 өтініш тіркелді. 2026 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша 2026 жылы жеке және заңды тұлғалардан тіркелген өтініштер болған 1 өтініштер. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініштерді қарау мерзімдері мен тәртібі қатаң сақталады. Келіп түскен өтініштер олар түскен күні тіркеліп, уақтылы ауылдық округ әкіміне қарауға жолданады. Қайталама өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Есепті кезеңде құжаттарды орындау мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ. «Мемлекеттік сатып алу туралы»Заңды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің2024жылғы9қазандағы№ 687бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын басшылыққа ала отырып,тексеріліп отырған кезеңде30шарт жасалды. Аталған шарттар рәсімделіп,мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырылды.Олардың ішінде: - баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 11 шарт; - өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен – 9 шарт; - ашық конкурс тәсілімен – 2 шарт; - тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен – 8 шарт; - рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілген ашық конкурс тәсілімен – 0 шарт. Бюджет қаражатын пайдалану қаржыландыру жоспарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына тұрақты түрде бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ бюджет қаражатын жоспарлау, тауарлық-материалдық құндылықтар, мемлекеттік сатып алу мәселелері, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жай-күйі, пайдаланылатын алаңдардың белгіленген нормативтерінің және штат санының сақталуы бойынша Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне бақылау жүзеге асырылады. Есепті кезеңде 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «E-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы – 5 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері тіркелмеді. Істерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында көзделмеген құжаттар анықталған жоқ. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ. Халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында округ әкімдігінде ақпараттық стенд рәсімделген. Онда қолданыстағы мемлекеттік қызметтер бойынша бекітілген стандарттар, сенім телефонының нөмірі және азаматтарды қабылдаудың бекітілген кестесі орналастырылған. 2026 жылдың басынан бастап 1 маусымға дейін округтің 94 тұрғыны компьютерлік техникамен және интернет желісіне қолжетімділікпен жабдықталған «Құқық кабинетін» пайдаланды. Өткен кезеңде Смирнов ауылдық округі қызметшілеріне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары тіркелген жоқ. Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар орын алған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлерге қатысты жағымсыз ақпарат жарияланған жоқ. «Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша тәуекелдер анықталған жоқ, ұжым тұрақты жұмыс істейді, кадрлардың тұрақтылығы сақталған, сондай-ақ қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы анықталған жоқ. Смирнов ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген. Қызметкерлердің міндеттерінің қайталану фактілері жоқ. Смирнов ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлеріне еңбек демалысын беру бекітілген кестеге сәйкес және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мен Еңбек кодексіне қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие және білім беру 2025 жылғы шілде мен 2026 жылғы маусым аралығында жұмыс жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді: ауылдық округ ұйымдарының басшыларымен 10 кеңес өткізіліп, онда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері қаралды; ауылдық округ әкімі жанында 10 кеңес өткізіліп, мемлекеттік қызметтер көрсету, өтініштер, әдеп кодексін сақтау мәселелері қаралды; 10 құқықтық жалпы оқыту өткізілді, онда мемлекеттік қызметтер көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелер және әдеп кодексін сақтау мәселелері талқыланды. Құқықтық жалпы оқыту барысында тұрақты түрде облыс деңгейінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы туралы мәліметтер жеткізіліп отырады. Ауылдық округ мамандарына тұрақты негізде Қазақстан Республикасының келесі заңдарын зерделеу ұсынылады: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»; «Қоғамдық кеңестер туралы»; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары, телефондық әдеп), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі. Смирнов ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары қол қою арқылы арнайы мемлекеттік қорға сыйлықтарды тапсыру тетігі мен мерзімдерін, сыйлықты тұлғаның сатып алу тәртібін, сондай-ақ бас тартылған жағдайда оны сату тәртібін көздейтін Жадынамамен, телефондық әдеп ережелерімен және дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлау бойынша мемлекеттік қызметшінің іс-қимыл алгоритмімен таныстырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау Смирнов ауылдық округінің сайтында және «Айна» аудандық газетінде тоқсан сайын ауылдық округ әкімімен жеке қабылдау кестесі жеке және заңды тұлғалар өкілдері үшін жарияланып отырады. Қоғамдық және қолжетімді орындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы көрнекі ақпарат орналастырылған. Тексеріліп отырған кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында әкім аппаратының қызметіне қатысты жағымсыз пікірлер мен жарияланымдар анықталған жоқ. Коллизиялар, олқылықтар және дискриминациялық нормалар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет белгілері бар функциялар анықталған жоқ. Қорытынды «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің есепті кезеңдегі қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарына сәйкес деп танылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін көрсететін фактілер анықталған жоқ. Жұмыс тобы қолданыстағы ішкі бақылау шаралары ықтимал сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту үшін жеткілікті деп есептейді. Сондай-ақ «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіне жүргізілген ішкі мониторинг нәтижелері бойынша келесі ұсынымдар берілді: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жалпы оқытуларды тұрақты негізде өткізу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін дамыту бойынша жұмысты жалғастыру. Азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау кезінде қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып, заңдылықты қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы стендтер, бұқаралық ақпарат құралдары және ресми интернет-ресурстар арқылы уақтылы ақпараттандыру. Сонымен қатар WhatsApp мессенджері арқылы мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықты ақпараттандыру және қызмет алушылар арасында оларды танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу. Смирнов ауылдық округінің әкімі Капанова Б.Н. «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Штраух А.А. «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Каримова К.Ш. «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Дейнега О.Н. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Смирнов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының мүшесі Шуменова Л.Р. Моисеенко Н.А. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына1-қосымша Нысан Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдардың тізбесі «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі Ауылдық округ әкімі Басқарушылық шешімдер қабылдау Басқарушылық шешімдер қабылдау процестеріндегі тәуекелдер орташа Бас маман (бухгалтер) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, шарттар жасасу Жеткізушілердің мүдделерін қолдау, бәсекелестікті шектеу және мүдделер қақтығысы тәуекелдері төмен


