Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар

    Қарағанды облысы Абай ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты

    Қазақстан Республикасы
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
    іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
    жемқорлыққа қарсы қызмет)
    Төрағасының
    2022 жылғы «30» желтоқсан
    № 488 бұйрығымен бекітілген
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
    жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
    Астана, 2022
    МАЗМҰНЫ
    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР....................................................................................................................3
    2. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУГЕ
    ДАЙЫНДЫҚ.......................................................................................................................................3
    3. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ .................5
    3.1 Талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және қорыту.................................................................. 6
    3.2. Талдамалық анықтаманы дайындау және оған қол қою ............................................................... 18
    4. АНЫҚТАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАҒАЛАУ...............22
    5. Ұсынымдарды орындау мониторингі.................................................................................................... 25
    1-ҚОСЫМША...................................................................................................................................27
    2-ҚОСЫМША...................................................................................................................................29
    3-ҚОСЫМША...................................................................................................................................31
    4-ҚОСЫМША...................................................................................................................................36
    5-ҚОСЫМША...................................................................................................................................37
    6-ҚОСЫМША...................................................................................................................................38
    7-ҚОСЫМША...................................................................................................................................39

    3
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша
    әдістемелік ұсынымдар
    1. Жалпы ережелер
    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі
    әдістемелік ұсынымдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою
    кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор
    субъектілерінің сапаны, толықтықты және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге
    бағытталған қосалқы құрал болып табылады.
    2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде:
    1) Қазақстан Республикасының Конституциясын;
    2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды;
    3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік
    қағидаларын (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар);
    4) өзге де құқықтық актілерді басшылыққа алу қажет.
    3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды бір жылда бір реттен
    сиретпей жүргізу ұсынылады.
    Сыбайлас жемқорлықтың жүйелі көріністері орын алған жағдайда
    мемлекеттік орган, ұйым, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының
    шешімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Әдістемелік
    ұсынымдардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен бұрын
    жүргізілуі мүмкін.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган талдау
    объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау
    жүргізген жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ол
    аяқталған күннен бастап бір жыл өткен соң жүргізу ұсынылады.
    2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге
    дайындық
    4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге дайындық
    мыналарды айқындауды қамтиды: :
    1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің
    атауы;
    2) Үлгілік қағидалардың 11-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдерін ішкі талдау бағыттары;
    3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін құрылымдық
    бөлімшенің, лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) немесе жұмыс
    тобының дербес құрамының;
    4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылатын кезең;
    5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі;

    4
    6) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс
    нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелетін сыбайлас
    жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды адамы.
    5. Орталық мемлекеттік органның басшысы, әкім сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда,
    мемлекеттік органның бүкіл жүйесінде талдау объектілерін және олардың
    әрқайсысында оны жүргізудің нақты мерзімдерін көрсете отырып, тиісті график
    жасалуы мүмкін.
    6. Аумақтық бөлімшенің, мемлекеттік орган ведомствосының, жергілікті
    атқарушы органның басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
    жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, осындай шешім қабылдау туралы
    ақпарат, сондай-ақ талдау нәтижелері мемлекеттік органның орталық аппаратына
    немесе әкім аппаратына жіберіледі.
    7. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы еншілес және тәуелді
    ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
    шешім қабылдаған жағдайда, ұйымдарды және олардың әрқайсысында оны
    жүргізудің нақты мерзімдерін көрсете отырып, тиісті график жасалуы мүмкін.
    8. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің еншілес және тәуелді ұйымының
    басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім
    қабылдаған жағдайда, осындай шешім қабылдау туралы ақпарат, сондай-ақ
    талдау нәтижелері квазимемлекеттік сектор субъектісінің орталық аппаратына
    жіберіледі.
    9. Орталық мемлекеттік орган оның аумақтық бөлімшелерінің,
    ведомстволарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің және государственный органға
    бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
    талдау қорытындылары бойынша жұмысты үйлестіруді, ақпарат жинауды және
    қорытуды жүзеге асырады.
    Астана, Алматы және Шымкент қалалары және облыстар әкімдерінің
    аппараттары жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі сыбайлас
    жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ақпаратты
    үйлестіруді, жинауды және қорытуды жүзеге асырады.
    Құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын
    ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар олардың
    еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша жұмысты үйлестіруді,
    ақпаратты жинауды және қорытуды жүзеге асырады.
    10. Мемлекеттік органдарда уәкілетті адамды ұйымдастыру-басқару
    қызметінің функцияларын іске асырмайтын және мемлекеттік орган басшысына
    тікелей бағынысты қызметкерлер немесе бөлімшелер қатарынан айқындау
    ұсынылады.
    Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде уәкілетті тұлғаны сыбайлас
    жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын
    құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатарынан айқындау ұсынылады.

    5
    11. Талдау объектісі іске асыратын функциялардың санына және оның штат
    санына байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін
    жұмыс тобы құрылуы мүмкін.
    Жұмыс тобына талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелерінің неғұрлым
    тәжірибелі қызметкерлерін (салалық заңнаманы қолданудың, ұйымдастырубасқару қызметінің функцияларын іске асырудың практикалық тәжірибесі,
    сондай-ақ талдау қабілеттері бар), Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау
    субъектісі кезінде олар болған жағдайда Қоғамдық кеңес мүшелерін, сондай-ақ
    сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын
    және (немесе) сарапшыларын қосу ұсынылады.
    12. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды 30 жұмыс күнінен
    аспайтын мерзімде жүргізу ұсынылады.
    Қажет болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген
    мерзім сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісі басшысының
    бұйрығы негізінде 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
    Мемлекеттік орган, ұйым, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының
    шешімінде белгіленген мерзімдерді сақтау мақсатында, осы әдістемелік
    ұсынымдарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу
    ұсынылады.
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі
    іс-шаралар жоспарында жұмыс түрлері, оларды орындау мерзімдері және
    жауапты тұлғаларды айқындау көзделеді.
    13. Қажет болған жағдайда, уәкілетті адам және/немесе жұмыс тобының
    мүшелері салалық заңнаманы қолдану практикасын зерделеу және ұйымдастырубасқару қызметінің функцияларын іске асыру үшін талдау объектілері
    бөлімшелерінің орналасқан жерлеріне бара алады.
    3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
    14. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңдері:
    1) Үлгілік қағидалардың 11-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес талдау
    объектісі туралы ақпаратты жинау және талдау;
    2) Үлгілік қағидалардың 18, 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес
    талдамалық анықтама дайындау;
    3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды олардың
    тізбесін қалыптастыра отырып айқындау;
    4) Үлгілік қағидалардың 25-тармағына сәйкес бекітілген іс-шаралар
    жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар
    қабылдау.

    6
    3.1 Талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және қорыту
    15. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге арналған
    ақпарат көздері болып табылады:
    1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі
    құжаттар;
    2) талдау объектісінің қызметі туралы ведомстволық статистикалық
    есептілік;
    3) талдау объектісінің қызметі туралы мемлекеттік және құқық қорғау
    органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері;
    4) талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген
    тексерулердің нәтижелері;
    5) ішкі аудит қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
    6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;
    7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
    8) жеке және заңды тұлғалардың талдау объектісіне қатысты өтініштері;
    9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін талдау
    объектісінің қызметкерлерін анықтау және жауапкершілікке тарту туралы
    мәліметтер;
    10) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген сыртқы
    талдаудың нәтижелері;
    11) талдау объектісінің қызметшілеріне, қызметкерлеріне сауалнама
    (сұхбат) нәтижелері;
    12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұсынылуына тыйым
    салынбаған өзге де мәліметтер.
    Талдау объектісінің қызметі туралы ақпаратты, оның ішінде сыбайлас
    жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдындағы жылдағы есепті деректерді
    және құқықтық статистиканы жинау және қорыту үшін ұсынылады.
    Ақпарат көздері шынайы және өзекті болуға тиіс.
    Талдау объектісінің қызметі туралы есептерді талдау объектісінің оларды
    ұсынған құрылымдық бөлімшелері басшыларының қолдарымен куәландыру
    ұсынылады.
    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін талдау
    объектісінің лауазымды адамдарын жауапкершілікке тарту туралы мәліметтерді
    Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
    комитетінің, Жоғарғы Соттың Сот актілері банкінің деректерінен алу ұсынылады.
    16. Уәкілетті тұлға мен жұмыс тобының мүшелеріне ашық қолжетімді
    болмайтын ақпарат көздерін жинауды және ұсынуды талдау объектісінің осы
    ақпаратты иеленетін құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
    Қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан құрылған мемлекеттік органның,
    ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас
    жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бұрын жұмыс істеген
    мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметі
    туралы, оларға берілген функциялар бөлігінде ақпарат жинауды жүзеге асыру
    қажет.

    7
    17. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және ұсынымдар әзірлеу
    үшін талдаудың әртүрлі әдістері, оның ішінде талдау объектісіндегі ақпаратты
    жинау және зерделеу, талдау объектісі қызметкерлерінің және өзге де
    сарапшылардың тәжірибесі мен танымдарын пайдалану, ұқсас немесе сабақтас
    салаларда, ұйымдарда, бизнес-процестерде, жобаларда сыбайлас жемқорлыққа
    қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибені жинау және қорыту, сценарийлерді талдау
    және т. б. қолданылуы мүмкін.

    Әдіс Ықтимал ақпарат көздері
    Талдау объектісінде бар
    ақпаратты жинау және зерделеу
    Мынадай факторларды ескере
    отырып:
    -
    бүгінгі күні талдау
    объектісіндегі сыбайлас
    жемқорлық деңгейі қандай?
    - қандай бақылау, алдын алу
    тетіктері немесе оқыту
    бағдарламалары бар?
    - олар қаншалықты тиімді?
    - қойылған талаптар тиісті
    түрде орындала ма?
    Ішкі және сыртқы тексерулердің,
    тергеулер мен аудиттердің нәтижелері
    Талдау объектісі қызметкерлерінің іс
    әрекеттеріне қатысты сот органдарының
    шешімдері, қылмыстық істер
    фабулалары
    Талдау объектісінің жұмыскерлеріне
    қатысты тәртіптік және өзге де шаралар
    Талдау объектісі жұмыскерлерінің іс
    әрекеттеріне шағымдар және өзге де кері
    байланыс
    БАҚ-тағы жарияланымдар
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
    бақылаудың қолданыстағы тетіктерін
    реттейтін құқықтық актілер және өзге де
    құжаттар
    Басқа да ақпарат
    Талдау объектісі
    жұмыскерлерінің және өзге де
    сарапшылардың тәжірибесі мен
    танымдарын пайдалану
    Әңгімелесу, сұхбат
    Сұрастырулар, сауалнама
    Фокус-топтардағы талқылаулар
    Ұқсас немесе сабақтас салаларда,
    ұйымдарда, бизнес-процестерде,
    жобаларда сыбайлас
    жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
    бойынша тәжірибе ақпаратын
    жинау және қорыту
    Ашық қолжетімді есептер
    Интернет-ресурсты зерделеу, тікелей
    консультациялар
    Зерттеулер, есептер
    «Ал егер» талдау немесе белгілі
    бір тәуекелдер туындаған кезде
    Миға шабуыл
    Фокус-топтардағы талқылаулар


    8

    ықтимал сценарийлерді
    талқылаудың басқа әдісі
    Талдау объектісі қызметінің жекелеген
    бағыттары бойынша мамандандырылған
    жұмыс топтарын қалыптастыру
    Жағдайды үлгілеу Бизнес-процестерде «осал жерлерді»
    және ақпараттық жүйелердің
    техникалық кемшіліктерін анықтау
    үшін, мемлекеттік көрсетілетін
    қызметтер не халықпен байланысумен
    байланысты функцияларды орындау
    рәсімдерін практикалық сынап
    байқаудан өткізу

    18. Осы бағыт бойынша жұмыстың толықтығы мен жүйелілігін қамтамасыз
    ету мақсатында, бастапқы кезеңде талдау объектісінің қызметін реттейтін
    құқықтық актілер мен ішкі құжаттар тізбесін қалыптастыру ұсынылады.
    Талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар
    оларда сыбайлас жемқорлық сипатындағы нормалардың болуы тұрғысынан
    тексеріледі.
    Сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан құқықтық нормалары заң
    техникасының қағидаларына сәйкес келуі және оларды бұзуы мүмкін
    (нормалардың ақаулары).
    19. Құқықтық актілер мен ішкі құжаттардың басқа құқықтық актілермен
    және ішкі құжаттармен өзара байланыста зерделенеді.
    20. Нормалардың сыбайлас жемқорлыққа ұшырағыгндығын бағалау оларды
    қолдану кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің ықтималдығы тұрғысынан
    жүргізіледі.
    21. Бағалау жүргізу үшін мынадай барынша типтік сыбайлас жемқорлық
    факторлары қолданылады.
    Құқықтық олқылық– құқықтық актіде немесе ішкі құжатта қандай да бір
    мәселені құқықтық реттеудің болмауы.
    Реттеудегі құқықтық олқылықтың болу индикаторлары:
    1) лауазымды тұлғаның және/немесе талдау объектісінің құзыретін
    регламенттейтін ережелердің болмауы, бұл заңсыз пайда алу мақсатында
    өкілеттіктерді өз бетінше айқындау мүмкіндігін тудырады;
    2) әкімшілік рәсімнің жүргізілу барысына азаматтың немесе ұйымның
    ықпалын қамтамасыз ететін процестік тәртіп реттелмеген;
    3) әкімшілік рәсімдерді жүргізу мерзімдері жоқ;
    4) құқықтық акт немесе ішкі құжат талдау объектісінің лауазымды
    адамының шешім қабылдауының толық негіздері мен тәртібін белгілемейді;

    9
    5) талаптардың сақталмағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін
    ережелердің болмауы, бұл олардың декларативті сипатына және іс жүзінде
    қолданудың мүмкін еместігіне алып келеді.
    Құқықтық актілер мен ішкі құжаттар ережелерінің қайшылығы–
    белгілі бір не сабақтас құқықтық қатынастарды реттейтін жекелеген құқықтық
    актілер, ішкі құжаттар арасындағы алшақтықтар немесе қайшылықтар, сондай-ақ
    құқық қолдану қызметі және объект лауазымды адамдарының өз өкілеттіктерін
    талдауын жүзеге асыру процесінде туындайтын қайшылықтар.
    Бір деңгейлі нормативтік құқықтық актілер арасында, әртүрлі деңгейдегі
    актілер арасында, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың әртүрлі салаларын
    реттейтін актілер арасында қайшылықтар болуы мүмкін.
    Құқықтық актілер немесе ішкі құжаттар ережелерінің қайшылықты
    индикаторлары:
    1) заңда немесе ішкі құжатта белгіленген басым норманы таңдау
    қағидаларының болмауы;
    2) басым норманы таңдау жауапкершілігі талдау объектісінің лауазымды
    адамына жүктеледі;
    3) қатаң рәсімделген заңды жауапкершіліктен жалтару мүмкіндігі.
    Құқықтық - лингвистикалық белгісіздік–заң техникасының логикалық
    және лингвистикалық ережелерін сақтамаудан туындаған толық сипатталмаған
    терминдерді, ұғымдарды, сөз тіркестерін немесе мағыналық (мазмұндық)
    сипаттағы тұжырымдарды қолдану.
    Құқықтық-лингвистикалық белгісіздік индикаторлары:
    1) түсініксіз немесе қос мағынасы бар және осылайша заңсыз түсіндіруге
    жол беретін ережедегі тұжырым;
    2) бірдей құбылыстарды әртүрлі терминдермен белгілеу;
    3) заңнамада пайдаланылмайтын, жоба мәтінінде тікелей
    анықталмаған/түсіндірілмеген және оларға бірыңғай және біркелкі мағына
    беретін кең, кеңінен пайдаланылмайтын терминдерді пайдалану.
    Дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі –лауазымды тұлғаның
    және/немесе талдау объектісінің өкілеттігі, оның мазмұнынан осы өкілеттіктің
    шектерін анықтау мүмкін емес.
    Кең дискрециялық өкілеттіктердің болу индикаторлары:
    1) лауазымды адамдардың шешімдер қабылдауы немесе өзге де әкімшілік
    рәсімдерді орындауы үшін негіздердің болмауы немесе белгісіздігі;
    2) лауазымды тұлғаның және/немесе талдау объектісінің шешімдердің
    бірнеше түрін қабылдау не шешім қабылдаудан бас тарту мүмкіндігі;
    3) қабылданатын басқарушылық шешімді ынталандыру міндетінің
    болмауы;
    4) шешім қабылдаудың белгілі бір мерзімдерінің болмауы, олардың кең
    ауқымы не мұндай мерзімнің болмауы;
    5) лауазымды тұлғаның және/немесе талдау объектісінің белгіленген
    мерзімді уәжді негіздерсіз ұзарту немесе қысқарту мүмкіндігі;

    10
    6) лауазымды тұлғаның және/немесе талдау объектісінің өз қалауы
    бойынша жеке және заңды тұлғалармен құқықтық қатынастардың туындауына,
    олардың тиісті уәждемесіз өзгеруіне немесе тоқтатылуына бастамашылық жасау
    мүмкіндігі;
    7) лауазымды тұлғалардың және/немесе талдау объектілерінің
    өкілеттіктерін қайталау;
    8) өз қалауы бойынша заңнаманы орындамағаны үшін жауаптылықтың түрі
    мен мөлшерін айқындау мүмкіндігі;
    9) лауазымды тұлғаның және/немесе объектінің құзыреті шеңберінде шешім
    қабылдау (мысалға, мемлекеттік қызметтер көрсету) үшін тізбеде көзделмеген
    қосымша құжаттарды сұрату мүмкіндігі.
    Лауазымды адамдар міндетемелерінің орнына құқықты белгілеу -
    лауазымды адамдардың азаматтар мен ұйымдарға қатысты іс-әрекеттер жасау
    мүмкіндігін диспозитивті белгілеу.
    Міндеттеменің орнына құқықты белгілеу индикаторлары:
    1) «құқылы», «мүмкін» тұжырымдамаларын пайдалану;
    2) лауазымды адамдардың өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауы үшін
    заңды негіздердің болуы;
    3) органның (лауазымды адамның) бірдей негіздер болған кезде,
    шешімдердің бірнеше түрін қабылдау мүмкіндігі.
    Адамға тиесілі құқықты іске асыру үшін, оған қойылатын жоғары
    талаптар –
    адамға тиесілі құқықты іске асыру үшін қойылатын, ақылға қонымды
    (қажетті) талаптар деңгейінен асатын және/немесе қойылуы заңнама
    нормаларымен негізделмеген талаптар. Әдетте, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелі
    тіркеу, рұқсат беру және хабарлама жасау құқықтық қатынастарын, конкурстық
    рәсімдерді, азаматтар мен ұйымдарға санкциялар мен өзге де ықпал ету
    шараларын, оның ішінде құқықтарды шектеуге, айыруға, тоқтата тұруға
    байланысты шараларды қолдану кезінде байқалады;
    Адамға өзіне тиесілі құқықты іске асыру үшін қойылатын талаптарды
    жоғарылату индикаторлары:
    1) жеке және заңды тұлғаларға субъективті құқықтары мен бостандықтарын
    іске асыру кезінде заңмен негізделмеген қосымша міндеттемелерді жүктеу;
    2) сақталуы Қазақстан Республикасының Конституциясында және
    заңдарында бекітілген құқықтар мен бостандықтарды шектейтін ауыртпалықты
    тыйым салулар мен шектеулерді белгілеу;
    3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін
    және/немесе оларды ұсыну заңнама нормаларымен негізделмеген өзге де
    талаптарды белгілеу;
    4) азаматтар мен ұйымдарға қойылатын белгіленбеген, орындалуы қиын
    талаптарды белгілеу болып табылады.
    Артық әкімшілік кедергілердің болуы– орындалуы жеке және заңды
    тұлғалардың өз құқықтарын іске асыруы үшін қажет талаптарды белгілеу, олардан
    лауазымды тұлғалардың құқықты іске асырудан бас тарту, қызметті тоқтата тұру
    немесе жою не жауапкершілікке тарту өкілеттіктері туындайды.

    11
    Әкімшілік кедергілердің индикаторлары:
    1) жеке және заңды тұлғаларға талдау объектісінде көрсетілген
    мәліметтердің болуына байланысты талап ету орынсыз құжаттарды, ақпаратты
    және басқа да деректерді ұсыну міндеттемесін жүктеу не талдау объектісі осы
    мәліметтерді қажетті көздерден дербес талап етуге уәкілеті;
    2) иемденіп алынған құқыққа сәйкес келмейтін белгілерге (кәсіптік,
    мүліктік, әлеуметтік) сәйкес келу міндеті;
    3) оларды дереу ұсыну мүмкіндігі болған кезде, мемлекеттік көрсетілетін
    қызметтерді ұсынудың ұзақ мерзімдері (мысалға, егер талдау объектісінде
    автоматтандырылған ақпараттық жүйелер пайдаланылса);
    4) егер мұндай тәртіп халықаралық актілерде не көрсетілген құжаттарды
    жіберу көзделетін басқа мемлекеттің заңнамасында көзделмесе, азаматтарға
    құжаттарды олар жүгінген мемлекеттік органда олардың түпнұсқалары мен
    көшірмелерін салыстыру мүмкіндігі болған кезде, оларды басқа мемлекеттік
    органдарда нотариалды куәландыру және апостиль қою міндетін жүктеу;
    5) белгілі бір қызмет түрімен айналысуға үміткер азаматтың нормативтік
    белгіленген біліктілік талаптарына (тиісті кәсіптік тәжірибесінің, біліктілігінің,
    еңбек өтілінің және т. б. болуы) сәйкестігіне қарамастан, олардың емтихандардан,
    тестілеуден, әңгімелесуден және т. б. өту қажеттілігін белгілеу жатады.

    Функцияларды,
    тиісінше айқындамау
    міндеттемелерді, құқықтар мен жауапкершілікті

    Функцияларды, міндеттерді, құқықтар мен жауапкершілікті тиісінше
    айқындамау индикаторлары:
    1) құқықтық актінің немесе ішкі құжаттың мазмұнынан шешім қабылдауға
    жауапты лауазымды адамды анықтаудың мүмкін еместігі;
    2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың туындауына жол бермеуге
    мүмкіндік беретін шектеулер мен тыйымдар жоқ (мысалға, шешім қабылдауды
    басқа лауазымды адамға беруге, белгілі болған мәліметтерді жария етуге және т.
    б. тыйым салу);
    3) лауазымдық міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше
    орындамағаны үшін дербес жауаптылықтың белгіленбеуі;
    4) лауазымды адамдардың міндеттемелері мен өкілеттіктерін орындауын
    бақылау рәсімі айқындалмаған.
    Барынша типтік сыбайлас жемқорлық факторларының тізбесі толық болып
    табылмайды.
    22. Ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
    анықтау үшін, қолданыстағы жұмыс процестерін оларда сыбайлас жемқорлық
    құқық бұзушылықтар жасау үшін себептер мен жағдайлар болу тұрғысынан
    тексеру қажет.
    23. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі
    мынадай мәселелерді қамтиды:
    1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
    шалдыққан лауазымдарды айқындау;
    2) мүдделер қақтығысын реттеу;

    12
    3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
    4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
    5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
    6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
    7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
    8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
    9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен
    туындайтын өзге де мәселелер.
    24. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдерінің бар болуын бағалау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің
    (көріністерінің) неғұрлым типтік индикаторларының тізбесін қолдана отырып
    жүргізіледі.
    Персоналды басқарубағыты бойынша сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдерінің индикаторлары:
    1) лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі мәселелерінің реттелмеуі;
    2) конкурстық іріктеуді өткізбей лауазымға тағайындау;
    3) конкурстық іріктеуді ресми жүргізу, біліктілік талаптарына сәйкес
    келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау;
    4) бос жұмыс орнының болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар
    тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген адамдар туралы ақпаратты
    орналастырмауы, уақтылы және / немесе толық орналастырмауы;
    5) іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерінің болмауы (бос орын туралы
    хабарландыруды орналастыру, құжаттарды қабылдау, әңгімелесу, тестілеу және
    т. б.);
    6) әңгімелесу және тестілеу өткізу үшін мәселелерді қалыптастыру және
    қорғау тетігінің болмауы;
    7) кандидаттар үшін тең емес жағдайлар жасау;
    8) кандидаттарды жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайтын
    адамдарда мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі шараларды қамтамасыз етпеу;
    9) қызметкерлерді конкурстық іріктеу жүргізбей лауазымына көтеру, өзге
    де лауазымдарға ауыстыру;
    10) талдау объектісі қызметкерлерінің жалақысы, көтермелеулері туралы
    ақпараттың жабықтығы;
    11) алынбаған тәртіптік жазалар болған кезде қызметкерлерді көтермелеу;
    12) мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалардың үлкен үлес салмағы;
    13) жұмыс нәтижелеріне қарамастан, қызметкерлерді талдау объектісінің
    лауазымды адамдарының қалауы бойынша көтермелеу;
    14) тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау;
    15) заңнаманы бұзған немесе оған жол берген, жеке немесе заңды
    тұлғалардың құқықтарын бұзған немесе шектеген адамдарға тәртіптік сипаттағы
    шараларды қолданбау және т. б.
    М
    үдделер қақтығысын реттеубағыты бойынша сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдерінің индикаторлары:

    13
    1) мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі рәсімдерді реттейтін құжаттың
    (саясаттың) болмауы;
    2) мүдделер қақтығысын мониторингтеу және реттеу жөніндегі
    функциялар жүктелген тұлғаның болмауы;
    3) мүдделер қақтығысының мониторингі және оны реттеу бойынша
    шаралар қолданбау;
    4) бір жағынан әкімшілік регламенттер, лауазымдық нұсқаулықтар және
    екінші жағынан жоспарлы көрсеткіштер арасында қайшылықтардың болуы;
    5) реттеуші және бақылау функциялары арасындағы қайшылықтардың
    болуы;
    6) талдау объектісі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттемелерін
    орындау кезіндегі мүдделер қақтығысы фактілері;
    7) алқалы органдардың қызметін реттейтін құжаттарда мүдделер
    қақтығысын реттеу жөніндегі талаптардың болмауы болып табылады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсетубағыты бойынша сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдерінің индикаторлары
    :
    1) мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестерінің белгіленген
    талаптарға сәйкес келмеуі, оның ішінде қызметтер көрсету мерзімдерін бұзудың,
    құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі фактілері,
    қызметтер көрсету рәсімдері тәртібін бұзу фактілері;
    2) мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген талаптардың
    жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің нормаларына қайшылықтары;
    3) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын, белгіленген
    тәртіпті бұзуға әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі;
    4) ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде мемлекеттік қызмет көрсету
    процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі;
    5) құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін
    тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы беру;
    6) жаңа құқықтық актіні бекітпей-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету
    жөніндегі қағидаларды жоюға қою;
    7) мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін құқықтық актіні тым ұзақ
    қабылдау;
    8) «жасырын» мемлекеттік қызметтер көрсету, «Жеке және заңды
    тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңда белгіленген тәртіппен
    рұқсат беру құжаттарын немесе келісулерді беру.
    Рұқсат беру функцияларыніске асыру мемлекеттік көрсетілетін
    қызметтер тізіліміне енгізілмеген рұқсат беру құжаттарын беруді, сараптамалар
    жүргізуді, құқық беруді, тіркеуді, келісуді қамтиды.
    Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша сыбайлас
    жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары:
    1) рұқсат беру функцияларын іске асыру тәртібінің болмауы немесе ішінара
    реттелуі (қажетті құжаттар, көрсету нысаны, мерзімдері, нәтижесі, бас тарту
    негіздері және т.б.);

    14
    2) рұқсат беру функцияларын іске асырудың нақты рәсімдерінің құқықтық
    актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
    3) рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде пайдаланылатын,
    белгіленген тәртіпті бұзуға әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс
    істемеуі;
    4) ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде рұқсат беру функциялары
    процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі;
    5) жеке және заңды тұлғалармен тікелей байланыс болып табылады.
    Бақылау-тексеру функцияларын іске асырубағыты бойынша сыбайлас
    жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары:
    1) бақылау іс-шараларын жүргізу мерзімдерін бұзудың жүйелі фактілері;
    2) тізбесі құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі
    фактілері;
    3) бақылау іс-шараларын жүргізу рәсімдерін бұзудың жүйелі фактілері;
    4) бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде пайдаланылатын, белгіленген
    тәртіпті бұзуға әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі;
    5) ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде бақылау іс-шараларының
    процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі;
    6) тексеру іс-шараларын жүргізу мерзімдерінің, қамтылатын кезеңнің,
    бақылау іс-шараларын жүргізуге уәкілетті адамдардың өкілеттіктерінің, бақылау
    объектілерін іріктеу критерийлерінің, тексеру іс-шараларының нәтижелері
    бойынша шешім қабылдаудың, бақылау іс-шараларын тоқтата тұру немесе ұзарту
    рәсімдерінің болмауы не ішінара реттелуі;
    7) бақылау объектілерін іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесінің
    болмауы;
    8) фото және бейне тіркеу бойынша қойылатын талаптардың болмауы;
    9) тексеру парағы талаптарының негізсіздігі;
    10) жоғары тұрған органның тапсырмалары негізінде бақылау
    іс-шараларын жүргізу;
    11) бланкілер мен нұсқамаларды белгіленбеген орындарда сақтау;
    12) бланкілер мен ұйғарымдарды есепке алуды жүргізуге жауапты
    адамдардың болмауы;
    13) ведомстволық актілермен бланкілерді есепке алу бойынша тиісті
    регламенттеудің болмауы;
    14) өңірлер, бұзушылықтар түрлері, қолданылатын санкциялар бөлінісінде
    бақылау іс-шараларын талдау бойынша жұмыстың болмауы немесе
    жеткіліксіздігі;
    15) практикада проблемаларды анықтау және оларды жою жөнінде
    ұсыныстар әзірлеу жөніндегі шаралардың болмауы;
    16) құқықтық статистика органдарымен салыстыру жүргізбеу;
    17) мемлекеттік органның орталық аппараты, мемлекеттік сыңайлы сектор
    субъектісі тарапынан әдістемелік ұсынымдар, нұсқаулықтар, нұсқаулар жіберу,
    өзге де түсіндіру және оқыту іс-шараларын жүргізу және т.б. арқылы әдіснамалық
    сүйемелдеудің болмауы;

    15
    18) аумақтық департаменттердің, еншілес және тәуелді ұйымдардың
    бақылау іс-шараларын жүргізуінің бірыңғай тәжірибесінің болмауы;
    19) бақылау іс-шараларын жүргізген тұлғалардың бақылау объектілерінің
    өкілдерімен үлестес болу фактілері болып табылады.
    Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлубағыты бойынша
    сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары:
    1) бюджетті бекітетін немесе қаржы қаражатын игеру бойынша шешім
    қабылдайтын алқалы органның болмауы;
    2) алқалы органның қызметін регламенттейтін құжаттың, оның ішінде
    мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі ережелердің, алқалы орган мүшелерінің
    дербес жауапкершілігінің болмауы;
    3) есептілік түрлерінің, мониторинг тетіктерінің, бюджет және қаржы
    қаражатын игеру мен бөлу рәсімдеріне ішкі және сыртқы бақылаудың болмауы
    немесе нашар пысықталуы;
    4) бюджет және қаржы қаражатын игеру бойынша есептілік түрлерінің
    болмауы немесе нашар пысықталуы;
    5) тәуекелдерді басқару жүйесінің болмауы;
    6) талдау объектісінің бюджет және қаржы қаражатының елеулі
    сомаларымен операция жасау кезінде ішкі аудит, ішкі бақылау жөніндегі
    функцияларды орындайтын бөлімшелердің болмауы;
    7) алдыңғы 2 жылда талдау объектісі бюджет және қаржы қаражатының
    елеулі сомаларымен операция жүргізген кезде аудит, ревизия және қаржылық
    бақылаудың өзге де шаралары жөніндегі іс-шаралардың болмауы;
    8) бюджет және қаржы қаражатын жұмсаудың ашық еместігі, оның ішінде
    «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 6-бабы 9-тармағының сақталмауы;
    9) сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің саны мен
    көлемінің олардың нақты қажеттілігіне (заттай нормаларға) сәйкес келмеуі;
    10) тауар бірлігіне белгіленген бағаның негізсіз болуы;
    11) тауарлардың жоспарланған құнының нарықтық құнына сәйкес келмеуі;
    12) сатып алу жоспарының мемлекеттік сатып алу порталында уақтылы
    орналастырылмауы;
    13) сатып алуды бәсекелес өнім берушіге қатысты техникалық
    ерекшеліктерде «ұштау» деп аталатын сипаттамалардың болуы;
    14) мемлекеттік аудит органдары тарапынан камералдық бақылау
    нәтижелері бойынша сатып алуды қайта қарау немесе күшін жою фактілерінің
    болуы;
    15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын тексеру кезінде
    бұзушылықтарды анықтау фактілерінің бар болуы;
    16) жабдықтаушының тауарды жеткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету
    шартынан туындайтын міндеттемелерді уақтылы және сапалы орындауы;
    17) жеткізу шартының талаптарын тиісінше орындамаған
    жабдықтаушыларға қатысты ден қою шараларын уақтылы мен толықтай
    қабылдауы;

    16
    18) банктердің ағымдағы шоттарында уақытша бос ақша қаражатын
    орналастыру тәртібін, мониторингтің, бақылаудың тиісті шараларын және
    уәкілетті адамдардың дербес жауапкершілігін регламенттейтін бекітілген
    құжаттың болмауы болып табылады.
    Салықтарды және өзге де төлемдерді жинаубағыты бойынша сыбайлас
    жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары:
    1) салықтарды және өзге де төлемдер мен алымдарды жинау жөніндегі
    қызметке байланысты әкімшілік рәсімдердің реттелмеуі;
    2) талдау объектісі өкілдерінің және салықтар мен өзге де төлемдерді
    төлеушілердің жеке байланысы;
    3) салықтарды төлеу және өзге де төлемдер бойынша міндеттемелерді
    орындау рәсімдерінің күрделілігі;
    4) салықтарды және өзге де төлемдерді жинау кезінде пайдаланылатын
    ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі;
    5) есептелген және нақты өндіріп алынған салықтардың, алымдар мен
    төлемдердің үлесі;
    6) есептілік нысандарының және оған қоғамның және үкіметтік емес,
    қоғамдық ұйымдардың қол жеткізуінің болмауы болып табылады.
    Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасубағыты бойынша
    сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары:
    1) шарттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелердің болмауы;
    2) осындай немесе неғұрлым тиімді талаптары бар өзге ұйымдардан
    ұсыныстар болған кезде, бір ұйымдармен шарттарды бірнеше рет жасасу;
    3) үлестес компаниялардың болуы, контрагенттің өзіне тән емес және
    әртүрлі бейінді жұмыстарды орындауы;
    4) контрагентке айыппұл санкцияларының болмауы не азайтылуы;
    5) шарттық міндеттемелер бұзылған жағдайда санкциялар қолданбау;
    6) шартты орындау кезеңінде талаптарды елеулі түрде түзету;
    7) шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін контрагентке талап-арызды
    уақтылы бермеуі;
    8) контрагенттер шарттық міндеттемелерді бұзған кезде шағымдардан
    немесе сот талқылауларынан негізсіз бас тарту болып табылады;
    9) наразылық-талап қою жұмысын жүргізу тәртібін реттейтін актілердің
    болмауы;
    10) мүдделер қақтығысын және қосылуды болдырмау мақсатында,
    контрагенттерді зерделеу жөніндегі жұмыс тетіктерінің болмауы болып
    табылады.
    Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыты бойынша
    сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары:
    1) жобаны қосарланған қаржыландыру;
    2) IT-саланың дамуына әсер етпейтін жобаларды қаржыландыру;
    3) қаржыландыруға қажетті іс-шаралардың нақты тізбесінің болмауы;

    17
    4) қызметтер құнының негізділігін тексеру тетігінің болмауы, нарықта ITөнімнің түпкілікті құнын жасанды түрде көтеруге ықпал ететін осындай
    әзірлемелердің болуы;
    5) зияткерлік меншік объектісі ретінде шартты тікелей жасасу арқылы бір
    көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу арқылы сатып алу;
    6) әлеуетті жабдықтаушылар ретінде конкурсқа үлестес ұйымдар қатысқан
    кезде жасанды бәсекелестік;
    7) ақпараттық жүйелердің қайталануы;
    8) ақпараттық жүйелердің ашықтығы;
    9) талап етілмеген ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалануға
    енгізілмеген ақпараттық жүйелерді пайдалану;
    10) ақпараттық жүйелер аудитінің болмауы.
    Талдау объектісінің
    ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен
    туындайтын өзге де мәселелерге
    сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
    жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ талдау объектісі қызметінің оның
    жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылына байланысты мынадай бағыттары
    жатады:
    1) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу, оның ішінде
    субсидиялар, гранттар, сыйақылар, демеушілік көмек төлеу, тауарлар мен
    көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу және сатып алу;
    2) салықтар мен өзге де төлемдерді жинау;
    3) шарттар жасасу;
    4) қызметтің ашықтығы мен жариялылығы.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі жұмысты
    ұйымдастыру
    бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің
    индикаторлары:
    1) құзыретіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
    функциялар кіретін адамның немесе бөлімшенің болмауы;
    2) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының,
    сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі саясаттың болмауы;
    3) объектінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
    мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шараларын жүргізбеу немесе
    жеткіліксіз жүргізу;
    4) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, талдау
    объектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қолданыстағы
    талаптары туралы білімдерін тексеру жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу;
    5) талдау объектісі жұмыскерлерінің мемлекеттік функцияларды
    орындауға уәкілеттік берілген, оларға теңестірілген тұлғалар болып табылатын
    сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы, толық немесе уақтылы
    қабылдамауы;
    6) талдау объектісі жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
    шектеулерді сақтамау фактілері;
    7) талдау объектісінің жұмыскерлерін сыбайлас жемқорлық құқық
    бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері;

    18
    8) жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау
    тәсілдері мен арналарының (оның ішінде анонимді) болмауы;
    9) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды заңсыз
    жазалаудан, жұмыстан шығарудан немесе қысым көрсетудің өзге де шараларынан
    қорғаудың құқықтық тетіктерінің болмауы;
    10) талдау объектісінің қызметкерлеріне қатысты жеке және заңды
    тұлғалардың, оның ішінде БАҚ-та сыбайлас жемқорлық сипаттағы заңсыз ісәрекеттер туралы көптеген шағымдарының болуы.
    Қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етубағыты
    бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары:
    1) қоғамдық мүддені білдіретін объектінің қызметі туралы ақпаратты:
    сатып алу жоспарларын, бюджет және қаржы қаражатын игеруді, бақылау ісшараларын өткізу жоспарларын, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл
    жөніндегі функцияларды реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды толық
    және уақтылы жарияламау;
    2) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның және «Мемлекеттік
    органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және
    олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Инвестициялар және
    даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 116
    бұйрығының талаптарын сақтау.
    3) қоғамдық мүддені білдіретін мәселелер бойынша: бюджет қаражатын,
    жылжымайтын мүлікті, жер учаскелерін бөлу, объектілерді пайдалануға қабылдау
    және т. б. шешімдер қабылдау рәсімдеріне жұртшылық өкілдерін тартпау:
    Ұйымдық-басқару қызметіндегі жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдерінің тізбесі және олардың индикаторлары толық болып табылмайды.
    3.2. Талдамалық анықтаманы дайындау және оған қол қою
    25. Уәкілетті тұлға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі
    жұмыс мерзімі аяқталғаннан кейін осы Әдістемелік ұсынымдардың
    2–қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдері туралы ақпаратты және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
    жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды
    (бұдан әрі - ұсынымдар) қамтитын талдамалық анықтама жасайды.
    26. Аналитикалық анықтаманың мәтіні нақты, қысқа және сонымен бірге
    түсінікті, ал ұсынылған материал сенімді және өзекті болуы керек.
    Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ескертулер мен
    қорытындылар оның атауы және саралау белгісінің (белгілерінің) қысқаша
    сипаттамасы көрсетіле отырып, нақты және заттық сипатта болуға тиіс.
    27. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі
    ұсынымдар заңды, тиімді, орындалатын және талдау объектісінің қызметінде
    сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмауға бағытталған болуы тиіс.
    Ұсынымдарда қалаулы нәтижеге қол жеткізу үшін, сыбайлас жемқорлыққа
    қарсы шараларды іске асырудың ең жақсы және барынша ұтымды тәсілдері
    (құралдары) көрсетілуге тиіс.

    19
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың ең типтік шаралары:
    құқықтық актілерді немесе ішкі құжаттарды әзірлеу және қабылдау,
    оларға сыбайлас жемқорлық факторларын жоюға бағытталған өзгерістер мен
    толықтырулар енгізу;
    лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін нақтылау;
    объектінің қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
    әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және автоматтандыру;
    рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде талдау объектісінің
    лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалармен жеке байланысын
    болдырмау;
    өкілеттіктерді қайта бөлу, құрылымын өзгерту, құрылымдық
    бөлімшелерді біріктіру немесе тарату, штат санын оңтайландыру, артық басқару
    бөліктерін жою;
    әкімшілік шығындарды қысқарту;
    ақпараттық жүйені әзірлеу не қолданыстағы жүйені дамыту, сондай-ақ
    оны басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларымен
    интеграциялау болып табылады.
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі жоғарыда аталған
    шаралар тізбесі толық болып табылмайды.
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және азайту өзге мемлекеттік
    органдар, ұйымдар, мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілері тарапынан шаралар
    қабылдауды көздеген жағдайда оларға тиісті хаттар жіберу, бірлескен іс-шаралар
    өткізу және т.б. ұсынылады.
    Сондай-ақ көрсетілген жағдайларда проблемалық мәселелерді жоғары
    тұрған деңгейде қарауға бастамашылық ету мақсатында, орталық мемлекеттік
    органдарға Үкіметке мен Президент Әкімшілігіне хаттар жолдау ұсынылады.
    28. Талдамалық анықтамаға:
    1) талдау кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелері (сот
    шешімдері, хаттамалар, тексеру актілері және т.б.);
    2) тәуекелдер картасы;
    3) интернет-беттердің скриншоттары;
    4) слайдтар, инфографика және өзге де көрнекі материалдарды қоса тіркеу
    ұсынылады.
    29. Уәкілетті адам талдамалық анықтаманы жұмыс тобы мүшелерінің
    қарауына жібереді.
    Жұмыс тобының мүшелері талдамалық анықтаманы мынадай мақсаттарда
    қарайды:
    - оны толықтыру бойынша ұсыныстар енгізу;
    - анықтамада келтірілген қорытындылар мен ұсынымдар бойынша
    нақтылаулар, тиісті негіздемелерді қоса бере отырып, қате деректер мен
    мәліметтерге түзетулер енгізу.
    Жұмыс тобының мүшелері талдамалық анықтаманы пысықтау жөнінде
    ұсыныстар мен негіздемелер енгізген жағдайда уәкілетті тұлға оларды анықталған

    20
    сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін негізділік, практикаға бағдарлану
    және жеткіліктілік тұрғысынан қарайды.
    Қажет болған кезде талдамалық анықтаманы, оны пысықтау жөніндегі
    ұсыныстар мен негіздемелерді талқылау үшін уәкілетті адам жұмыс тобы
    мүшелерінің қатысуымен мәжіліс ұйымдастыра алады.
    Уәкілетті тұлға жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстарын қарау
    қорытындылары бойынша қалыптастырылған талдау анықтамасын басшылық,
    үйлестіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және
    жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік жүктелетін лауазымды тұлғаға қол қоюға
    жібереді.
    30. Талдамалық анықтамаға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау
    субъектісінің басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау аяқталған
    күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
    31. Талдамалық анықтама және іс-шаралар жоспары ол бекітілген күннен
    бастап 3 жұмыс күні ішінде құпиялылық режимін қамтамасыз етуді, қызметтік,
    коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де
    құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын ескере отырып, сыбайлас
    жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсында
    орналастырылады.
    3.3 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың
    тізбесін қалыптастыра отырып айқындау
    32. Уәкілетті тұлға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан
    лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар
    мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
    Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге
    асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары
    сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды
    функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
    ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
    Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
    ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас
    жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
    33. Іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың туындауы үшін
    алғышарттар болатын функцияларды бөлу жолымен мемлекеттік органның,
    ұйымның және квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыбайлас жемқорлық
    функцияларының тізімі жасалады.
    34. Сыбайлас жемқорлық функцияларына бақылау және қадағалау,
    мемлекеттік мүлікті басқару, мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат беру
    функцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ персоналды іріктеу және басқару
    жатқызылуы мүмкін:
    - бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар деп бақылау және
    қадағалау субъектілерінің заңнама талаптарын (инспекция, ревизия, тексеру)

    21
    сақтауын тексеру, алдын алу және қадағалау жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге
    асыру түсініледі;
    - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функциялар деп меншік иесінің
    мемлекеттік мүлікке (республикалық және коммуналдық мүлік) қатысты, оның
    ішінде бюджет қаражатын басқару жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыру
    түсініледі;
    - мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат беру функциялары бойынша
    функциялар деп мемлекеттік органдардың өтеусіз немесе мемлекеттік билік
    органдары реттейтін бағалар бойынша, өтініш берушілердің сұрау салулары
    бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде
    белгіленген шектерде өкілеттіктер беруі түсініледі;
    - персоналды іріктеу және басқару жөніндегі функциялар деп мемлекеттік
    органдардың лауазымды адамдарының кадрларды іріктеу, мемлекеттік
    қызметшілерді қызметтен шығару және жоғарылату, ұйым қызметкерлеріне
    тәртіптік шаралар мен көтермелеу шараларын қолдану жөніндегі функцияларды
    жүзеге асыруы түсініледі.
    Бұл тізбе толық болып табылмайды, сыбайлас жемқорлық функциялары
    мемлекеттік орган, ұйым және квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің
    ерекшелігіне байланысты айқындалуы мүмкін.
    35. Әрбір нақты лауазым бойынша қызметтік міндеттемелерін негізге ала
    отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларын нақтылау қажет (сыбайлас
    жемқорлық функцияларының үлгілік тізбесі 3-қосымшада көрсетілген).
    36. Сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін пайдалана отырып,
    қызметтің ерекшелігінен туындаған шешім қабылдау еркіндігінің жоғары
    дәрежесін, азаматтармен және өзге де ұйымдармен байланыс қарқындылығын
    ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар
    айқындалады.
    37. Нәтижелері бойынша осы әдістемелік ұсынымдарға 4-қосымшаға сәйкес
    нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың
    тізбесі жасалады.
    38. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін
    Әдеп жөніндегі уәкілдер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтер
    және өзге де құрылымдық бөлімшелер немесе мемлекеттік органдардың,
    ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан
    Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
    заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу жөніндегі
    функцияларды жүзеге асыратын тұлғалары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
    шалдыққан лауазымдарды атқаратын адамдармен жүйелі профилактикалық
    жұмысты ұйымдастыру кезінде пайдаланады.
    3.4 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шаралар
    қабылдау
    39. Уәкілетті тұлға талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелерімен
    бірлесіп, талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні

    22
    ішінде осы Әдістемелік ұсынымдарға 5–қосымшаға сәйкес нысан бойынша
    сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған
    сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен
    жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар
    жоспары) әзірлеуі қажет.
    40. Іс-шаралар нақты сипатта болуы және анықталған сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдерін жою үшін жеткілікті болуға тиіс.
    Іс-шараларды орындау мерзімдері орынды болуға және 1 жылдан аспауға
    тиіс.
    Заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге не жаңасын
    әзірлеуге байланысты іс-шараларды іске асыру мерзімдері олардың заң шығару
    қызметінің қағидалары негізге алына отырып айқындалады.
    Ақпараттық жүйені әзірлеуге байланысты іс-шараларды іске асыру
    мерзімдері олардың бюджеттік жоспарлау рәсімдері негізге алына отырып
    айқындалады.
    41. Іс-шаралар жоспарын мемлекеттік органның, ұйымның,
    квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы бекітеді.
    4. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау
    42. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау процесі талдау
    объектісіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне теріс әсер етуі мүмкін неғұрлым
    маңызды тәуекелдерді анықтау мақсатында жүргізіледі.
    Тәуекелдер олардың пайда болуы мен әсер ету ықтималдығы немесе
    жиілігі тұрғысынан бағаланады.
    Тәуекел деңгейін есептеу былай жүргізіледі:
    Тәуекел деңгейі = ықтималдық * әсер
    Тәуекелдер деңгейін есептеуді уәкілетті адам және жұмыс тобының
    мүшелері жүргізеді.
    Тәуекелдерді есептеуге талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелері де
    тартылуы мүмкін.
    Тәуекелдердің ықтималдығын бағалау критерийлері

    Балл Мәні Іске асыру жиілігі Іске асыру ықтималдығы
    1 Өте сирек Талдау объектісінің қызметінде
    соңғы 5 жылда тіркелген бірлі-жарым
    оқиғалар.
    Оқиға өте сирек
    жағдайларда немесе 1% - ға
    дейін жүзеге асырылуы
    мүмкін.
    2 Сирек Соңғы 2 жыл ішінде талдау
    объектісінің қызметінде аз белгілі
    немесе тіркелген оқиғалар.
    Оқиға сирек жағдайларда
    немесе 1%–дан 10%–ға
    дейін іске асырылуы
    мүмкін.


    23

    3 Арасында Оқиға талдау объектісінің
    қызметінде соңғы жыл ішінде
    тіркелді.
    Тәуекелді іске асыру
    ықтималдығы 11%–дан
    25%–ға дейін.
    4 Жиі Оқиға талдау объектісінің
    қызметінде соңғы алты ай ішінде
    тіркелді.
    Тәуекелді іске асыру
    ықтималдығы 26%–дан
    50%–ға дейін.
    5 Өте жиі Оқиға соңғы алты ай ішінде
    бірнеше рет тіркелді.
    Іс-шараны жүзеге асыру
    ықтималдығы 50%–дан
    100%–ға дейін өте
    жоғары.

    Тәуекелдердің әсерін бағалау критерийлері

    Балл Әсер ету
    дәрежесі
    Салдардың
    жалпы
    сипаттамасы
    Комплаенс/Талаптарды сақтау
    1 Елеусіз Тәуекел іске
    асырылған
    жағдайда,
    қандай да бір
    теріс
    салдардың
    болмауы
    Реттеушілік талаптардың болмашы бұзылуы,
    талдау объектісінің қызметкерлерін әкімшілік
    және/немесе өзге де жауапкершілікке тарту
    үшін негіздердің болмауы талдау объектісіне
    қатысты айыппұлдардың, өсімпұлдардың,
    тұрақсыздық айыбының және басқа да
    қаржылық бұзушылықтардың болмауы.
    Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен
    мүдделерін бұзудың болмауы.
    2 Елеулі Тәуекелді іске
    асырудан
    болған
    салдарлар
    елеусіз
    Реттеушілік талаптардың аз бұзылуы. Талдау
    объектісінің жұмыскерлерінен айыппұлдарды
    өндіріп алу мүмкіндігі туралы ескертулер.
    Айыппұлдарды, өсімпұлдарды, тұрақсыздық
    айыбын өндіріп алу мүмкіндігі туралы ескерту
    алу және талдау объектісіне қатысты басқа да
    қаржылық бұзушылықтарды анықтау.
    3 Үлкен Тәуекелді іске
    асырудың
    салдары
    айтарлықтай,
    бірақ
    толығымен
    түзетілуі
    мүмкін
    Айыппұлдардың, өсімпұлдардың, тұрақсыздық
    айыбының және басқа да қаржылық
    бұзушылықтардың туындауына әкеп соғуы
    мүмкін реттеуші талаптарды бірнеше рет бұзу.
    Талдау объектілері жұмыскерлерінен
    айыппұлдарды өндіріп алу.
    Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен
    мүдделерінің бұзылуы.
    4 Сыни Тәуекелді іске
    асырудың
    салдары өте
    маңызды, бірақ
    белгілі бір
    дәрежеде
    түзетілуі
    мүмкін
    Реттеуші талаптардың елеулі бұзылуы, соның
    салдарынан талдау объектісі айыппұлдарды,
    өсімпұлдарды, тұрақсыздық айыбын және т.б.
    төлеуге міндетті, талдау объектісінің
    жұмыскерлерін әкімшілік немесе қылмыстық
    жауапкершілікке тарту.
    Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен
    мүдделерін бұзу.


    24

    5 Апатты Тәуекелді іске
    асырудың
    салдары өте
    маңызды және
    оны түзету
    мүмкін емес.
    Тәуекелдің
    өтелмейтін
    салдары бар.
    Ірі айыппұлдарға, өсімпұлдарға, тұрақсыздық
    айыбына және өзге де төлемдерге, сондай-ақ
    берілген лицензияларды қайтарып алуға
    (болған жағдайда) әкеп соққан реттеушілік
    талаптардың шектен тыс бұзылуы немесе
    бірнеше қаржылық бұзушылықтар.
    Жұмыскерлерді әкімшілік/қылмыстық
    және/немесе өзге де жауапкершілікке бірнеше
    рет тарту.
    Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен
    мүдделерін бұзу.

    43. Тәуекелдерді бағалау қорытындылары бойынша берілген баллдар талдау
    объектісінің тәуекелдер картасын жасау үшін негіз болып табылады.
    Тәуекелдер картасы талдау объектісінің анықталған сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне ұшырауының графикалық бейнесін білдіреді.
    Тәуекелдер картасы әртүрлі түстермен бөлінген бірнеше бөлікке бөлінеді:
    Қызыл аймақ-талдау объектісі үшін қауіпті және/немесе апатты болып
    табылатын қауіптер, олар басталудың жоғары ықтималдығына байланысты
    немесе талдау объектісіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне әсер етуі мүмкін
    салдардың елеулі әлеуетіне байланысты немесе екі факторға байланысты;
    Қызғылт сары аймақ-талдау объектісіндегі сыбайлас жемқорлық
    деңгейінің жоғары ықтималдығы немесе үлкен ықтимал әсері бар қауіптер;
    Сары аймақ-талдау объектісіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне
    орташа ықтималдығы немесе орташа ықтимал әсері бар тәуекелдер;
    Жасыл аймақ-туындау ықтималдығы төмен және (немесе) талдау
    объектісінде сыбайлас жемқорлық деңгейіне елеулі әсер етпейтін тәуекелдер.
    5 4 3 2 1
    1 2 3 4 5
    ЫҚТИМАЛДЫҚ
    Талдау объектісінің тәуекелдер картасы әрбір тәуекелдің салыстырмалы
    маңыздылығын бағалауға (басқа тәуекелдермен салыстырғанда), сондай-ақ
    түйінді болып табылатын және басым тәртіппен шаралар қабылдауды талап ететін
    және қажет болған жағдайда адами және қаржы ресурстарының бөлінуін
    қамтамасыз ететін тәуекелдерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
    ӘСЕР
    25
    5. Ұсынымдарды орындау мониторингі
    44. Ұсынымдарды орындау мониторингін уәкілетті тұлға талдамалық
    анықтамаға қол қойылған күннен бастап 1 жыл ішінде жүргізу ұсынылады.
    45. Талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелері тоқсан сайын талдамалық
    анықтамаға қол қойылған күннен бастап есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен
    кешіктірмей, уәкілетті тұлғаға ұсынымдардың орындалу барысы туралы
    ақпаратты және осы әдістемелік ұсынымдардың 6-қосымшасына сәйкес нысан
    бойынша растайтын құжаттарды жіберуі қажет.
    46. Уәкілетті тұлға ұсынымдардың, растайтын құжаттардың орындалу
    барысы туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды
    қарауы және осы әдістемелік ұсынымдарға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
    ұсынымдарды орындау мониторингінің нәтижелерін қалыптастыруы қажет.
    Талдау объектісінің ақпаратын қарау қорытындылары бойынша ұсынымдардың
    орындалу мәртебесі айқындалады.
    Ұсыным іс-шаралар жоспарында көрсетілген аяқтау нысанына сәйкес ісшараны орындау арқылы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі жойылған
    жағдайда, толық көлемде орындалды деп танылады.
    Ұсыным іс-шаралар жоспарында көрсетілген аяқтау нысанына сәйкес ісшараны толық көлемде орындамау салдарынан анықталған сыбайлас жемқорлық
    тәуекелі елеусіз дәрежеде жойылмаған немесе азайтылған жағдайда, ішінара
    орындалды деп танылады.
    Ұсыным іс-шаралар жоспарының тармағын орындау жөніндегі шараларды
    қабылдамау салдарынан анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі жойылмаған
    немесе барынша азайтылған жағдайда, орындалмаған деп танылады.
    Іс-шараны объективті себептер бойынша орындау мүмкін болмаған немесе
    орынсыз болған жағдайда (заңнамадағы өзгерістер, заңды тұлғаны қайта
    ұйымдастыру немесе тарату, функцияларды беру және т.б.), ұсыным өзектілігін
    жоғалтқан деп танылады.
    Ұсынымдарды орындау мониторингтің нәтижелері мемлекеттік органның,
    ұйымның және квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына енгізіледі,
    сондай-ақ талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.
    47. Талдау объектісі ұсынымдарды орындамаған немесе толық
    орындамаған жағдайда, уәкілетті тұлға ден қою шараларын қабылдау үшін талдау
    объектісінің қызметіне жетекшілік ететін мемлекеттік органның, ұйымның және
    квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына тиісті ақпаратты енгізеді.
    Талдау объектісі объективті себептер бойынша іс-шаралар жоспары
    бекітілген күннен бастап бір жыл өткен соң, ұсынымдарды орындамаған немесе
    толық орындамаған жағдайда, уәкілетті тұлға ұсынымдарды орындау
    мониторингті олар түпкілікті орындалғанға дейін жалғастырады.
    48. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары
    бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат құпиялылық
    режимін қамтамасыз етуді, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан
    Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі

    26
    талаптардың сақталуын ескере отырып, мемлекеттік органның, ұйымның,
    квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында кемінде 6 айда бір
    рет орналастырылады.
    49. Талдау нәтижелерін талқылауға және анықталған сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды іске асыру мониторингіне сыбайлас
    жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің жанынан болған жағдайда,
    Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылдың өзге де субъектілерінің мамандары және (немесе) сарапшылары
    тартылады.
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін, оның ішінде
    сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің сыбайлас
    жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алқалы, консультативтік-кеңесші
    органдарының отырыстарында жария талқылау ұсынылады.
    50. Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
    анықталған кезде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі
    олардың бар екендігі туралы мәліметтерді тиісті уәкілетті органға (әзірлеушіге)
    жібереді.
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
    анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін
    себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар Құқықтық мониторинг
    жүргізу қағидаларына сәйкес құқықтық мониторингті талдау объектісі жүргізген
    кезде қолданылады.
    Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге
    қатысты барлық әзірленген ұсынымдар жүргізілген құқықтық мониторинг
    қорытындылары бойынша есепте көрсетілуге тиіс.

    27
    Сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
    бойынша әдістемелік
    ұсынымдарға
    1-қосымша
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі
    жұмыс жоспары

    № Жұмыс түрі Мерзімі Жауапты тұлғалар
    1 Үлгі
    Ақпарат жинау:
    Талдау объектісінің 2019-2020
    жылдардағы қызметі туралы есеп
    2019-2020 жж. тәртіптік тәжірибе
    туралы ақпарат
    2019-2020 жылдар бойынша
    мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    туралы ақпарат
    01.03.2023
    01.03.2023
    10.03.2023
    Барлық бейінді
    бөлімшелер
    Кадр жұмысы
    департаменті
    Мемлекеттік
    қызметтер көрсету
    Департаменті
    2 Талдау объектісінің қызметін, оның
    ұйымдастыру-басқару қызметін
    реттейтін құқықтық актілерді және ішкі
    құжаттарды сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдерінің болуы тұрғысынан
    талдау
    Оның ішінде қызмет бағыттары
    бойынша:
    1) персоналды басқару;
    2) мемлекеттік қызметтер көрсету
    ….
    10.03.2023
    15.03.2023
    А. Ахметов
    Б. Асанов
    3 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
    шалдыққан лауазымдардың тізбесін
    қалыптастыра отырып айқындау.
    20.03.2023 А. Ахметов
    4 Талдамалық анықтама әзірлеу 30.04.2023 Б. Айтбаев (жұмыс
    тобының басшысы,
    басшы немесе
    комплаенс қызметінің
    қызметкері)
    5 Талдамалық анықтамаға қол қою 01.04.2023 С. Бериков(талдау
    өткізу туралы шешімде


    28

    көрсетілген лауазмды
    түлға)
    6 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
    ішкі талдау нәтижелері бойынша
    анықталған сыбайлас жемқорлық құқық
    бұзушылықтар жасауға ықпал ететін
    себептер мен жағдайларды жою
    жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол
    қою
    11.04.2023 С. Бериков(талдау
    өткізу туралы шешімде
    көрсетілген лауазмды
    түлға)

    *осы мерзім мемлекеттік орган, ұйым, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының
    ішкі талдау жүргізу туралы шешімінде көрсетілген мерзімге сәйкес келуге тиіс.

    29
    Сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдерін талдау жүргізу бойынша
    әдістемелік ұсынымдарға
    2-қосымша
    Талдамалық анықтаманың
    үлгілік құрылымы
    Кіріспе бөлім
    : сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
    бұйрықтың деректемелері және оны жүргізу мерзімі, уәкілетті тұлғаның, жұмыс
    тобы мүшелерінің Т.А.Ә.
    Сипаттама бөлігі:
    1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
    шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау
    -
    НҚА-дағы, бизнес-процестердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің атауы;
    - сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы;
    - сыбайлас жемқорлық функцияларының шамамен тізімі;
    - сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лауазымдар тізбесі;
    - оны жою бойынша ұсынымдар.
    2. Мүдделер қақтығысын реттеу
    -
    НҚА-дағы, бизнес-процестердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің атауы;
    - сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы;
    - оны жою бойынша ұсынымдар.
    3. Мемлекеттік қызметтер көрсету
    -
    НҚА-дағы, бизнес-процестердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің атауы;
    - сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы;
    - оны жою бойынша ұсынымдар.
    4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
    -
    НҚА-дағы, бизнес-процестердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің атауы;
    - сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы;
    - оны жою бойынша ұсынымдар.
    5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
    -
    НҚА-дағы, бизнес-процестердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің атауы;
    - сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы;
    - оны жою бойынша ұсынымдар.
    6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
    -
    НҚА-дағы, бизнес-процестердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің атауы;
    - сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы;
    - оны жою бойынша ұсынымдар.
    7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу
    -
    НҚА-дағы, бизнес-процестердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің атауы;
    - сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы;
    - оны жою бойынша ұсынымдар.

    30
    8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану
    -
    НҚА-дағы, бизнес-процестердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің атауы;
    - сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы;
    - оны жою бойынша ұсынымдар.
    Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
    -
    НҚА-дағы, бизнес-процестердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің атауы;
    - сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы;
    - оны жою бойынша ұсынымдар.
    Қосымшалар
    31
    Сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
    бойынша әдістемелік
    ұсынымдарға
    3-қосымша
    Сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан функциялардың үлгілік тізбесі

    № Сыбайлас
    жемқорлық
    тәуекелі жоғары
    аймақ
    Қызметі Сыбайлас жемқорлық
    факторлары
    (типтік жағдайлар)
    1 Мемлекеттік
    бақылау, қадағалау
    және ауди
    Бақылау және қадағалау
    объектілерінің тізбесін
    қалыптастыру, келісу
    және бекіту
    Тексерулерден
    «алыстату» немесе
    олардың санын көбейту
    мүмкіндігі
    2 Тексерулер өткізу Бұзушылықтарды
    жасыру мүмкіндігі
    3 Заңнаманың сақталуын
    қадағалауды жүзеге асыру
    Бұзушылықтарды
    жасыру мүмкіндігі
    4 Бақылау-қадағалау
    белгілерін (тергеу,
    рейдтер және т. б.)
    қамтитын өзге де
    функцияларды іске асыру
    Бұзушылықтарды
    жасыру мүмкіндігі
    5 НҚА ресми
    түсіндірмелерін,
    ұстанымдарын,
    қорытындыларын
    (сараптамаларды қоса
    алғанда) ұсыну
    Фактілерді бағалауды
    бұрмалайтын дәйексіз
    мәліметтерді ұсыну
    мүмкіндігі
    6 Әкімшілік құқық
    бұзушылық туралы істі
    қозғау және қарау
    Хаттамада қателіктер
    жіберу немесе өндірісті
    тоқтату арқылы
    жауапкершіліктен
    «алыстату» мүмкіндігі
    7 Әкімшілік сот ісін
    жүргізуге қатысу
    Бастапқы позициядан
    бас тарту мүмкіндігі
    8 Әкімшілік жазаны
    орындау жөнінде шаралар
    қабылдау
    Жазаны орындау
    бойынша әрекетсіздік


    32

    және шаралар
    қолданбау мүмкіндігі
    9 Мемлекеттік мүлікті
    басқару
    Бюджеттік жоспарлау Бөлінетін қаражаттың
    ұлғаюына әсер ететін
    мәліметтерді бюджеттік
    өтінімге енгізу
    мүмкіндігі
    10 Мемлекеттік сатып алуды
    ұйымдастыру және өткізу
    Еркін жоспарлау,
    бәсекелестікті шектеу
    (техникалық
    ерекшеліктер мен
    біліктілік талаптарын
    «түзету», сатып алудың
    конкурстық емес тәсілі,
    формальды негіздер
    бойынша өтінімдерді
    қабылдамау, балдарды
    дұрыс есептемеу, сатып
    алудың күшін жою,
    Тапсырыс беруші мен
    жабдықтаушының сөз
    байласуы кезінде
    бағалардың демпингі),
    шартты орындау кезінде
    сәйкестікке бақылау
    жүргізбеу, жалған
    актілер бойынша ТЖҚ
    сәйкес келмейтіндерді
    қабылдау және оларға
    ақы төлеу мүмкіндігі
    11 Мүлікті иелену,
    пайдалану және оған билік
    ету жөнінде шешімдер
    қабылдау (бюджет
    қаражаты және қаржылық
    емес активтер,
    жекешелендіру,
    мемлекеттік қолдау)
    Үлестес тұлғаларды
    қоса алғанда, өзге
    тұлғаларға сеніп
    тапсырылған мүлікке
    құқықтарды заңсыз беру
    мүмкіндігі (мүлікті
    иеліктен шығаруды қоса
    алғанда, жалдау және
    меншік құқықтары
    12 Мемлекеттік
    қызметтер және
    олардың белгілері бар
    қызметтер көрсету
    (өтініштерді қарау
    Рұқсаттар беру
    (лицензиялауды қоса
    алғанда), материалдық
    қолдау көрсету
    (қаржылық төлемдерді
    Ресми негіздер бойынша
    өтінішті қабылдамау,
    көзделмеген
    құжаттарды талап ету,
    қарау мерзімдерін


    33

    жолымен және өзге де
    тәсілдермен
    көрсетілетін"жасыры
    н" қызметтер)
    қоса алғанда),
    құжаттандыру,
    анықтамалар беру,
    тіркелетін мемлекеттік
    көрсетілетін қызметтер,
    сертификаттау, өзге де
    қызметтер
    «кешіктіру», нәтижені
    беруден заңсыз бас
    тарту мүмкіндігі
    13 Кадр саясаты Жұмысқа қабылдау
    рәсімдерін ұйымдастыру,
    ізденушілерге және
    конкурстық мәселелерге
    қойылатын талаптарды
    жасау
    Конкурстық талаптарды
    «түзету"» және белгілі
    бір ізденушілерге
    конкурстық сұрақтарды
    ұсыну мүмкіндігі
    14 Өтініш берушілерді
    бағалау және жұмысқа
    қабылдау
    Белгілі бір өтініш
    берушілерге
    артықшылық беру
    мүмкіндігі
    15 Еңбек жағдайларын
    жасау, қызмет бабында
    жоғарылату
    «Ыңғайлы» немесе
    «ыңғайсыз» жағдайлар
    жасау, қызметке
    лайықты игіліктерді
    (материалдық
    көтермелеулер,
    демалыстар, қызметтік
    пәтерлер мен
    автокөліктер, басқалар)
    іріктеп беру, тәртіптік
    жазаларды негізсіз
    қолдану мүмкіндігі,
    меритократия қағидатын
    сақтамау
    Басқа функциялар
    (мысалға):
    16 Құқықтық актілерді
    қабылдау
    Нормошығармашылық
    (НҚА қабылдау)
    Жекелеген адамдар мен
    салалық топтардың
    мүдделерін қолдайтын,
    белгілі бір
    функцияларды іске
    асырудың негізгі
    процестерін реттейтін
    дискрециялық
    нормаларды НҚА-ға
    енгізу мүмкіндігі


    34

    17 Қызметтік және
    құпия мазмұндағы
    ақпаратпен жұмыс
    «ҚБП» белгілерімен және
    құпиялылық
    дәрежелерімен ақпаратты
    жасау, есепке алу және
    зерделеу
    Мәліметтерді өзге
    тұлғаларға жария ету
    мүмкіндігі
    18 Мемлекеттік
    органның қызметін
    ұйымдастыру
    жөніндегі қосалқы
    функциялар
    Ұйымдастырушылық
    өкімдік және әкімшілік
    шаруашылық шешімдерді
    (нұсқалар мен
    ықтималдықтарды
    зерделеу) қабылдауға әсер
    ететін ақпаратты
    қалыптастыру және
    дайындау (кадрлар
    бойынша шешімдер,
    қабылдауды, жұмыстан
    шығаруды, өндіріп алуды
    және көтермелеуді қоса
    алғанда, қаржы жөніндегі
    шешімдер, мемлекеттік
    сатып алуды, иеліктен
    шығаруды, кез келген
    тұлғаларға мүлікті сатып
    алуды және уақытша
    беруді қоса алғанда, өзге
    де шешімдер
    Басқару шешімдеріне
    әсер ететін ақпаратты
    жасыру немесе
    бұрмалау мүмкіндігі
    19 комиссиялық
    органдардың қызметін
    дайындау және
    ұйымдастыру (кадрлар,
    тұрғын үйлер, жерлер,
    гранттар, субсидиялар
    және т. б.)
    Комиссиялардың
    шешімдеріне әсер ететін
    ақпаратты жасыру
    немесе бұрмалау
    мүмкіндігі
    20 талдау, мониторинг
    (ұсыныстар мен
    ұсыныстарды, оның
    ішінде шешім қабылдау
    үшін басшылыққа
    қалыптастыру)
    Талдау немесе
    мониторинг
    объектілеріне қатысты
    шешімдер қабылдауға
    әсер ететін дәйексіз
    қорытындылар
    қалыптастыру
    мүмкіндігі
    21 шешім қабылдауға әсер
    ететін есептілікті есепке
    алу және қалыптастыру
    Талдау немесе
    мониторинг
    объектілеріне қатысты


    35

    (Қаржы: мүлікті есепке
    алу, түгендеу және т. б.,
    бақылау және қадағалау:
    тексеру туралы шешімге
    әсер ететін есептілік,
    басқалар)
    шешімдер қабылдауға
    әсер ететін дәйексіз
    көрсеткіштерді
    қалыптастыру
    мүмкіндігі


    36
    Сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
    бойынша әдістемелік
    ұсынымдарға
    4-қосымша
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары
    бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан
    лауазымдар тізбесі
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
    __________________________________________________________________

    № р
    /с
    Сыбайлас жемқорлық
    тәуекеліне шалдыққан
    лауазым
    Сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдері бар
    лауазымдық
    өкілеттіктер
    Сыбайлас
    жемқорлық
    тәуекелдері


    37
    Сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
    бойынша әдістемелік
    ұсынымдарға
    5-қосымша
    Бекітемін
    ____________________________
    (талдау объектісі басшысының
    лауазымы, тегі, аты-жөні)
    ____________________________
    (талдау объектісі басшысының қолы)
    ____________________________
    (күні)
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
    анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал
    ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
    _______________________________________
    (талдау объектісінің атауы)

    р/с
    №
    Сыбайлас
    жемқорлық
    тәуекелдерін ішкі
    талдау
    қорытындылары
    бойынша
    ұсынымдар
    Іс-шара Аяқтау
    нысаны
    Жауапты
    орындаушылар
    Орындау
    мерзімі


    38
    Сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
    бойынша әдістемелік
    ұсынымдарға
    6-қосымша
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары
    бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалу барысы туралы ақпарат

    р/с
    №
    Сыбайлас
    жемқорлық
    тәуекелдерін ішкі
    талдау
    қорытындылары
    бойынша ұсынымдар
    Іс-шаралар жоспарына
    сәйкес аяқтау нысаны
    Орындалуы туралы
    ақпарат


    39
    Сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
    бойынша әдістемелік
    ұсынымдарға
    7-қосымша
    Ұсынымдарды орындау мониторингінің нәтижелері
    сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: ___________
    ____________________________________________________________________
    Талдау жүргізу кезеңі: ________________________
    Талдамалық анықтамаға қол қойылған күн: ____________
    Барлық енгізілген ұсыным ___.
    Оның ішінде:
    толық көлемде орындалды – _____;
    ішінара орындалды – _____;
    орындалмаған – _____;
    өзектілігін жоғалтты – ___.

    р/с
    №
    Сыбайлас
    жемқорлық
    тәуекелдерін
    ішкі талдау
    қорытындылары
    бойынша
    ұсынымдар
    Іс-шаралар
    жоспарына
    сәйкес
    аяқтау
    нысаны
    Орындалуы
    туралы
    ақпарат
    Ішкі талдау
    жүргізуге
    уәкілетті
    тұлғаны
    бағалау
    Жүктеу
    2d9b90f526236f61f084d0dc6f7d776038ef5be4ed442b520122dcde0d8b460b_original.112516.docx
    DOCX · 110 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    2026 жылдың 8 айында Мичурин ауылдық округінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

    Мичурин ауылдық округіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат (2026 жылғы қаңтар–тамыз) 2026 жылғы қаңтар мен тамыз аралығында Мичурин ауылдық округінің әкімдігі сыбайлас жемқорлықпен күресуге, мемлек...

    Қағида

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 307 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүй...

    Қағида

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қа...

    Қағида

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2020 жылы 29 қаңтарда № 19941 болып тіркелді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 б...

    Ереже

    Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы

    Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы...