«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қарағанды облысы Абай ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгерістер

    мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14441 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: »;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің үлгілік қағидаларында:

    10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ол аяқталған күннен бастап бір жыл өткен соң жүргізіледі.»;

    13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «13. Мынадай мәселелер талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі деп түсініледі:

    1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;

    2) мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу;

    3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

    4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

    5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

    6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

    7) мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;

    8) бюджеттік жоспарлау;

    9) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

    10) цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

    11) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.»;

    15-тармақта:

    мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «3-1) талдау объектісінің қызметіне байланысты мәселелер бойынша заңды күшіне енген сот актілері;»;

    мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «7-1) талдау объектісінің ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты болуы мүмкін ақпаратты қамтитын әлеуметтік желілерде және интернет-ресурстарда жарияланған жарияланымдар, өтініштер және өзге де мәліметтер;»;

    2-тарау мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

    «19-1. Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижелері бойынша ішкі талдау субъектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қажеттілігі туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға сұрау салуға құқылы.»;

    21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «21. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін әдеп жөніндегі уәкілдер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер және өзге де құрылымдық бөлімшелер немесе мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тұлғалары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды атқаратын адамдармен жүйелі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру кезінде пайдаланады.»;

    26-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

    «Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына жарты жылда бір рет, 15 қаңтар және 15 шілдеге дейін ұсынылады.».

    1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Бюрократиядан арылту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    2. Осы бұйрық 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы

    Д. Жазықбай

    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

    ________ облысының/қаласының Әділет департаменті

    Нормативтік құқықтық акті 06.08.2026

    Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

    тіркеудің тізіліміне № 39518 болып енгізілді

    Результаты согласования

    Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы - Директор Азиза Сериковна Божаканова, 28.07.2026 17:26:40, положительный результат проверки ЭЦП

    Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Лаура Канатовна Мерсалимова, 05.08.2026 09:18:50, положительный результат проверки ЭЦП

    Результаты подписания

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Д. Жазықбай, 06.08.2026 10:35:29, положительный результат проверки ЭЦП

    Жүктеу
    b7a1c070c48728d8f3360c0bed6d80d0a3ba5c78df48712c907cb6677d06b05a_original.136214.docx
    DOCX · 133 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    2026 жылдың 8 айында Мичурин ауылдық округінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

    Мичурин ауылдық округіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат (2026 жылғы қаңтар–тамыз) 2026 жылғы қаңтар мен тамыз аралығында Мичурин ауылдық округінің әкімдігі сыбайлас жемқорлықпен күресуге, мемлек...

    Әдістемелік ұсыныстар

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар

    Қазақстан РеспубликасыСыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі (Сыбайласжемқорлыққа қарсы қызмет)Төрағасының2022 жылғы «30» желтоқсан№ 488 бұйрығымен бекітілгенСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаужүргізу бойы...

    Қағида

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 307 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүй...

    Қағида

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2020 жылы 29 қаңтарда № 19941 болып тіркелді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 б...

    Ереже

    Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы

    Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы...