«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 307 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қарағанды облысы Абай ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 307 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 307 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33485 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларында:

    2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою мәселелерінде үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;»;

    5-тармақта:

    4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері негізінде;»;

    мынадай мазмұндағы жаңа 5) тармақшамен толықтырылсын:

    «5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде қабылданады.»;

    6-тармақта:

    екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

    «Осы Қағидалардың 5-тармағы 2) және 5) тармақшалары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі уәкілетті органды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қажеттігі туралы хабардар етеді.

    Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы қағидалардың 5-тармағы 1), 2), 4) және 5) тармақшалары бойынша бірлескен шешімді уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасауға бастамашылық жасалған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдайды.»;

    бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

    «Осы Қағидалардың 5-тармағы 1), 2), 4) және 5) тармақшалары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау жүргізуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде оны өткізу мерзімін ауыстыру мүмкіндігімен бас тарту себептерінің дәлелді негіздемелерін оның бастамашысына ұсынады.

    Бас тарту себептері ауыстырылған мерзімге дейін жойылған жағдайда уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді қайта бастамашылық жасауға құқылы.»;

    7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізетін уәкілетті органның лауазымды адамдары туралы;»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау уәкілетті органмен 30 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүргізіледі.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге, сондай-ақ оның нәтижелерін талқылауға және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды іске асыру мониторингіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ол сыртқы талдау объектісінде болған жағдайда, Қоғамдық кеңес мүшелерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.»;

    10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Уәкілетті органның функциялары:»;

    11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес уәкілетті орган талдамалық анықтама жасай отырып, осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісіне қатысты ақпаратты жинау, қорыту және талдау;»;

    13-тармақта:

    мынадай мазмұндағы жаңа 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «1-1) квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның қызметі;»;

    2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу;»;

    14-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:

    «11) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметіне байланысты мәселелер бойынша заңды күшіне енген сот актілері;

    12) әлеуметтік желілерде және басқа да интернет-ресурстарда орналастырылған жарияланымдар, өтініштер және өзге де мәліметтер, сондай-ақ уәкілетті органға келіп түскен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты қамтитын материалдар.»;

    15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «15. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында уәкілетті орган заңнаманы бұзушылықтар не қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау белгілері байқалған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.»;

    16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «16. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды қамтитын талдамалық анықтама (бұдан әрі – талдамалық анықтама) дайындайды.

    1. Талдамалық анықтама танысу және ескертулер ұсыну үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісіне жіберіледі.

    Ескертулер болған жағдайда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі талдамалық анықтаманы алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган келіп түскен ескертулерді қарайды және негіздер болған кезде талдамалық анықтамаға тиісті өзгерістер енгізеді.

    Белгіленген мерзімде ескертулер ұсынылмаған жағдайда талдамалық анықтама келісілген болып есептеледі.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің ескертулерімен келіспеген жағдайда уәкілетті орган талдамалық анықтаманы негізделген бас тартуымен бірге келісу үшін оның жоғары тұрған органына жібереді, ал ондай орган болмаған жағдайда талдамалық анықтаманы уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің жанынан құрылған қоғамдық кеңестердің қарауына шығарады.

    Жүргізілген келісу қорытындысы бойыша талдамалық анықтамаға уәкілетті орган қол қояды.»;

    20-тармақта:

    үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

    «Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісін уәкілетті орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша растайтын құжаттарды қоса бере отырып хабардар етеді.»;

    мынадай мазмұндағы жаңа төртінші бөлікпен толықтырылсын:

    «Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоймағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіптік жауаптылықта болады.».

    21 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «21. Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойылған күннен бастап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды орындауына тоқсан сайын мониторинг (бұдан әрі – мониторинг) жүргізеді.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Бюрократиядан арылту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    2. Осы бұйрық 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы

    Д. Жазықбай

    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

    ________ облысының/қаласының Әділет департаменті

    Нормативтік құқықтық акті 10.08.2026

    Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

    тіркеудің тізіліміне № 39528 болып енгізілді

    Результаты согласования

    Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы - Директор Азиза Сериковна Божаканова, 29.07.2026 17:39:21, положительный результат проверки ЭЦП

    Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Лаура Канатовна Мерсалимова, 06.08.2026 18:38:25, положительный результат проверки ЭЦП

    Результаты подписания

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Д. Жазықбай, 07.08.2026 16:22:03, положительный результат проверки ЭЦП

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы

    2026 жылғы 7 тамыздағы

    № 142

    бұйрығына 1 қосымша

    Сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне сыртқы талдау
    жүргізу қағидаларына
    1-қосымша

    Нысан

    Бекітемін

    ________________

    (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
    сыртқы талдау объектісі басшысының
    лауазымының атауы, тегі, аты-жөні)________________________________

    (сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдерін сыртқы талдау
    объектісі басшысының қолы)

    20__ жылғы «____» ___________

    Бекітемін

    ________________

    (уәкілетті орган басшысының

    тегі, аты-жөні, лауазымының атауы)

    ________________________________

    (уәкілетті орган басшысының қолы)

    20__ жылғы «____» ___________

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға жататын бағыттар ТІЗІЛІМІ

    № п/п

    Бағыттар тізбесі

    Негіздеме

    Қажет

    Қажет

    1.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер

    2.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметі

    2.1.

    Персоналды басқару

    2.2.

    Квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның қызметі

    2.3.

    Мүдделер қақтығысы ның алдын алу және оны реттеу

    2.4.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету

    2.5.

    Рұқсат беру функцияларын орындау

    2.6.

    Бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру

    2.7.

    Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

    2.8.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер (негіздемемен)

    Бұйрығына 2 қосымша

    Сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне сыртқы талдау
    жүргізу қағидаларына
    3-қосымша

    Нысан

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің атауы: ______________________________________

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мерзімі: _______

    Талдамалық анықтамаға қол қойылған күн:_________________________________

    № р/с

    Ұсыным

    Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау формасы

    Ұсынымның орындалуы туралы ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал етке себептер мен жағдайларды жоймағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер

    1.

    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

    ________ облысының/қаласының Әділет департаменті

    Нормативтік құқықтық акті 10.08.2026

    Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

    тіркеудің тізіліміне № 39528 болып енгізілді

    Результаты согласования

    Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы - Директор Азиза Сериковна Божаканова, 29.07.2026 17:39:21, положительный результат проверки ЭЦП

    Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Лаура Канатовна Мерсалимова, 06.08.2026 18:38:25, положительный результат проверки ЭЦП

    Результаты подписания

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Д. Жазықбай, 07.08.2026 16:22:03, положительный результат проверки ЭЦП

    Жүктеу
    f3823312dbef9d82b0a0ad3189cb7088b337ad61a6b689edcf5f62822a78c558_original.147344.docx
    DOCX · 144 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    2026 жылдың 8 айында Мичурин ауылдық округінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

    Мичурин ауылдық округіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат (2026 жылғы қаңтар–тамыз) 2026 жылғы қаңтар мен тамыз аралығында Мичурин ауылдық округінің әкімдігі сыбайлас жемқорлықпен күресуге, мемлек...

    Әдістемелік ұсыныстар

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар

    Қазақстан РеспубликасыСыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі (Сыбайласжемқорлыққа қарсы қызмет)Төрағасының2022 жылғы «30» желтоқсан№ 488 бұйрығымен бекітілгенСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаужүргізу бойы...

    Қағида

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қа...

    Қағида

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2020 жылы 29 қаңтарда № 19941 болып тіркелді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 б...

    Ереже

    Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы

    Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы...