ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

    ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ

    Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволық бағынысты ұйымдардағы ішкі бақылауды күшейтуде. Негізгі назар мемлекеттік қаражатты ашық әрі тиімді пайдалануға, қаржылық тәртіпті сақтауға және басқарушылық тәуекелдердің алдын алуға бағытталған. Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпитальда кезекті ішкі аудит аяқталды.

    Тексеру Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық ұйымдарды басқару жүйесін жетілдіру бойынша жүргізіп отырған жүйелі жұмысының бір бөлігі болды. Аудит госпитальдің 2023 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы
    30 маусымға дейінгі кезеңдегі қызметін қамтыды.

    Аудит қорытындысы бойынша Министрлік ішкі процестерді жетілдіруге бағытталған бірқатар шараларды айқындады. Олар бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджет заңнамасының талаптарын сақтау, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және ішкі бақылауды күшейту мәселелерін қамтиды.

    Госпиталь басшылығына аудит ұсынымдарын іске асыру және аталған бағыттар бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

    Қаржылық және сатып алу процестеріне жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ заңнама талаптарын бірізді қолдануға ерекше назар аударылды.

    Министрлік үшін ішкі аудит, ең алдымен, алдын алу және басқару сапасын арттыру құралы болып табылады. Мұндай тәсіл қосымша назар аударуды қажет ететін бағыттарды уақтылы анықтауға, қажетті шараларды қабылдауға және мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі және денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарды қамтиды.

    Басты міндет — басқарудың әрбір процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану.

    Министрлік медициналық ұйымдардағы қаржылық тәртіпті, ашықтық пен есептілікті нығайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырады.

    Жүктеу
    МИНЗДРАВ УСИЛИВАЕТ КОНТРОЛЬ ЗА ЭФФЕКТИВНОСТЬЮ РАБОТЫ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ
    DOCX · 13 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Хабарландыру

    «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Тексеру комиссиясының мүшесі бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, мекен жайы: 010000, Қазақстан Республикасы,...

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің 2026 жылғы II-жартыжылдығындағы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Ақпарат

    Әңгіме тақырыбы: «Әріптестер арасындағы қарым-қатынаста жеке шекараны және кәсіби әдепті сақтау»

    Әңгіме тақырыбы: «Әріптестер арасындағы қарым-қатынаста жеке шекараны және кәсіби әдепті сақтау» Құрметті әріптестер! Бүгін мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігіне — әртүрлі жыныстағы әрі...

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының бос лауазымына конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Денс...

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі аудит департаментінің 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 809 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі аудит департаментінің 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы...

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    «Электрондық денсаулық сақтау» ақпараттық-коммуникациялық платформасының құрамына кіретін цифрлық объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 18 мамырдағы № 244 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Есеп

    ҚР ДСМ 2026 жылғы 1 қыркүйектегі бюджет қаражатының игерілуі туралы

    ҚР ДСМ 2026 жылғы 1 қыркүйектегі бюджет қаражатының игерілуі туралы

    ҚР ДСМЖарияланды: