2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде жер қойнауын пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу тәртібіне өзгерістер көзделген.
Атап айтқанда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскелері үшін төлемақы ставкалары өзгертілді. Төлемақы мөлшері енді лицензияның қолданылу мерзіміне және блоктар санына байланысты болады:
1-ден 36-айға дейін – бір блок үшін 15-тен 40 АЕК-ке дейін;
37-ден 60-айға дейін – 1 блок үшін 23-тен 60 АЕК-ке дейін;
61-ден 84-айға дейін – бір блок үшін 32-ден 80 АЕК-ке дейін;
85-айдан бастап және одан әрі – 1 блок үшін 60-тан 100 АЕК-ке дейін.
Салық кодексінің 621-бабына сәйкес, төлемақы лицензия шеңберінде берілген әрбір блок үшін салық кезеңінің 1 қаңтарына белгіленген АЕК есебімен есептеледі.
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия берілген аумақ блок деп танылады. Әрбір блоктың оны сәйкестендіретін координаттары және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган беретін жеке коды болады.
Осылайша, төлемақы мөлшері лицензияның қолданылу мерзімі мен блоктар санының артуына қарай өсіп отырады.
Төлемақыны есептеу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар лицензия мерзімін, блоктар санын және Салық кодексінің 621-бабында белгіленген АЕК-тегі тиісті ставканы ескеруі қажет.
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының өзгеруі туралы
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Ұқсас материалдар
2026 жылдың 2 тоқсанында Абай облысы бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету саны
01.07.2026 жылғы жағдай бойынша 239962 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде тек қана электронды түрде 239528 қызмет немесе 99,8%, қағаз жүзінде 434 қызмет немесе 0,2%, оның ішінде: - салықтық бағыттағы-193094 немес...
2026 жылдың 1 тоқсанында Абай облысы бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету саны
01.04.2026 жылғы жағдай бойынша 151605 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде тек қана электронды түрде 151398қызмет немесе 99,9%, қағаз жүзінде 207қызмет немесе 0,1%, оның ішінде: - салықтық бағыттағы-131970 немесе...
Сұрақтан шешімге дейін: «Халықтық бухгалтер» акциясы Абай облысының 4 мыңға жуық тұрғынына көмек көрсетті.
2026 жылғы 30 маусымда ҚР ҚМ бастамасымен ұйымдастырылған республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы өз мәресіне жетті. Алты ай бойы еліміздің барлық өңірлерінде тұрғындар мен кәсіпкерлер салық заңнамасы, бухгалтерлік ес...
Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығын есептеу.
Жекепрактикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығын есептеу. 2025жылға жекетабыс салығын есептеу. 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған Салық кодексінің 781-бабының 1-тармағында осы бап 2025 жылғы 1...
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы осы мемлекеттік органның «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының конкурстық комиссияның 2026ж. 07 шілдедегі ШЕШІМІ
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы осы мемлекеттік органның «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы м...