Сұрақтан шешімге дейін: «Халықтық бухгалтер» акциясы Абай облысының 4 мыңға жуық тұрғынына көмек көрсетті.

    Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    2026 жылғы 30 маусымда ҚР ҚМ бастамасымен ұйымдастырылған республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы өз мәресіне жетті. Алты ай бойы еліміздің барлық өңірлерінде тұрғындар мен кәсіпкерлер салық заңнамасы, бухгалтерлік есеп, салық есептілігін тапсыру және мемлекеттік ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу мәселелері бойынша тегін консультациялар алу мүмкіндігіне ие болды.

    Абай облысында азаматтарды кәсіби бухгалтерлер мен мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері қабылдады. Акция өткізу кезеңінде барлығы 3945 азамат пен бизнес өкілі білікті консультациялық көмек алды. Мамандар жалпы саны 8,5 мыңға жуық сұрақты қарап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Сұрақтар салық салу, арнаулы салық режимдері, салық міндеттемелерін орындау, электрондық сервистер және басқа да өзекті тақырыптарды қамтыды.

    Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияровтың айтуынша, акция мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы ашық диалогтың тиімді алаңына айналды.

    «Акцияның басты мақсаты тек консультациялық көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар халықтың салықтық сауаттылығын арттыру болды. Біз салық заңнамасын әрбір азамат пен кәсіпкер үшін барынша түсінікті әрі қолжетімді етуге ұмтылдық. Қатысушылардың жоғары белсенділігі мұндай форматтың сұранысқа ие екенін көрсетті.

    Акцияға қатысқан барлық мамандарға және қызығушылық танытқан облыс тұрғындарына алғысымды білдіремін», – деп атап өтті Руслан Данияров.

    Басшының айтуынша, акцияның аяқталуы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тоқтайтынын білдірмейді. Мемлекеттік кірістер органдары алдағы уақытта да семинарлар, халықпен кездесулер, ашық есік күндері, көшпелі консультациялар және азаматтардың салық мәдениеті мен хабардарлығын арттыруға бағытталған басқа да іс-шараларды өткізуді жалғастырады.

    Департамент ашықтық, консультациялардың қолжетімділігі және салық төлеушілерді уақтылы ақпараттандыру государственный орган қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

    Ұқсас материалдар

    Құжат

    2026 жылдың 2 тоқсанында Абай облысы бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету саны

    01.07.2026 жылғы жағдай бойынша 239962 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде тек қана электронды түрде 239528 қызмет немесе 99,8%, қағаз жүзінде 434 қызмет немесе 0,2%, оның ішінде: - салықтық бағыттағы-193094 немес...

    Құжат

    2026 жылдың 1 тоқсанында Абай облысы бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету саны

    01.04.2026 жылғы жағдай бойынша 151605 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде тек қана электронды түрде 151398қызмет немесе 99,9%, қағаз жүзінде 207қызмет немесе 0,1%, оның ішінде: - салықтық бағыттағы-131970 немесе...

    Құжат

    Жер қойнауын пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының өзгеруі туралы

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде жер қойнауын пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу тәртібіне өзгерістер көзделген. Атап айтқанда, қатты пайд...

    Құжат

    Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығын есептеу.

    Жекепрактикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығын есептеу. 2025жылға жекетабыс салығын есептеу. 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған Салық кодексінің 781-бабының 1-тармағында осы бап 2025 жылғы 1...

    Шешім

    Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы осы мемлекеттік органның «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының конкурстық комиссияның 2026ж. 07 шілдедегі ШЕШІМІ

    Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы осы мемлекеттік органның «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы м...

    Құжат

    Борышкерді төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы сот өндірісінде қолдану туралы хабарландыру

    Құжат

    Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс қозғау туралы хабарландыру

    Құжат

    Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру