Қазақстан Республикасының аумағына алма әкелуге тыйым салуды енгізу туралы

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 01 қыркүйектегі №326 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 02 қыркүйекте № 39803 болып тіркелгенін хабарлайды.

    Аталған бұйрыққа сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 080810 тауар позициясына жатқызылатын алманың барлық түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен әкелуге тыйым салу енгізілді, мынадай жағдайларды қоспағанда:

    1) алмаларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау, оның ішінде тауарлардың межелі жері Қазақстан Республикасының аумағы болып табылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тасымалдау;

    2) осы бұйрық күшіне енген күнге дейін жөнелтуші мемлекетте экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған алма, мынадай шарттар сақталған жағдайда:

    тауарларға экспорттық декларацияны, сондай-ақ көрсетілген тауарларды осы бұйрық күшіне енген күнге дейін жөнелтілгенін растайтын көліктік құжаттарды ұсыну, ал тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен тасымалдау кезінде — транзиттік декларацияны ұсыну;

    3) осы бұйрық күшіне енген күнге дейін Қазақстан Республикасының аумағына іс жүзінде әкелінген алма, оның ішінде уақытша сақтау орындарында тұрған алма, көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына нақты әкелінгенін растайтын құжаттарды ұсыну шартымен

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Банкрот деп тану рәсімін қозғай отырып (отырмастан) банкрот деп тану және тарату туралы хабарлау

    № Облысы Банкроттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы Банкроттың жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі Банкроттың орналасқан жері Банкротты...

    Ақпарат

    01.01.2026 жылғы жағдай бойынша, туындаған күннен бастап алты айдан астам уақыт бойы төленбеген әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімі

    № р/с Өңірлер Агенттің атауы Мемлекеттік кірістер басқармаларының атауы МКБ Коды ЖСН/БСН СТН БСК Берешек сомасы (негізгі берешек + өсімпұл) 1 ШҚО бойынша МКД АК "КЭМОНТ" Өскемен қаласы бойынша МКБ ШҚО бойынша МКД КГД МФ...

    Ақпарат

    Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар азаматтардың тізімі 01.01.2026 жылғы жағдайына

    № р/с Өңірлер Агенттің атауы Мемлекеттік кірістер басқармаларының атауы МКБ Коды ЖСН/БСН СТН БСК Берешек сомасы (негізгі берешек + өсімпұл) 1 Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД Акционерллік қоғам "КЭМОНТ" Өскемен қаласы...

    Ақпарат

    Мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің түпкілікті тізімі 2026 жылдың 1 шілде жағдайына

    № МКБ коды СТ атауы СТН ЖСН Категория (ЗТ/ДК) МКБ атауы МКБ мекен-жайы 1 1802 "Керемет и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 180200211089 80140021083 Заңды тұлға Катон-Қарағай ауданы бойынша МКБ Катон-Қарағай а., Топ...

    Статистика

    2026 жылғы 1 шілдеде Мониторинг кәсіпорындарынан МБ-ға 2026 ж. 1-ші жартыжылдықтағы салық төлемдерінің түсуі

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша республикалық мониторингтің 12 кәсіпорны тіркелген: «Казцинк» ЖШС; «Востокцветмет» ЖШС; «Орика-...

    Статистика

    2026 ж. 1-ші жартыжылдықтағы ЭҚЖЖ бөлінісінде МБ-ға салық төлемдерінің түсуі

    2026 ж. 1-ші жартыжылдықтағы ЭҚЖЖ бөлінісінде МБ-ға салық төлемдерінің түсуі2026 жылдың 6 айында мемлекеттік бюджетке салық төлемдері бойынша 284,0 млрд.теңге түсті, оның ішінде Республикалық бюджетке – 173,7 млрд. теңге...

    Ақпарат

    2026ж. 06 ай мемлекеттік бюджетке нақты түскен салықтар мен түсімдер

    БК Кодтары Салықтың (төлемнің) атауы МБ РБ ЖБ Факт Факт Факт 101110 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен – заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы 47 306...

    Ақпарат

    2026 жылғы аудандар бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық қорына салықтар мен төлемдердің түсімі

    қаңтар қаңтар-ақпан қаңтар-наурыз қаңтар-сәуір қаңтар-мамыр қаңтар-маусым қаңтар-шілде қаңтар-тамыз қаңтар-қырқүйек қаңтар-қазан қаңтар-қараша қаңтар-желтоқсан Катонқарағай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы...