Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктері және мемлекет меншігіндегі объектілерге атау беру, қайта атау қалай жүргізіледі? - Әкімшілік-аумақтық бірліктер (елді мекендер) және олардың құрамдас бөліктеріне (көше, даңғыл, көпір т.б.) атау беруде ең алдымен жергілікті тұрғындардың пікірі ескеріледі. Сәйкесінше, атау беру, қайта атау тәртібі республикалық "Тарихи тұлғалар", "Дәстүрлі атаулар", "Жер-су атаулары" тізімдері бойынша жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастық жиналысының қорытындысына сәйкес өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімі негізінде облыстық ономастика комиссиясынының қарауына ұсынылады. Ауыл, ауылдық округ, кент, аудандық маңызы бар қала елді мекендері мен құрамдас бөліктері үшін облыстық ономастика комиссиясы, ал облыстық маңызы бар қала көшелеріне республикалық ономастика комиссиясы қорытынды береді. Қазіргі уақытта ономастикалық нысандарға (көше, объект атауы, елді мекен т.б.) жеке тұлғалардың есімдерінен гөрі, дәстүрлі атаулар мен жер-су атауларын қоюға басымдық беріледі. Мемлекет меншігіндегі объектілерге тоқталатын болсақ, оларға атау беру, қайта атау жоғарыда көрсетілген тізімдерге сәйкес, сондай-ақ ұжым қолдауы арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік меншіктегі нысандарға атау беру республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде жүзеге асады. |
ҚР-дағы Тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауаптылық көзделген? - "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75,455-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабына сәйкес тіл туралы заңның 21-бабында көрсетілген талаптарды сақтамау, ең алдымен ескерту, 1 жыл ішінде қайталанып жасалса айыппұл салуға әкеп соғады. Құқық бұзушылық түрлері: ас мәзірлерінің тек қана орыс немесе басқа да тілдерде рәсімделуі, көрнекі ақпараттар мен деректемелерді тек орыс тілінде ғана орналастыру және теңтүпнұсқалы аударманың сақталмауы, әдеби тіл нормасына сәйкессіздік т.б. ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 455-бабының 3-тармағына сәйкес жарнама тарату тілдеріне белгіленген талаптарды бұзу айыппұл салуға әкеп соғады. |
30 сұрақ
Ұқсас материалдар
Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі
Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар атауы Мекен-жайы, байланыс телефоны Жалдау туралы келісім шарт жасақтау орган атауы, байланыс те...
Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мәлімет
Аудандық бөлім аудан көлеміндегі әлеуметтік қолдау мен отбасылық саясатты іске асыратын мемлекеттік орган. Бөлім тарапынан күні бүгінге 15 мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр. Атап айтқанда: Еңбекші көшіп келушіге рұқсатт...
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға 24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) азаматтарды қарттыққа қаражат жинауға қажетті сенімді құралдармен қамтамасыз ете отырып, елдің зейнетақы жүйесінде шешуші рөл атқарады. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық ф...
БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасын...
Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты
Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарна...
Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ?
2025 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 76 жасқа жетіп, тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі демографиялық деректер халықтың өмір сүру сапасы мен...
Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін заңнамада көзделген баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар үшін сақталады. Сондай-ақ жоғалтқан еңбек табысының кемінд...