Тауарларға арналған декларацияның (ТД) 31-бағанын толтырудың дұрыстығы мен толықтығы

    Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларды тауарларға декларацияның (ТД) 31-ші бағанын дұрыс және толық толтыру туралы хабардар етеді.

    Тауарларға арналған декларацияның «Жүк орындары және тауардың сипаттамасы – Таңбалануы және саны – Контейнерлердің нөмірлері – Саны және айрықша ерекшеліктері» деген 31-бағаны мәлімделетін тауарды сәйкестендіруге және декларацияда мәлімделген мәліметтерді іс жүзінде өткізілетін тауармен салыстыруға мүмкіндік беретін толық ақпаратты көрсетуге арналған.

    Осы бағанды толтыру кезінде нені ескеру қажет?

    Тауарды декларациялау кезінде СЭҚ қатысушысы оның сипаттамасының толықтығын, дұрыстығын және бірмәнділігін қамтамасыз етуге тиіс.

    Тауардың сипатына және оны өткізу ерекшеліктеріне қарай 31-бағанда оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтер, оның ішінде: тауардың атауы; модель, марка, артикул және басқа да айрықша сипаттамалары туралы мәліметтер; құрамы, дайындалған материалы және негізгі техникалық сипаттамалары (егер олар тауарды сәйкестендіру үшін маңызды болса); өндіруші және тауар белгісі туралы мәліметтер (тиісті жағдайларда); тауардың саны және өлшем бірлігі; орамасы, жүк орындары және олардың таңбалануы туралы мәліметтер; тауар контейнерлерде тасымалданған жағдайда контейнерлердің нөмірлері; кеден заңнамасында көзделген және тауарды сәйкестендіру үшін қажетті өзге де мәліметтер көрсетіледі.

    Маңызды: тауардың сипаттамасы нақты әрі ақпараттық мазмұнды болуы тиіс.

    Тауардың сипаттамалары мен түрін бірмәнді анықтауға мүмкіндік бермейтін тек жалпы сипаттағы тұжырымдарды пайдалану мәліметтерді қосымша нақтылау қажеттілігіне және қосымша бақылау іс-шараларының жүргізілуіне әкелуі мүмкін.

    Мысалы, «жабдық», «қосалқы бөлшектер», «пластмассадан жасалған бұйымдар», «электроника» сияқты жалпы сипаттамалардың орнына тауарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нақты атауы мен сипаттамаларын көрсету қажет.

    Бұл не үшін маңызды?

    31-бағанда қамтылған ақпаратты кеден органдары кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде: тауарды сәйкестендіру; мәлімделген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексеру; декларациядағы мәліметтерді іс жүзінде өткізілетін тауарлармен салыстыру; кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеудің қолданылатын шараларын айқындау; белгіленген тыйымдар мен шектеулердің сақталуын тексеру; тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану; кедендік кейінгі бақылауды жүргізу мақсаттарында пайдаланады.

    Осылайша, тауар неғұрлым нақты әрі толық сипатталса, оны кедендік ресімдеу кезінде қосымша сұрақтардың туындау ықтималдығы соғұрлым төмен болады.

    СЭҚ қатысушыларына ТД-ны берер алдында 31-бағандағы мәліметтердің сыртқы экономикалық мәмілені сүйемелдейтін коммерциялық, көліктік және өзге де құжаттардағы мәліметтерге сәйкестігін тексеру ұсынылады.

    МКД СЭҚ қатысушыларын тауарларға арналған декларацияларды толтыруға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Тауардың толық әрі дұрыс сипатталуы кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға, қосымша сұрау салулардың санын азайтуға және кедендік операцияларды жасау кезінде кідірістердің туындау тәуекелін төмендетуге ықпал етеді.

    Бұл ретте тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделетінін хабарлаймыз.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Егер аумақтық мемлекеттік кірістер органдары жалғыз кредиторлар болып табылса немесе кредиторлар жиналысында елу пайыздан астам дауысы болса, банкроттықты басқарушы ретінде тағайындалған әкімшілердің тізімі, банкроттықты басқарушыны таңдау 2026ж

    Ақпарат

    Егер аумақтық мемлекеттік кірістер органдары жалғыз кредиторлар болып табылса немесе кредиторлар жиналысында елу пайыздан астам дауысы болса, банкроттықты басқарушы ретінде таңдалатын әкімшілердің тізімі 2026ж

    Ақпарат

    Банкроттық рәсімінде кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабар

    Ақпарат

    Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай (қозғамай) отырып, оны тарату туралы хабарландыру

    Ақпарат

    ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОРЫШҚОРДЫҢ ОРНЫҚТЫ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ

    Басты маркер: міндеттемелердің мүліктен асып кетуі Қазақстан Республикасының заңнамасы компанияның қаржылық қиындықтарын уақытша және орнықты деп анық саралайды. ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 5-бабының 1-тар...

    Ақпарат

    Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    Ақпарат

    "Alatau Tranzit KZ" ЖШС

    Ақпарат

    "ТВК-Темирлан" ЖШС