АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    Талғар ауданының әкімдігі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.

    Бұл ретте МЗЖ және ЕЗЖ есебінен жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ олар үшін МКЗЖ және ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар өздерінің сенімгерлік басқаруға берілетін жинақтарының көлемін дербес айқындауға, сондай-ақ қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны және бір немесе бірнеше инвестициял ық портфельді таңдауға құқылы.

    Заңнамаға сәйкес, ИПБ үш инвестициялық портфельге дейін қалыптастыра алады: консервативті, қалыпты және тәуекелді. Олар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленеді. Әртүрлі инвестициялық портфельдерді таңдау мүмкіндігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 37-1-бабында бекітілген. Оларды қалыптастыруға қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

    Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруына беру тәртібі және инвестициялық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында және invest.enpf.kz платформасында қолжетімді.

    Осылайша, зейнетақы жүйесі салымшы пассивті рөл атқаратын модельден адамның өзінің ұзақмерзімді зейнетақы жинақтарын басқаруға саналы түрде қатысуын көздейтін жүйеге біртіндеп ауысуда. Инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндіктерінің кезең-кезеңімен кеңеюі және зейнетақы активтерін басқару туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру салымшылардың болашақ зейнетақы табысын қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдауға белсендірек қатысуына жағдай жасайды.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    cb4d633bf935cfc871de96e722d180d716d3b74f5a627627fbdfe31c1c8a69b3_original.66574.docx
    DOCX · 65 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі болуға тіркелген кандидаттар туралы қорытынды хабарлама

    2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі болуға тіркелген кандидаттар туралы қорытынды хабарлама № п/п Аты, әкесінің аты, тегі Туған жылы Атқаратын лауазымы, жұмыс...

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округінің әкімі болуға тіркелген кандидаттар туралы қорытынды хабарлама

    2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округінің әкімі болуға тіркелген кандидаттар туралы қорытынды хабарлама № п/п Аты, әкесінің аты, тегі Туған жылы Атқаратын лауазымы, жұмыс...

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Отчет об исполнениии бюджета ГУ "Отдел строительства Талгарского района" на 31 августа 2026 года

    "Талғар ауданының құрылыс бөлімі" ММ бюджетінің атқарылуы туралы есеп 2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша "Талғар ауданының құрылыс бөлімі" ММ бюджетінің атқарылуы туралы есеп 2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша...

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Кеңдала ауылдық округі әкіміне кандидат Тұрсын Бекжан Тұрсынұлының кандидатурасын алып тастау туралы

    Кеңдала ауылдық округі әкіміне кандидат Тұрсын Бекжан Тұрсынұлының кандидатурасын алып тастау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағының...

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Кеңдала ауылдық округі әкіміне кандидат Кисанов Ринат Бауыржанұлының кандидатурасын алып тастау туралы

    Кеңдала ауылдық округі әкіміне кандидат Кисанов Ринат Бауыржанұлының кандидатурасын алып тастау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағыны...

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебін...

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Талғар ауданында 2026 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс Ж О С П А Р Ы

    Талғар ауданында 2026жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегіВедомствоаралық комиссияның жұмыс Ж О С П А Р Ы № п/п Отырыстың күн тәртібі Мемлекеттік органдар, материалдыңдайындығынажауаптылар Ме...

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат

    АлматыоблысыТалғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі болуғакандидаттардыұсыну туралы қорытынды ақпарат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес...

    Талғар ауданының әкімдігіЖарияланды: