АлматыоблысыТалғар ауданы Панфилов ауылдық округінің
әкімі болуғакандидаттардыұсыну туралы қорытынды ақпарат
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2026 жылғы 26 тамызда Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 4 қазанға Алматы облысы Талғар ауданыПанфиловауылдық округінің әкімінің сайлауын тағайындады.
Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, шекаралары, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардыңКүнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылғанжәне «Alatau Zhuldyzy» газетінде жарияланды..
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және9учаскелік сайлау комиссиялары,84сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Панфилов ауылдық округінің сайлаушылар саны21 249адамды құрайды.
2026 жылдың27 тамызананбастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2026 жылдың8 қыркүйектегіжағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен, 1 кандидат «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы8 қыркүйектесағат 18:00-де аяқталды.
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы