Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиевтің 2026 жылғы 27 тамыздағы Кеген ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген проблемалық сұрақтарды шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

    Кеген ауданының әкімдігі

    «БЕКІТЕМІН»Алматы облысының әкімі

    _________М.Е. Сұлтанғазиев«____» ___________ 2026 ж.

    Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиевтің2026 жылғы 27 тамыздағы Кеген ауданының тұрғындарымен кездесуібарысында көтерілген проблемалық сұрақтарды шешу жөніндегіІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

    № р/с

    Өтініш берушінің

    аты-жөні, елді мекен

    Сұрақ

    Проблемалық сұрақтарды шешу шаралары

    Мерзімі

    Жауаптылар

    1.

    ТАЛИПОВ

    Ерғали Сатыбалдыұлы

    Кеген ауылының тұрғыны

    Мәслихат депутаты

    Алғабас, Саты, А.Нүсіпбеков ауылдарында «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасымен өрт сөндіру бекеттері салынған, осы аталған бекеттерге штаттық бірлік қарастырып беруіңізді сұраймын.

    Өрт сөндіру деполарын қоғамдық жұмыскерлермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сондай-ақ, олардың кезекшілік жүйесін енгізу және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қажетті қаржыландыру тетіктерін аудандық деңгейде қарастырып, тиісті шаралар қабылдансын.

    10.11.2026 ж.

    Кеген ауданының әкімдігі

    Төтенше жағдайлар департаменті

    Ә.Масабаев (бақылау)

    2.

    МӘСІМБАЕВ

    Серік Рахымбердіұлы

    А.Нүсіпбеков ауылының тұрғыны

    «Ұлан» шаруа қожалығының төрағасы

    Қопалы су құбырының жобасында Торайғыр және Қопалы бөктерлерінің шығыс жағында орналасқан
    6 қыстау және батыс жағындағы 8 қыстау су жүйесімен қамтылмай қалуда.

    Осыған байланысты аталған мал қыстауын сумен қамтамасыз ету мақсатында жобаға тиісті өзгерістер енгізуге ықпал етуіңізді сұраймын.

    «Торайғыр, Қопалы, Жазық учаскелеріндегі жайылымдарды суландыруға арналған құбырларымен 12 құдықты қайта жаңғыртуды аяқтау» жобасы шеңберінде шаруа қожалықтарымен бірлесіп, Торайғыр және Қопалы шатқалдарының төменгі бөлігіндегі жобаға енгізілмеген қыстаулардың сумен қамтамасыз етілу қажеттілігін нақтылап, жобалық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізілсін.

    30.09.2026 ж.

    Су ресурстары және ирригация басқармасы

    Кеген ауданының әкімдігі

    Б.Бақытұлы (бақылау)

    3.

    НҰРАҚЫНОВ

    Ұлан

    Нұрақынұлы

    Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны

    «Саниязов» шаруа қожалығының төрағасы

    Ұзынбұлақ дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет, қаржы қарастырып беруіңізді сұраймын.

    Дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізуге қажетті қаржы мәселесі бойынша алдағы бюджетті нақтылау отырысына тиісті ұсыныс енгізіп, сонымен қатар халық саны мен медициналық қызметке деген қажеттілікті ескере отырып, блокты-модульдік құрылым (БМК) орнатудың орындылығы мен қажеттілігін пысықтап, қаржылық шығындарын есептей отырып, негізделген ұсыныс енгізілсін.

    20.11.2026 ж.

    Денсаулық сақтау басқармасы

    Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Кеген ауданының әкімдігі

    Қ.Бахытұлы

    (бақылау)

    4.

    АУМОЛДАЕВ

    Болат Сатылғанұлы

    Жалағаш ауылының тұрғыны

    «Аумолдаев» шаруа қожалығының төрағасы

    «Кеген - Жалағаш» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 58 - 60 шақырымында нөсер жаңбыр кезінде жолдың шайылып кету қаупі жоғары.

    Су өткізетін көпір жасауға ықпал етуіңізді сұраймын.

    Су өткізетін көпір салу үшін ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмыстарына қажетті қаржы қарастыру мәселесін пысықтасын.

    15.03.2027 ж.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Кеген ауданының әкімдігі

    Ә.Масабаев

    (бақылау)

    5.

    ТӨРЕГЕЛДИЕВ Санат Сыбашұлы

    Алғабас ауылының тұрғыны

    1. Жіңішке ауылында интернет желісінің сапасы төмен, осы мәселені шешуге ықпал етуіңізді сұраймын.

    Ауыл тұрғындарын сапалы әрі тұрақты интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында тиісті байланыс операторларымен бірлесіп, мәселені шешуге жұмыстар жүргізілсін.

    20.01.2027 ж.

    Цифрлық технологиялар басқармасы

    Кеген ауданының әкімдігі

    М.Мәдіғұлов

    (бақылау)

    2. Алғабас ауылынан Бартоғай су қоймасына дейін апаратын жол салу мәселесін қарастыруыңызды сұраймыз.

    Алғабас ауылынан Бартоғай су қоймасына дейін автомобиль жолын салу мүмкіндігі мен орындылығын, оның туристік әлеуетін, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін және қажетті қаржыландыру көлемін зерделей отырып, аталған жолдың құрылысын жүзеге асыру қажеттілігі туралы негізделген ұсыныс енгізілсін.

    25.11.2026 ж.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Кеген ауданының әкімдігі

    Ә.Масабаев

    (бақылау)

    3. Аудан аумағында бос тұрған ғимараттарда немесе мектептерде балаларға арналған жазғы лагерь ұйымдастыру мәселесін қарастыруыңызды сұраймыз.

    Жаз мезгілінде аудандағы мектептерде балаларға арналған жазғы лагерьлер ұйымдастыру мәселесін пысықтап, оларды жыл сайын тұрақты негізде ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жылға арналған тиісті жоспар бекіту мүмкіндігін қарастырып, тиісті ұсыныс енгізілсін.

    25.11.2026 ж.

    Білім басқармасы

    Кеген ауданының әкімдігі

    Ғ.Майлыбаев

    (бақылау)

    6.

    ИГЕНБАЕВ Есдаулет Нұрғанатұлы

    Алғабас ауылының тұрғыны

    «Қанат» шаруа қожалығының төрағасы

    Алғабас ауылындағы «Шелек» өзенінің арнасын нығайту жұмыстарын жүргізуге ықпал етуіңізді сұраймын.

    Алғабас ауылында су электр станциясын салуды жоспарлап отырған инвесторлар
    («Kegen Hуdro» ЖШС, «Осирис Энерго» ЖШС) есебінен «Шелек» өзенін тереңдету және өзен арнасын нығайту жұмыстарын жүргізуді бақылауға алсын.

    15.03.2027 ж.

    Кеген ауданының әкімдігі

    Су ресурстары және ирригациясы басқармасы

    Төтенше жағдайлар департаменті

    Б.Бақытұлы (бақылау)

    Жүктеу
    d343ef0cd23dd44c16a1abc17cb1423c_original.29114.docx
    DOCX · 28 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Анықтама

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Кеген ауданының құрылыс бөлімі» ММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА«Кеген ауданының құрылыс бөлімі» ММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы Кеген ауылы 2026 жылғы 2 шілде КІРІСПЕ БӨЛІМ Кеген ауданының «Құрылыс бөлімі» ММ (бұдан...

    Кеген ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Анықтама

    «Кеген ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің және Кеген ауданының мемлекеттік мекемелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    «Кеген ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі қызметініңсыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралыТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА. Кеген ауылы 29 шілде 2026 ж. КІРІСПЕ БӨЛІМ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау...

    Кеген ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Кеген ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Кеген ауданы мәслихатының шешім жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

    «Кеген ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Кеген ауданы мәслихатының шешім жобасынаТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 1 Әзірлеуші мемлекеттік о...

    Кеген ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының № 16 ШЕШІМІ

    Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкінсайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралыКеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының№ 16 ШЕШІМІ

    Кеген ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Дауыс беруді бастаудың басқа уақытын белгілеу туралы Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының № 15 ШЕШІМІ

    Дауыс беруді бастаудың басқа уақытын белгілеу туралыКеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының№ 15 ШЕШІМІ

    Кеген ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 31 «Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 31 «Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Кеген ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Алматы облысы Кеген ауданының учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы

    Алматы облысы Кеген ауданының учаскелік сайлаукомиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы

    Кеген ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы ХАТТАМАДАН КӨШІРМЕ

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы ХАТТАМАДАН КӨШІРМЕ Кеген ауылы«14»шілде2026 жыл Қазақстан Рес...

    Кеген ауданының әкімдігіЖарияланды: