Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп,
ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
2025 жылғы 18 тамыз № 9 Шортанды к.
«Таза Қазақстан» бастамасын
іске асыру барысында жергілікті
атқарушы органдар мен қоғамның
өзара іс-қимылы туралы
«Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А. В. Колесниковтың «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру барысында жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның өзара іс-қимылы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай келе, тұрақты комиссия Шортанды ауданында аталған бастаманы іске асыру шеңберінде аумақтарды санитариялық тазалау және абаттандыру, елді мекендерді көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою, инфрақұрылым объектілерін жөндеу, автомобиль жолдарын, көшелерді жарықтандыру жүйесін, қоғамдық кеңістіктерді, балалар және спорт алаңдарын күтіп-ұстау бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтеді.
Жергілікті атқарушы органдардың халықпен, қоғамдық бірлестіктермен, волонтерлік ұйымдармен, бизнес өкілдерімен және азаматтық қоғамның өзге де институттарымен жүйелі өзара іс-қимылын қамтамасыз ету ерекше маңызға ие.
Жүргізілген талдау Шортанды ауданының елді мекендерінде аумақтардың санитариялық жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралардың едәуір көлемі жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.
Елді мекендерді көгалдандыру шеңберінде ағаштар мен бұталарды отырғызу, жасыл желектерді күтіп-ұстау, қураған және апатты ағаштарды кесу бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бұл ауылдық округтер тұрғындарының көлік қатынасының қолжетімділігі мен жүріп-тұру қолайлылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, тұрақты нәтижені қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқан іс-шараларды үйлестіруді одан әрі жетілдіру, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, қоғамдық қатысуды дамыту және абаттандыру объектілерінің жай-күйіне тұрақты бақылауды қамтамасыз ету қажет.
Ауылдық елді мекендердің жай-күйіне жүргізілген мониторинг олардың аумақтарында жусан басқан және шабылмаған шөп өскен учаскелердің әлі де бар екенін көрсетті. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша өз өкілеттіктерін әлі де жеткілікті деңгейде пайдаланбай отыр.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А. В. Колесниковтың «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру барысында жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның өзара іс-қимылы туралы» ақпараты назарға алынсын.
2. Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органдарына:
- ауданның елді мекендерінде санитариялық және экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруды;
- экологиялық және абаттандыру іс-шараларын өткізу барысында қоғамдық ұйымдармен, аудандық мәслихат депутаттарымен, еңбек ұжымдарымен, жастармен, волонтерлермен және елді мекендердің тұрғындарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді;
- халық арасында санитариялық нормаларды сақтау, аумақтарды абаттандыру, қалдықтарды дұрыс басқару және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;
- аудан елді мекендерінің аумақтарында сенбіліктерді, экологиялық акцияларды, абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау іс-шараларын тұрақты түрде өткізуді қамтамасыз етуді;
- қоғамдық орындарды, көшелерді, аулаларды, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін, халықтың жаппай демалу орындарын және су объектілерінің айналасындағы аумақтарды күтіп-ұстауға ерекше назар аударуды;
- «Таза Қазақстан» бастамасы іс-шараларына тұрғындарды еріктілік, қоғамдық жауапкершілік және өзара ынтымақтастық қағидаттары негізінде қатысуға тарту жөніндегі жұмысты жандандыруды;
- халықтың хабардарлығын арттыру және азаматтарды экологиялық бастамаларға тарту мақсатында өткізілетін іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялауды қамтамасыз етуді;
- тұрғындар мен ұйымдардың бекітілген және іргелес аумақтардың санитариялық жағдайына жауапкершілігін арттыруға бағытталған қоғамдық қатысудың жаңа нысандарын енгізу мүмкіндігін қарастыруды;
- кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтуді ұсыну.
3. Ауданның мемлекеттік мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына аумақтарды абаттандыру және санитариялық тазалау жөніндегі іс-шараларға еңбек ұжымдарының қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ іргелес аумақтардың тиісті санитариялық жай-күйін сақтау бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.
4. «Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және халықтың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасын насихаттау жөніндегі ақпараттық жұмысты жандандыру ұсынылсын.
5. «Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не және кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне алдағы жұмысты жоспарлау кезінде халықпен кездесулер және қоғамдық іс-шаралар барысында келіп түсетін тұрғындардың, қоғамдық ұйымдардың және мәслихат депутаттарының ұсыныстары мен бастамаларын ескеру ұсынылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
7. Осы сұрақты ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына қарай қайта қарау.
Тұрақты комиссияның
төрағасы Е. Шахметов