Шортанды ауданында қосымша және мектептен тыс білім берудің жай-күйі туралы

    ·

    Депутаттық өкiлеттiк пен әдеп, жастар iсi, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, бiлiм беру, мәдениет, заңдылық пен құқық тәртiбi мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияның

    ҚАУЛЫСЫ

    2026 жылғы 28 тамыздағы № 8 Шортанды к.

    Шортанды ауданында

    қосымша және мектептен

    тыс білім берудің жай-күйі

    туралы

    «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Н.Н. Шахметовтың «Шортанды ауданындағы қосымша және мектептен тыс білім берудің жай-күйі туралы» ақпаратын тыңдап, талқылай келе, Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ауданда балалардың сабақтан тыс мазмұнды жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, олардың шығармашылық, зияткерлік және сондай-ақ өскелең ұрпаққа азаматтық-патриоттық тәрбиелеу бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    Ауданда 676 кәмелетке толмаған бала қамтылған 3 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Мемлекеттік білім беруді орналастыру шеңберінде 2026 жылдың тамыз айынан бастап екі жеке қосымша білім беру ұйымы – «Шахнияз» ЖШС («Үкілі Үміт» ҚДМ) және «Smart Digital School» ЖШС қызметін бастады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде қосымша білім берудің түрлі бағыттары бойынша балаларға арналған 389 орын көзделген.

    Ауданның барлық 23 жалпы білім беретін мектептерінде үйірме жұмыстары ұйымдастырылды. Барлығы 171 тегін қызығушылық үйірмесі және 3179 баланы қамтитын спорт секциясы жұмыс істейді. Көркемдік-эстетикалық, музыкалық, техникалық, зияткерлік, спорттық, әскери-патриоттық және азаматтық-патриоттық бағыттар дамуда.

    Пікірталас қозғалысы дамып жатыр. Балаларды патриоттық, адамгершілік тәрбиелеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі, оқушыларға спортпен шұғылдану көзделген.

    Өткізілетін жұмыстың нәтижелілігі туралы білім алушылардың облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлердегі жетістіктері куәландырады. Есепті кезеңде 8 оқушы республикалық іс-шараларда жүлделі орындарға ие болды, 68 оқушы облыстық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Музыкалық мектеп пен балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтарының тәрбиеленушілері де жоғары нәтижелер көрсетіп отыр.

    Сонымен қатар, қосымша және мектептен тыс білім беру жағдайын талдау одан әрі назар аударуды және жүйелі шешуді қажет ететін бірқатар мәселелердің болуын көрсетеді.

    Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, алыс ауылдық елді мекендерде тұратын балалар үшін қосымша білім берудің тең емес қолжетімділігі мәселесі сақталуда. Балалардың бір бөлігі үшін аудандық қосымша білім беру мекемелеріне бару мүмкіндігі аумақтық қашықтықпен, ыңғайлы көлік болмауымен, сүйемелдеуді ұйымдастыру қажеттілігімен және ата-аналардың қосымша көлік шығындарымен шектеледі. Осыған байланысты балалардың тұрғылықты жері бойынша көшпелі сабақтарды, филиалдарды және үйірме жұмыстарын одан әрі дамыту талап етіледі.

    Қосымша білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету бойынша жекелеген мәселелер бар. Бірқатар мекемелерде сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша педагогикалық сағаттар мен мамандар қажет. Атап айтқанда, ағылшын тілі, би, вокал, музыкалық аспаптарда ойнау үшін мүмкіндіктерді кеңейту, сондай-ақ ақпараттық технологиялармен және жасанды интеллектті қолданумен байланысты жаңа бағыттарды дамыту қажет. Музыка мектебінде жекелеген мамандықтар бойынша педагог кадрларға және кітапханашының штат бірлігіне қажеттілік сақталады, жекелеген ұйымдарда көмекші персоналмен қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.

    Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға одан әрі назар аударуды талап етеді. Жалпы оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланғанына қарамастан, бірқатар ұйымдарда компьютерлік техниканы жаңарту, музыкалық аспаптарды, спорттық жабдықтарды және оқу кабинеттері мен шығармашылық шеберханаларға арналған мамандандырылған жабдықтарды сатып алу қажеттілігі бар. Сондай-ақ, жекелеген үй-жайларға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу, жиһазды, еден жабындарын және материалдық-техникалық базаның басқа да элементтерін жаңарту талап етіледі.

    Бұдан басқа, қосымша білім берудің қазіргі заманғы және талап етілетін бағыттарының спектрін кеңейту, мемлекеттік білім беру тапсырысын пайдаланудың тиімділігін арттыру, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын балаларды қамтуды ұлғайту, сондай-ақ қосымша білім берудің әртүрлі нысандарының тең қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

    Жалпы, Шортанды ауданындағы қосымша және мектептен тыс білім берудің жай-күйі үйірмелер мен секциялар желісін дамыту, балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және олардың белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың дәлелі болып табылады. Сонымен қатар, осы саланы одан әрі дамыту қосымша білім берудің қолжетімділігін арттыру, ұйымдардың кадрлық және материалдық-техникалық әлеуетін нығайту, қазіргі заманғы бағыттарды дамыту және балалардың жан-жақты дамуы үшін тең мүмкіндіктер жасау жөнінде дәйекті шаралар қабылдауды талап етеді.

    Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сүйене отырып, тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Н.Н. Шахметовтың Шортанды ауданындағы қосымша және мектептен тыс білім берудің жай-күйі туралы ақпараты назарға алынсын.

    2. «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ (Шахметов Н.Н.):

    - ауданның барлық елді мекендерінде тұратын балалар үшін қосымша білім берудің әртүрлі бағыттарының қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, балаларды қосымша және мектептен тыс біліммен қамтуды кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру;

    - мемлекеттік білім беру тапсырысының мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды және ата-аналар мен білім алушыларды қосымша білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету;

    - ауылдық және алыс елді мекендерге ерекше назар аудара отырып, жалпы білім беретін мектептерде тегін үйірмелер мен спорт секцияларының желісін дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру;

    - қосымша білім берудің көліктік қолжетімділігін арттыру мақсатында көшпелі сабақтарды және қосымша білім беру ұйымдарының филиалдарын, сондай-ақ балалардың тұратын жері бойынша тікелей үйірме және секциялық жұмысты ұйымдастырудың өзге де нысандарын одан әрі дамыту мәселесін пысықтау;

    - техникалық және ғылыми шығармашылықты, робототехниканы, ақпараттық технологияларды, жасанды интеллектті зерттеу мен қолдануды, тілдік дайындықты, дебаттық қозғалысты, музыкалық және көркем шығармашылықты қоса алғанда, қосымша білім берудің қазіргі заманғы және сұранысқа ие бағыттарын дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

    - қосымша білім беру ұйымдарын қажетті бағыттар бойынша мамандарға және педагогикалық сағаттарға қажеттілікті ескере отырып, қажетті педагог кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

    - қосымша білім беру ұйымдарын көмекші персоналдың қажетті штат бірліктерімен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді кезең-кезеңімен шешу мүмкіндігін қарастыру;

    - қосымша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен нығайту және жаңарту, оның ішінде компьютерлік техниканы, музыкалық аспаптарды, спорттық жабдықтарды және оқу кабинеттері мен шығармашылық шеберханаларға арналған жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастыру;

    - дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға және шығармашылық іс-шараларға қатысуы үшін жағдай жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру;

    - қосымша білім беру ұйымдарының балаларды сабақтан тыс жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және үйірмелер мен секциялардың қызметі туралы хабардар ету мәселелері бойынша жалпы білім беретін мектептермен және ата-аналармен (заңды өкілдермен) одан әрі өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

    - балалардың болуының қауіпсіз және тиісті жағдайларын жасау, сабақтарды өткізу және төтенше жағдайларда іс-қимылдарды пысықтау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі жұмысты жалғастыру.

    3. Ауданның қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерінің басшыларына ұсынылсын:

    - білім алушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, балалар мен ата-аналар арасында үйірмелер мен секциялардың қажеттілігіне тұрақты мониторингті қамтамасыз ету;

    - балаларды, оның ішінде ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды қосымша біліммен қамтуды сақтау және кеңейту жөнінде шаралар қабылдау;

    - ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, білім алушылардың қабілеттерін дамыту және әртүрлі деңгейдегі конкурстарда, олимпиадаларда және жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру;

    - қолда бар кадрлық, материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен әдеп, жастар ісіс, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    Тұрақты

    комиссияның төрағасы Ғ. Даитова

    Ұқсас материалдар

    Қаулы

    «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру барысында жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның өзара іс-қимылы туралы

    Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының ҚАУЛЫСЫ 2025 жылғы 18 тамыз № 9 Шортанды к. «Таза Қазақстан»...

    Жарияланды:
    Қаулы

    Ауданның учаскелік полиция инспекторларының бекітілген аумақтағы халықпен өзара іс-қимылы және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу туралы

    Депутаттық өкiлеттiк пен әдеп, жастар iсi, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, бiлiм беру, мәдениет, заңдылық пен құқық тәртiбi мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияның ҚАУЛЫСЫ 2026 жылғы28тамыздағы№ 7 Шо...

    Жарияланды:
    Шешім

    «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

    «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-ба...

    Жарияланды:
    Шешім

    № 8С-54/2 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 8С-50/9 «Шортанды аудандық мәслихатының ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы кейбір шешімдерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» шешімінің күшін жою туралы)

    Шортанды аудандық мәслихатының2026 жылғы 31 наурыздағы № 8С-50/9«Шортанды аудандық мәслихатының ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы кейбір шешімдерінің қолданылуынтоқтата тұру туралы» шешімінің күшін ж...

    Жарияланды:
    Шешім

    № 8С-54/1 шешім (Күн тәртібі)

    Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыселу төртінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...

    Жарияланды:
    Шешім

    Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 маусымдағы № 8С-52/7 "Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-32/3 «2025-2029 жылдарға арналған Шортанды ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі

    Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-32/3 «2025-2029 жылдарға арналған Шортанды ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдаланужөніндегі Жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгіз...

    Жарияланды:
    Шешім

    № 8С-52/8 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселелер туралы)

    Шортанды аудандықмәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселелер туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі...

    Жарияланды:
    Шешім

    № 8С-52/3 шешім (2025 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы)

    2025 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы Шортанды ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ш. Х. Ахметованың «2025 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтер...

    Жарияланды: