Шортанды аудандық мәслихатының2026 жылғы 31 наурыздағы № 8С-50/9«Шортанды аудандық мәслихатының ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы кейбір шешімдерінің қолданылуынтоқтата тұру туралы» шешімінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес және Ақмола облысы прокуратурасының 2026 жылғы 25 тамыздағы № 2-02-26-08544 наразылығы негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 8С-50/9 «Шортанды аудандық мәслихатының ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы кейбір шешімдерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» шешімінің күші жойылсын.
2. Шешімнің көшірмесі мәлімет және орындау үшін Шортанды ауданының әкімдігіне, Шортанды ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - ММ), Шортанды ауданының «Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, Шортанды кентінің, Дамса ауылдық округінің және Бозайғыр ауылдық округінің әкімдеріне жолдансын.
3. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттыңтөрағасыГ. Сәдуақасова