Описторхоз

    Амангелді ауданының әкімдігі

    Описторхоз-бұл адамның ұйқы безін, өт жолдарын және бауырын зақымдайтын табиғи-ошақтық, құрт ауруы. Паразит адам ағзасында ондаған жылдар бойы өмір сүреді. Ұзак уақыт адам ағзасында паразиттік өмір сүретін описторхтар бауыр обырын тудыруы мүмкін.

    Ауру қоздырғышы- үлкендігі1см болатын описторх құрты немесе сібір сорғышы, оның жұмыртқасы өте ұсақ болады. Құрттың жұмыртқасы мен балаңқұрты(личинкасы) қоршаған ортаға төзімді келеді: топырақ үстінде құрт жұмыртқалары 10 күнге дейін, ал су айдындарында 2 жылға дейін сақталады, балаңқұрттар - 12 градуста 1 айға дейін, балықтағы тұздың мөлшері 10% болғанда 37күнге дейін, қақталған балықта 20 күнге дейін сақталады. Балықты ыстықтай қақтау балаңқұрттарды жойып жібереді, ал суықтай қақтау олардың өмір сүруіне әсер етпейді .

    Біздің елімізде описторхоздың ең үлкен табиғи ошағы - Ертіс өзенінің бойындағы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары.Описторхтың балаңқұрттары тұқы(карп) тұқымдастарына жататын балықтарда болады. Құрттың даму ерекшеліктеріне байланысты Ертіс өзенінің төменгі ағысында балықтардың описторх құртымен залалдануы жоғары, сол себепті описторхоз ауруының көп таралуы- аурушаңдық бойынша қолайсыз аумақтар - Семей, Курчатов қалаларының тұрғындары арасында да байқалады. Описторхозбен балықшылар, су көлігінің жұмысшылары және өзен жағалауы тұрғындары жиі ауырады, ауру жаз-күз мезгілдерінде жұғады.

    Описторхоз ауруы қалай жұғады?

    Адам ағзасына паразиттің балаңқұрттары шикі немесе жеткіліксіз қақталған, сүрленген, пісірілген, қуырылған тұқы(карп) тұқымдастарына жататын балықтарды жегенде түседі.Адам ағзасында 1 айдан кейін описторхистың балаңқұрттары ересек құртқа айналып,қоршаған ортаға жұмыртқа бөле бастайды. Адамның нәжісі арқылы паразиттің жұмыртқалары қоршаған ортаға таралады, топырақтан жауын суымен суайдындарына түседі.Құрттың жұмыртқалары алдымен судағы моллюскаларда өсіп, дамиды да кішкене балаңқұрттар пайда болады, олар тұқы(карп) тұқымдастарына жататын балықтардың ағзасына түсіп, ересек балаңқұрттарға айналады.

    Ауру белгілері қандай?

    Аурудың жасырын кезеңі описторхистың балаңқұрттары адам ағзасына түскеннен кейін 2-4 аптаға созылады. Науқастың оң жақ қабырғасының асты, бұлшық еттері мен буындары ауырады, жүрегі айнып, басы ауырады, ыстығы 37- 38° градусқа дейін көтеріледі, теріде бөрткендер, есекжем, ісік пайда болады, яғни ешқандай себепсіз пайда болып немесе жоқ болып кететін аллергия дамиды, суыққа да аллергия пайда болады.Асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы, қаназдылық, аурудың соңғы кезеңінде созылмалы холецистит, панкреатит, гастродуоденит белгілері байқалады, ауыр асқынуларға - ішектің түйілуі жатады. Описторхозда ешқандай ауру белгілерінің байқалмай бірден бауыр обырыныңпайдаболуы мүмкін. Клиникалық-диагностикалық зертханаларда науқастың нәжісін микроскоппен қарау арқылы описторхистың жұмыртқаларын анықтауға болады.

    Описторхоз ауруының алдын алу жолдары

    1.Шикі және жеткілікті тұздалмаған, пісірілмеген тұқы(карп) тұқымдастарына жататын балықтарды жеуге болмайды.

    2.Описторхистың балаңқұрттарынан балықты зарарасыздандыру келесі тәсілдер арқылы жүргізіледі:

    - мұздатутәсілі:- 18°С температурада 14 тәулікбойы,

    - балықкотлеттерінжәнекішкенетілімдергебөлінген балықтарды 20минут бойықуыруқажет. Ұсақбалықтардытұтаскүйінде 20минут бойықуырукерек, балыққосылғанпирогты 45-60 минут пісіру қажет,

    - балықтыкішкенетілімдергебөліп, қайнағансоң 20 минут, ал балықтұшпараларын қайнағансоң 10 минут пісірукерек.

    1. Шикі балықты дайындаған кезде бөлек пышақ, тәрелке, тақтайша пайдалану қажет.
    2. Сатуға рұхсат етілмеген жерлерден балық алмаған дұрыс.
    3. Өзен жағалауларын нәжіспен ластамау қажет.
    Жүктеу
    4c55ebe5011f8c434806a026cf51fbee_original.14004.docx
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ақпараттық хабарлама

    Амангелді ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған Амангелді ауданының ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің негізгі параметрлері жөніндегі ақпарат

    2026-2028 жылдарға арналған ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2026-2028 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік парам...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған Амангелді ауданының аудандық бюджетінің негізгі параметрлері жөніндегі ақпарат

    2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2026-2028 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің және Мемлекет...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Педикулез (биттену) туралы не білеміз?

    Педикулез /латын тілінен алғанда, рediculus humanus/- адам биті деген мағынаны білдіреді, биттердің адам денесінде паразиттенуі. Педикулез ауруының таралуына көп жағдайда әлеуметтік факторлар әсер етеді. Ауру ошақтарының...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Адам папиллома вирусы

    Жалпы ақпарат Адам папиллома вирусы (АПВ) кондилома түзілуімен сипатталатын жиі таралған вирус. АПВ 100 астам түрі бар. Көбісі қауіпті емес, бірақ 30 жуық түрі қатерлі ісікке алып келеді. АПВ жыныс мүшелерін зақымдап жән...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Тұмауға қарсы егілу жұмыстары басталады

    Ауданымызда 2026-2027 жылдардыңэпидемиялықмаусымынатұмау, жітіреспираторлықвирустықинфекциялардың /ЖРВИ/ алдыналубойыншасанитариялық-эпидемияғақарсыіс-шаралардыөткізужұмыстарыбасталды. Жылсайынкүзгі-қысқыкезеңдетұмаувиру...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Менингококкты инфекция

    Менингококкты инфекция - жедел респираторлы бактериалды қоздырғышы ауа-тамшы арқылы берілетін, мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатының зақымдалуымен, жұмсақ ми қабығының қабынуымен,аурудың симптомсыз түрінен бастап, іріңді мен...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қызылша дерті-сақтаныңыз!

    Ауру көбіне шет елдерден келетінін, сондықтан көші-қон факторларын ескере отырып, аурудың әкеліну қаупінің жоғары екенін ескертеді. Қызылша- ауа тамшылы инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру. Жұқпа адамн...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды: