Менингококкты инфекция

    Амангелді ауданының әкімдігі

    Менингококкты инфекция - жедел респираторлы бактериалды қоздырғышы ауа-тамшы арқылы берілетін, мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатының зақымдалуымен, жұмсақ ми қабығының қабынуымен,аурудың симптомсыз түрінен бастап, іріңді менингококкты сепсиске дейінгі клиникалық түрлерімен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – менингококк (Neisseria meningitides) менингитпен ауырған адамдардың жұлын сұйықтығынан бөлінген. Менингококк экзотоксин түзбейді, бірақ клетка ыдырағанда өте күшті эндотоксин бөлінеді. Менингококктар қоршаған орта факторларына төзімсіз. Температураның оптималды жағдайын ауытқуы, құрғатылу тез өлтіреді. Сондықтан зерттеу материалы тасмалданғанда бұл жағдайлар ескерілуі қажет. Қолданыстағы дезинфектанттардың бәріне сезімтал. Антибактериалды препараттарға сезімталдығы жоғары. Соңғы жылдары сульфаниламидтерге төзімділік қалыптасқаны айқын аңғарылады, сондықтан бұл топтағы препараттар қолданылмайды.

    Жұқпа көзі - науқас адам және бактерия тасымалдаушы. Қоздырғыштың берілу механизмі - ауа-тамшы жолымен. Қоздырғыш қоршаған ортаға төзімсіз болғандықтан ауа - шаң жолымен, тұрмыс заттарымен беріле алмайды. Ауруға ең көп шалдыққандар 5 жасқа дейінгі балалар.

    Инкубациялық кезең – 3-10 күн.

    Жедел назофарингит – ең жиі кездесетін түрі. 1-3 күн дене қызуының аздап көтерілуі мен әлсіздік, жалпы улану белгілері (бас ауруы, бас айналу) болады. Сонымен бірге мұрынның бітелуі, кілегей қабаттарының қызаруы, құрғауы білінеді.

    Менингит: ауру жедел басталады. Қалтырау және дене қызуы 38-40ºC – қа көтерілуі болады. Ауру жалпы әлсіздікпен, көз алмасының ауырсынуымен, маңдай, самай, сирегірек шүйде аймақтарының ауырсынуымен сипатталады. Ал кішкентай баланың анасы аурудың қай уақытта басталғанына дейін айта алады. Ауру біртіндеп күшейе бастайды. Басының ауырғаны күшейіп, анальгетиктерге басылмайды. Науқастың жағдайы күрт төмендеп, ақыл есі бұзыла бастайды. 10-14 сағаттың ішінде аяқ-қолдарының терісіне жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелер шыға бастайды. Ауыр түрінде геморрагиялық элемент өте үлкен ортасында некроз болады. Көз склерасында, мұрын жұтқыншақтың кілегей қабатына қан құйылулары байқалады. Мұрыннан, асқазаннан, жаттырдан қан кету болады. Науқасты қараған кезде менингеальды симптомдар аңғарылады. Шүйде бұлшықетінің тартылуы, Керниг, Брудзинский симптомы, жарықтан қорқу, гиперестезия дамиды. Науқас көбіне бір қырынан, аяқ-қолдарын жинап («ит тәрізді») жатады.

    Алдын алу шаралары. Ұжымдарда, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар ұжымдарында санитариялық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау. Бөлмені жиі-жиі желдету, ылғалды өңдеу, бактероциттік шам қолдану қоздырғыштың берілу механизмін әлсіретеді. Ауруға шалдығу деңгейінің артуы байқалғанда санитариялық ағарту жұмыстарын жандандыру қажет. Жас балалардың аналарымен, жасөспірімдермен, балалар ұжымдарының күтушілерімен, тәрбиешілерімен , тұрмыста қолданылатын дезинфектанттар, мінез – құлық әрекеттері және т.б. эпидемиологиялық маңызды мәселелер бойынша әңгіме өткізу, санбюллетеньдер шығарып түсіндіру жұмыстарын жандандыру маңызды. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!

    Жүктеу
    54a14539bada16385541ad8faf79ba6b_original.13045.docx
    DOCX · 13 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ақпараттық хабарлама

    Амангелді ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған Амангелді ауданының ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің негізгі параметрлері жөніндегі ақпарат

    2026-2028 жылдарға арналған ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2026-2028 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік парам...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған Амангелді ауданының аудандық бюджетінің негізгі параметрлері жөніндегі ақпарат

    2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2026-2028 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің және Мемлекет...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Педикулез (биттену) туралы не білеміз?

    Педикулез /латын тілінен алғанда, рediculus humanus/- адам биті деген мағынаны білдіреді, биттердің адам денесінде паразиттенуі. Педикулез ауруының таралуына көп жағдайда әлеуметтік факторлар әсер етеді. Ауру ошақтарының...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Описторхоз

    Описторхоз-бұл адамның ұйқы безін, өт жолдарын және бауырын зақымдайтын табиғи-ошақтық, құрт ауруы. Паразит адам ағзасында ондаған жылдар бойы өмір сүреді. Ұзак уақыт адам ағзасында паразиттік өмір сүретін описторхтар ба...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Адам папиллома вирусы

    Жалпы ақпарат Адам папиллома вирусы (АПВ) кондилома түзілуімен сипатталатын жиі таралған вирус. АПВ 100 астам түрі бар. Көбісі қауіпті емес, бірақ 30 жуық түрі қатерлі ісікке алып келеді. АПВ жыныс мүшелерін зақымдап жән...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Тұмауға қарсы егілу жұмыстары басталады

    Ауданымызда 2026-2027 жылдардыңэпидемиялықмаусымынатұмау, жітіреспираторлықвирустықинфекциялардың /ЖРВИ/ алдыналубойыншасанитариялық-эпидемияғақарсыіс-шаралардыөткізужұмыстарыбасталды. Жылсайынкүзгі-қысқыкезеңдетұмаувиру...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қызылша дерті-сақтаныңыз!

    Ауру көбіне шет елдерден келетінін, сондықтан көші-қон факторларын ескере отырып, аурудың әкеліну қаупінің жоғары екенін ескертеді. Қызылша- ауа тамшылы инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру. Жұқпа адамн...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды: