ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «1001 МАҚАЛ, 101 ЖҰМБАҚ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК БРЕЙН-РИНГ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

    ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА«1001 МАҚАЛ, 101 ЖҰМБАҚ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК БРЕЙН-РИНГ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

    2026 жылғы 28 тамызда «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастыруымен Министрліктің 2025 жылғы 17 наурыздағы № 391 бұйрығының 28-тармағын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау мекемелері арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты зияткерлік брейн-ринг байқауы өтті.

    Байқаудың негізгі мақсаты - қатысушылардың сөздік қоры мен зияткерлік қабілетін арттыру, ата-бабамыздан қалған өшпес мұра - мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды дәріптеу арқылы ана тіліміздің мәртебесін асқақтату, сондай-ақ медициналық ұйымдар арасындағы мекемеаралық қарым-қатынасты дамыту.

    Іс-шараға денсаулық сақтау және білім беру саласының жетекші ұйымдарынан құралған «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» - «Даналық дозасы», «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» - «Оңалту қырандары», «Отан соғысының ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» - «Тіл жанашырлары», «Астана медицина университеті» — «Med Science»,«Ұлттық нейрохирургия орталығы»— «Ой-сана сақшылары», «Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК - «Сынықшылар» 6 команда қатысты.

    Зияткерлік сайыс «Таныстыру, «Ата-баба мұрасы», «Ойлан, тап», «Капитандар сайысы» және «Жүйріктен жүйрік озар...» атты кезеңнен тұрды.

    Брейн-ринг барысында әр команда жоғары дайындық пен ерекше тапқырлық танытып, білімі мен жан-жақты өнерін паш етті. Іс-шараның шымылдығын ашқан таныстыру кезеңінде қатысушылар сахнаға көздің жауын алатын қазақтың ұлттық киімдерімен шықты. Әр команда өз тобын асқан шеберлікпен, мазмұнды етіп таныстыра білді. Сонымен қатар қатысушылар мақал-мәтелдердің астарлы мағынасын ашуда, логикалық жұмбақтардың шешуін жылдам табуда және капитандар сайысында ой жүйріктігін көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасын тәнті етті.

    Медицина қызметкерлері мен сала мамандары өз кәсібінің майталманы ғана емес, сонымен бірге ұлттық құндылықтар мен ана тіліміздің нағыз жанашыры екендіктерін іс жүзінде дәлелдей білді. Тартысты әрі тартымды өткен сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

    Бас жүлде - «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» АҚ «Оңалту қырандары» командасына бұйырды;

    І орын - «Астана медицина университеті» «Med Science» командасы;

    ІІ орын - «Отан соғысының ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК «Тіл жанашырлары» командасы;

    ІІІ орын - «Ұлттық нейрохирургия орталығы» «Ой-сана сақшылары» командасы.

    Сонымен қатар, сайыс кезеңдерінде ерекше өнерімен көзге түскен қатысушылар мен ұжымдар арнайы аталымдармен марапатталды:

    «Сөз мергені» номинациясы - «Оңалту қырандары» командасының капитаны Б. Әбішевке бұйырды;

    «Үздік таныстырылым» номинациясы — «Ой-сана сақшылары» командасына берілді;

    «Бірлігі жарасқан команда» номинациясымен — «Тіл жанашырлары» командасы марапатталды.

    Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, алғыс хаттар және сыйлықтар табыс етілді.

    Іс-шара тіл саясатын жүйелі іске асырумен қатар, денсаулық сақтау жүйесіндегі мекемеаралық ынтымақтастықты нығайтқан маңызды мәдени жоба болды.

    ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «1001 МАҚАЛ, 101 ЖҰМБАҚ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК БРЕЙН-РИНГ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

    ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «1001 МАҚАЛ, 101 ЖҰМБАҚ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК БРЕЙН-РИНГ БАЙҚАУЫ ӨТТІДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «1001 МАҚАЛ, 101 ЖҰМБАҚ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК БРЕЙН-РИНГ БАЙҚАУЫ ӨТТІДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «1001 МАҚАЛ, 101 ЖҰМБАҚ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК БРЕЙН-РИНГ БАЙҚАУЫ ӨТТІДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «1001 МАҚАЛ, 101 ЖҰМБАҚ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК БРЕЙН-РИНГ БАЙҚАУЫ ӨТТІДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «1001 МАҚАЛ, 101 ЖҰМБАҚ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК БРЕЙН-РИНГ БАЙҚАУЫ ӨТТІДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «1001 МАҚАЛ, 101 ЖҰМБАҚ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК БРЕЙН-РИНГ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
    ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «1001 МАҚАЛ, 101 ЖҰМБАҚ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК БРЕЙН-РИНГ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

    ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА «1001 МАҚАЛ, 101 ЖҰМБАҚ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК БРЕЙН-РИНГ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

    Жүктеу
    Информация
    Информация
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    ҚР ДСМ 2026 жылғы 1 қыркүйектегі бюджет қаражатының игерілуі туралы

    ҚР ДСМ 2026 жылғы 1 қыркүйектегі бюджет қаражатының игерілуі туралы

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2022 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының индикаторлар есептеу әдістемесі

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге (медициналық қызметтер кешені) тарифтерді қалыптастыру бойынша 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 744 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    Медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру, болжау және жоспарлау бойынша жұмыс органын айқындау туралы

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    «Референттік денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Жоспар

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Ақпарат

    Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ тапсырды

    Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ тапсырды Ағымдағы жылғы 26 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы Орталық аппарат ж...

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК-да 2023 жылғы 1 сәуірден 2026 жылғы 31 наурызға дейінгі аудит кезеңі бойынша жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындысын шығарды.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК-да 2023 жылғы 1 сәуірден 2026 жылғы 31 наурызға дейінгі аудит кезеңі бойынша жүргізілген ішкі мемлекетті...

    ҚР ДСМЖарияланды: