Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ тапсырды
Ағымдағы жылғы 26 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы Орталық аппарат және ведомстволарының мемлекеттік қызметішлерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау және бағалау мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тест өткізді.
Тестілеу сөйлеу әркетінің негізгі түрлері – тыңдалым және оқылым бөліктері бойынша жүргізілді.
Министрлік бойынша диагностикалық тестілеуге 80 мемлекеттік қызметшісі қатысты.
Мемлекеттік қызметшілердің және денсаулық сақтау мемлекеттік қызметтерін ұсынатын қызметкерлердің «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1, В2 деңгейінде меңгеру үлесін арттыру ҚД-да тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес іске асырылды.



