ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА: ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 40 ОТБАСЫ ПӘТЕР КІЛТІНЕ ИЕ БОЛДЫ

    "Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" КММ

    ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА: ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 40 ОТБАСЫ ПӘТЕР КІЛТІНЕ ИЕ БОЛДЫ

    🔷 Бүгін Шымкент қаласында кезекті 40 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Бұл – жай ғана статистикалық көрсеткіш емес, нақты нәтижені білдіретін маңызды оқиға. Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

    🔷 Көп пәтерлі үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген кредиттік бағдарламалары аясында төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға беріліп отыр.

    🔷 Баспанаға ие болғандардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, бюджет ұйымдарының қызметкерлері бар.

    🔷 Тұрғын үйлер белгіленген құрылыс нормалары мен сапа талаптарына сәйкес келеді.

    🔷 Айта кетейік, Шымкентте бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Жоба баспана қолжетімділігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Жүктеу
    4c133646247797038c49b088d5390183_original.5106059.jpeg
    JPEG · 4,9 МБ
    Жүктеу
    520d64b38a8fb7b563c0edfd195d425c_original.130973.jpeg
    JPEG · 128 КБ
    Жүктеу
    b24c547fd442fc4943d207fc19348a0b_original.125402.jpeg
    JPEG · 122 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА 3 687 ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ

    ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА 3 687 ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ 🔷 Шымкентте қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда. Бүгін Асар-2 шағынауданында орналасқан жаңа пәтерлердің...

    Бюджет

    «Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2026-2028 жылдарға арналған Бюджеттік паспорты

    Бюджеттік паспорты 2026-2028 жылдарға

    Ақпарат

    ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ: ШЫМКЕНТТЕ 40 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

    ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ: ШЫМКЕНТТЕ 40 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ 🔷 Шымкентте жаңа үйлердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Жеңілдетілген несиелендіру бағларламасының көмегімен 40 отбасы баспаналы болды. 🔷 Іс-шараға қала әкімі Ғабит...

    Хаттама

    Реестр МЖД

    Ақпарат

    САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА АЛУ: ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 40 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

    САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА АЛУ: ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 40 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ 🔷 Шымкентте тағы 40 отбасы кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлерге ие болды. Жаңа қоныстанушыларға пәтер кілттерін қала әкімі Ғабит С...

    Ақпарат

    ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ 17 ТАМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ

    ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ 17 ТАМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ Құрметті Шымкент тұрғындары! Тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау 2026 жылдың 17 тамызынан басталады. Бұл – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясы...

    Ақпарат

    ШЫМКЕНТ: БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН 40 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

    ШЫМКЕНТ: БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН 40 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ 🔷 Шымкент қаласында кезекті 40 отбасы баспаналы болды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жалға берілетін, кейін сатып алу құқығы қарастырылған тұрғын үй б...

    Баспасөз-хабарлама

    ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА: ШЫМКЕНТТЕ 31 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

    ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА: ШЫМКЕНТТЕ 31 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ 🔷 Жаңа үйлердің салынуы және қолданыстағы ипотекалық бағдарламалардың іске асырылуы азаматтардың жеке баспаналы болуына қосымша мүмкіндік беріп отыр. Мұн...