ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА: ШЫМКЕНТТЕ 31 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

    "Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" КММ

    ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА: ШЫМКЕНТТЕ 31 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

    🔷 Жаңа үйлердің салынуы және қолданыстағы ипотекалық бағдарламалардың іске асырылуы азаматтардың жеке баспаналы болуына қосымша мүмкіндік беріп отыр. Мұндай кешенді тәсіл халықтың әртүрлі санаттарына баспана мәселесін қолжетімді шарттармен шешуге жол ашады.

    🔷 Осындай тиімді тетіктердің бірі – «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары. Бүгін осы бағдарламалардың қатысушысы атанған кезекті 31 отбасы жаңа баспанаға ие болды.
    Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады. Пәтерлер Ақжайық шағынауданындағы көп қабатты үйлерден беріліп отыр.

    🔷 Жаңа пәтер иелерінің қатарында мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы отбасылар, ерекше тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар.

    🔷 Айта кету керек, пәтерлерге қоныстандыру жұмысы қаладағы шағынаудандардың дамуына және жаңа үйлердің пайдалануға берілуіне қарай кезең-кезеңімен жалғасуда.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Жүктеу
    bf613040201baeca2de3bc7e57dfece0_original.4907344.jpeg
    JPEG · 4,7 МБ
    Жүктеу
    89a180ba0a596d6e90f4561a18c64a60_original.168746.jpeg
    JPEG · 165 КБ
    Жүктеу
    eee137d24da113a819ca760828ffe7d1_original.150443.jpeg
    JPEG · 147 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    ШЫМКЕНТ: БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН 40 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

    ШЫМКЕНТ: БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН 40 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ 🔷 Шымкент қаласында кезекті 40 отбасы баспаналы болды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жалға берілетін, кейін сатып алу құқығы қарастырылған тұрғын үй б...

    Қаулы

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

    Ақпарат

    ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

    ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 🔷 Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында 30 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. 🔷 Баспана «Отбасы банк»...

    Ақпарат

    Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы: Мемлекеттен жастарға берілген жалдамалы пәтерлерге тексеру жұмыстары жүргізілуде.

    Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы: Мемлекеттен жастарға берілген жалдамалы пәтерлерге тексеру жұмыстары жүргізілуде.

    Статистика

    ЖАҢА ПӘТЕР – ЖАҢА МҮМКІНДІК: ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

    ЖАҢА ПӘТЕР – ЖАҢА МҮМКІНДІК: ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ 🔷 Шымкент қаласында тұрғындардың баспана жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жүйелі түрде жалғасуда. «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-...

    Ақпарат

    Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тізімі

    Ақпарат

    ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

    ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 🔷 Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында 30 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. 🔷 Баспана «Отбасы банк»...

    Қағида

    Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтіні.