«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жангелдин ауданының Шилі ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеді:
Қаби Бақытбек Қайыржанұлы – 1992 жылы туған, «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру-бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді, Торғай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Сейтханов Алдан Калдыбаевич – 1988 жылы туған, «Жангелдин ауданы Аралбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бас маманы қызметін атқарады, Аралбай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Абдуллин Дастан Амирханович – 1977 жылы туған, Қ.Жармағанбетов атындағы жалпы білім бері мектебінің директоры, Шилі ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Жангелдин ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е. Жақып