«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес Жанкелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2026 жылғы 27 қыркүйекке Жангелдин ауданы Шилі ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын. 2. 2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Жангелдин ауданы Шилі ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. Осы қаулы Жанкелдин аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық "Торғай тынысы" газетінде жариялансын. Төраға Е. ЖақыпХатшы Л. Зайнуллина
Торғай ауылы2026 жылғы 19 тамыз № 17