Жангелдин ауданының аумақтық
Сайлау комиссиясының
2026 жылғы 19 тамыз №____қаулысымен бекітілген
2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған,
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
1. Жангелдин ауданы Шилі ауылдық округ іәкімінің сайлауын тағайындау (ары қарай әкімі). |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 19 тамыз 2026 жыл (113-1-б. 3-т.) |
||
2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округінің тізімін, шекарасын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып жариялау |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 29 тамыздан кешіктірмей (22-б.) |
||
3. Аумақтық сайлау комиссияның құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей– 2026 жылғы 29 тамыздан кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
||
4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 03 қыркүйектен кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
||
5. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
Жангелдин ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде - 2026 жылғы03 қыркүйектенкешіктірмей (23-б. 5-т.) |
||
6. Әкім болуға кандидаттарды ұсыну |
||
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2026 жылғы20 тамыздан басталады және 2026 жылғы01 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б. 1-т., 5-т.) |
||
7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (4-б.,113-2-б.) |
||
8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1)т., 31-б.) |
||
9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкім болуға кандидаттарға қолдауға қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 3-т.) |
||
10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып. Тиісті сайлау комиссияларына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде. (113-4-б. 8-т.) |
||
11. Кандидаттардың құжаттарын арнайы тексеру жүргізу үшін Ұлттық қауіпсіздік органдарына жолдау. |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Барлық құжаттар тіркеуге келіп түскен кезден бастап (113-5-б. 4-т.) |
||
12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2026 жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
||
Әкім болуға кандидаттар, Саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
||
13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2026 жылғы 1 тамызға) |
||
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы ) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
||
14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
||
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) |
||
15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады 2026 жылғы 20 тамызда басталады және 2026 жылғы 6 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б. 14-т.) |
||
16. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
||
17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жарақтандыру |
||
Жергiлiктi атқарушы органдар және Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
||
18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
||
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы6 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы26 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл cағатта аяқталады (27-б. 2-т.) |
||
19. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
Жергiлiктi атқарушы органдар және Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
||
20. Акт бойынша сайлау комиссиясына сайлау учаскесі бойынша қол қойған сайлаушылар тізімін ұсыну |
||
Тиісті әкім Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы6 қыркүйекте (24-б. 5-т.) |
||
21. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
||
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда 2026 жылғы12 қыркүйексағат 9:00-ден бастап (26-б. 1-т.) |
||
22. Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету |
||
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы17 қыркүйектен кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
||
23. Учаскелік сайлау комиссиясына дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін жеткізу |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кемінде үш күн бұрын және бір күннен кешіктірмей 2026 жылғы 24 қыркүйектен ерте емес және 25 қыркүйектен кешіктірмей (37-б. 3-т.) | ||
24. Дауыс беру үшін сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау |
||
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын 2026 жылғы27 қыркүйекте сағат 06.00-де жергілікті уақыт бойынша (40-б. 1-т.) |
||
25. Дауыс беруді өткізу |
||
Учаскелік сайлау комиссиясы 2026 жылғы27 қыркүйектежергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
||
26. Сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
||
Учаскелік сайлау комиссиясы Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8)т., 43-б.) |
||
27. Сайлау учаскесінің үй-жайында жалпығ абірдей танысу үшін арнайы белгіленген жерде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін іліп қою |
||
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
||
28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
||
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
||
29. Әкімді сайлау қорытындыларын белгілеу |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы30 қыркүйектенкешіктірмей (44-б. 2-т., 113-10-б. 1-т.) |
||
30. Бұқаралық ақпарат құралдарында әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарламаны жариялау |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы3 қазаннанкешіктірмей (44-б. 4-т. 3) т.) |
||
31. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
||
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесіне сәйкес келмейтін міндеттерді өзінен-өзі қосу туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін. 2026 жылғы3 қазаннанкешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
||
Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.