I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің негіздері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) мен Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) арасындағы 2026 жылғы 19 ақпандағы №06 бірлескен бұйрық.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде талдау объектісінің қызметінің негізгі бағыттары зерделенді.
Атап айтқанда, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру, ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану, сондай-ақ талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша талдау жүргізілді.
Талдау жүргізілген кезең: 2026 жылғы 19 ақпаннан 8 сәуірге дейін.
Талдаумен қамтылған кезең: 2023 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы наурызға дейін.