Ағымдағы жылдың 26 тамызында Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында Мемлекеттік қызмет департаментінің өкілі Бағдат Қапышев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың жаңа нормаларын түсіндірді.
Кездесу барысында жаңартылған заңнамада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және мүдделер қақтығысының алдын алуға ерекше назар аударылғаны атап өтілді.
Атап айтқанда, мүдделер қақтығысы енді әлеуетті, нақты және орын алған болып бөлінеді. Сондай-ақ «жеке мүдде» және «жеке мүдделерді декларациялау» ұғымдары енгізіліп, лауазымдық өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдалануға тыйым салынады.
Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың, туыстардың және басқа да байланысты тұлғалардың бірге қызмет етуіне байланысты шектеулер күшейтілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге кәсіпкерлік қызметке, ұйымдарды басқаруға қатысуға, сондай-ақ құмар ойындар мен бәс тігуге шектеулер туралы ескертілді.
Декларацияларды уақтылы тапсыру және белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында жаңа нормалардың басты міндеті - жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жазалау ғана емес, ең алдымен олардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтау екені атап өтілді.