Біржан сал ауданы әкімінің
өзіне жүктелген функциялар
мен міндеттердің орындалуы
туралы есебі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әкімдердің мәслихаттар алдында есептерін жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Біржан сал аудан әкімі Б.Қ. Қасеновтің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын рейтингтік бағалау нәтижелері бойынша Біржан сал ауданы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың аудандары мен қалаларының даму динамикасы орташа топқа кіреді.
Есепті кезеңде 17,3 млрд. теңге сомасына 2025 жылғы тиісті кезеңге (2025 ж.-21,7 млрд. теңге) өнеркәсіп өнімі өндірілді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің кәсіпорындары 12,0 млрд. теңге сомасына немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 132,6% өнім өндірді.
2026 жылға 202,8 мың га алқапқа жаздық дақылдар егу жоспарланған (немесе өткен жылдың деңгейіне 105,4%).
Сиырлардың саны – 26,7 мың бас, бұл өткен жылмен салыстырғанда 102,9% құрайды.
2026 жылғы қаңтар - маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7,2 млрд. теңгені құрады немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 111,4%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2026 жылдың басынан бастап 1,1 млрд. теңгеге орындалды, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 63,6% - ы құрайды.
Степняк қаласында 21 пәтерлі тұрғын үй салуға - 301,1 млн. теңге бөлінді.
2025 жылдың есепті кезеңінде тұрғын үйдің жалпы ауданы халықтың қаражаты есебінен 520 ш.м. немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 53,6% құрады (2025ж - ЖТҚ есебінен 971 ш. м.).
Жыл басынан бері контингентте түскен салық сомасы 1162,2 млн. теңгені немесе болжамға 99,8% құрайды, орындалмаған сомасы 2,9 млн. теңге құрады.
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 174 адам өтініш білдіріп, 127 адам жұмысқа орналастырылды.
Кезең соңындағы жұмыссыздар саны 151 адамды құрайды. Тұрақты жұмыссыздық деңгейі - 2,25%.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауданда 1925 оқушы оқитын 30 мемлекеттік оқу орны бар.
Денсаулық сақтау объектілерінің жарақтандырылуы-81,1% құрайды. 10 дәрігер қоса атқарушы ретінде жұмысқа қабылданды. Мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді: 3 жас маманның әрқайсысына 5 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді.
Заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, есірткі бизнесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар кешені іске асырылды.
Жыл басынан аудан әкімінің аппаратына 606 өтініш келіп түсті, олардың барлығы жұмыс тәртібімен қаралып, барлығы бойынша шешімдер қабылданды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудан әкімі Б.Қ. Қасеновтің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі қабылдансын.
- Біржан сал ауданының әкімінің аппаратына:
- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша;
- бюджет қаражатын барынша игеру бойынша;
- салалық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жоспарланған іс-шараларды одан әрі іске асыру бойынша;
- ауылдарды абаттандыру және санитарлық тазарту, жолдарды, елді мекендердің көшелерін жөндеу, олардың аумақтарын жарықтандыру бойынша негізгі жұмыстардың көлемін анықтау және орындау бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.
- Мәслихат сессиясында аудан әкімінің есебі бойынша материалдар ауданның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мемлекеттік және салалық бағдарламалар іс-шараларының іске асырылу барысына жүйелі бақылауды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданы
мәслихатының төрағасы Н. Қуатова