Жоба
«Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәслихаттың үлгілік регламентін бекіту туралы» Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгілік регламентінің 79-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.
- Біржан сал ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № С-26/5 «Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
- «Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген «Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі әділет органдарында заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Біржан сал ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Біржан сал ауданы мәслихатының аппарат басшысы Р.Н: Нұрғалиевке жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданы мәслихатының
төрағасы Н. Қуатова
Біржан сал ауданы мәслихаттың
2026 жылғы №
шешімімен
бекітілген
«Біржан сал ауданы мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесініңЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
- «Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты (бұдан әрі – мәслихат) ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ .
- Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы «Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
- Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
- Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
- Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Мәслихат аппараты құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020700, Ақмола облысы, Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 23 құрылыс.
Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі - жұма сағат 08.30-ден - 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндер: сенбі - жексенбі.
- Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
- Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
- Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппараты өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
- Мәслихат аппаратының мақсаттары мен өкілеттіктері
- Міндеттері:
1) мәслихаттың қызметін ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;
2) мәслихаттың нормашығармашылық қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету;
3) сайлау процесінің және сайлау жүйесі органдары қызметінің заңдылығын ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету;
4) мәслихат қызметінің жариялылығын, ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету;
5) мәслихат қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және шаруашылық қызметін жүргізу;
6) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
- Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
1.1) мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпаратты, анықтамаларды, есептерді, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтерді, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, Мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісімдерді, сондай-ақ сессиялар мен тұрақты (уақытша) комиссиялар отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өзге де құжаттарды сұратуға;
1.2) Мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
1.3) депутаттық сауалдар мен депутаттық ұсыныстардың уақтылы қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерге сұрау салулар жіберуге;
1.4) мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштерінің қаралу мерзімдері мен қаралу нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыруға;
2) Міндеттері:
2.1) өз құзыреті шегінде мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етуге;
2.2) мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды адамдарға және мемлекеттік органдарға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсетуге;
2.3) мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз етуге.
- Функциялары:
1) мәслихат жұмысының жоспарлануын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету: отырыстар кестесін қалыптастыру, сессияларға қатысушыларды уақтылы хабардар ету және мәслихаттың жұмыс топтары мен тұрақты комиссияларының қызметін үйлестіру;
2) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинау және талдау, өз қызметі туралы Мәслихат депутаттарының алдында есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;
3) құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, сессиялар мен комиссиялар отырыстарын хаттамалау, аудио-бейнетіркеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс және қорытынды материалдарды дайындау, көбейту және тарату;
4) мәслихат шешімдері жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу;
5) қабылданған нормативтік шешімдерді мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына жолдауды қамтамасыз ету;
6) шешімдер жобалары мен депутаттық сауалдарды дайындау кезінде депутаттарға құқықтық көмек көрсету;
7) соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда мәслихат пен оның аппаратының мүдделерін білдіру және қорғау;
8) мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдер жобаларын әзірлеуге бақылау жүргізу;
9) саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды қабылдау, жинау және тексеру рәсімдерін ұйымдастыру;
10) аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы, сондай-ақ комиссия мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда олардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындау;
11) сайлау комиссияларын қалыптастырудың заңда белгіленген рәсімдері мен мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, кандидаттардың сайлау заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру;
12) мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және өкілді органның бірыңғай интернет-ресурсының өзектендірілуін қамтамасыз ету;
13) мәслихат төрағасы мен депутаттардың жеке қабылдауын ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларын есепке алуды, тіркеуді және қаралуын бақылауды жүзеге асыру;
14) депутаттарға сайлау округтері тұрғындары алдында міндетті жария есептерін дайындауға және өткізуге жәрдем көрсету;
15) қоғамдық тыңдауларды, дөңгелек үстелдерді және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылаудың өзге де нысандарын өткізуді қамтамасыз ету;
16) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды жоспарлау, бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық есептілікті қалыптастыру;
17) мәслихат пен оның аппаратының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу;
18) кадрлық іс жүргізуді жүзеге асыру;
19) құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін, құжаттардың мұрағаттық сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпиялылық режимінің сақталуын және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету;
20) Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру, оның жұмысын жоспарлау, қатысушыларды уақтылы хабардар ету және кеңестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын үйлестіру;
21) Қоғамдық кеңес отырыстарын хаттамалау, оның шешімдерін ресімдеу және тарату, сондай-ақ кеңес қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жариялылығын қамтамасыз ету.
- Мәслихат төрағасының және аппарат басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
- Біржан сал ауданы мәслихатының төрағасы (бұдан әрі – Мәслихат төрағасы) өкілді органның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның өкілеттіктерін Мәслихат аппараты арқылы қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
- Мәслихат төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
- Мәслихат төрағасының орынбасарлары болмайды.
- Мәслихат төрағасының өкілеттіктері:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге және өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына, сондай-ақ сайлау округтеріндегі қызметіне қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
5) депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштерінің қаралуын бақылайды;
6) мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
7) сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа тұрақты түрде ақпарат ұсынады;
8) мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе көтеруге бастамашылық жасайтын мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
10) өз құзыреті мәселелері бойынша өкімдер шығарады;
11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының, сондай-ақ депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкілдік етеді;
13) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламентінде және мәслихат шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Мәслихат төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам уақытша жүзеге асырады.
- Мәслихат аппаратын мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалатын және қызметтен босатылатын мәслихат аппаратының басшысы басқарады.
- Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері:
1) Мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде Мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) Мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу туралы және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясы төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтардың жобаларын дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Мәслихат аппаратының мүлкі
- Мәслихат аппаратының заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен(ақшалай кірістерді қоса алғанда) және өзге де көздерден қалыптастырылады.
- Мәслихат аппаратында бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
- Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.