Степняк қаласы город Степняк
Біржан сал ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 тамыздағы № С-14/5 «Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Біржан сал ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 тамыздағы № С-14/5 шешіміне (нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8822-03 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Біржан сал ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданы мәслихатының төрағасы |
Н. Куатова |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 30.07.2026
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 39446 болып енгізілді
Результаты согласования
маслихат района Биржан сал - Руководитель отдела аппарата маслихата района Биржан сал Саят Нурбекович Аманжолов, 28.07.2026 11:47:30, положительный результат проверки ЭЦП
маслихат района Биржан сал - Председатель маслихата Нургуль Салменовна Куатова, 28.07.2026 11:48:46, положительный результат проверки ЭЦП