Астрахан аудандық мәслихатының«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы»Астрахан аудандық мәслихат шешімінің жобасына ақпарат
№ |
Көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1. |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
Астрахан аудандық мәслихатының «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» шешімі. |
2. |
Әзірлеушімемлекеттік орган |
Астрахан ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ жұмыс тобы отырысының хаттамасына сәйкес әзірленді. |
4. |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Шешімнің жобасында Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне жергілікті бюджет қаражаты есебінен лауазымдық айлықақысының 25 пайызы мөлшерінде ауылдық жерде жұмыс істегені үшін үстемеақы және лауазымдық айлықақысының 30 пайызы мөлшерінде ынталандыру үстемеақысын белгілеу көзделеді. |
5. |
Күтілетіннәтижелердіңнақтымақсаттарымен мерзімдері |
Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты – Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауылдық жерде жұмыс істегені үшін үстемеақы және ынталандыру үстемеақысын белгілеу. Күтілетін нәтиже – ауылдық жерде қызметін жүзеге асыратын қызметкерлердің материалдық ынталылығын арттыру және олардың лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауын қамтамасыз ету. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. |
6. |
НҚА жобасықабылданғанжағдайдаболжанатынәлеуметтік-экономикалық, құқықтықжәне (немесе) өзгедесалдар |
Шешім жобасын қабылдау Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне лауазымдық айлықақысының 25 пайызы мөлшерінде ауылдық жерде жұмыс істегені үшін үстемеақы және лауазымдық айлықақысының 30 пайызы мөлшерінде ынталандыру үстемеақысын белгілеуге мүмкіндік береді. Шешім жобасын іске асыру қызметкерлердің материалдық ынталылығын арттыруға және халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ететін болады. Шығыстарды қаржылық қамтамасыз ету көзделген бюджет қаражаты шегінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. |