Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-17-2 «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

    Астрахан ауданының әкімдігі

    Астрахан ауылы село Астраханка

    Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы

    № 8С-17-2 «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

    Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-17-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8681-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

    6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндер тізбесі:

    1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

    2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

    3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

    4) 9 мамыр – Жеңіс күні;

    5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

    6) 1 қазан – Қарттар күні;

    7) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні;

    8) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні;»

    10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    « 10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей азаматтардың келесі санаттарына жылына 1 рет көрсетіледі:

    1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

    оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшыларға мен қызметшiлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне:

    «Алтын алқа» «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне:

    бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    бейбіт уақытта әскери қызметін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    4) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

    Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5000000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

    Екінші дұниежұзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, теттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

    саяси қуғын - сүргіндер құрбандарына және саяси қуғын - сүргіндерден зардап шеккендерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    6) 1 қазан – Қарттар күніне:

    ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    7) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне:

    1, 2, 3 топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    8) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне:

    «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    11 тармақтың 1) тармақтын сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтыру:

    «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының4баптарында көрсетілген адамдарға, коммуналдық қызметтер үшін шығындарын төлеуге ай сайын 3,5 ( үш жарым ) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

    басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері комуналдық қызметтеріне 2,5 (екі жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Лауазымы

    Аты-жөні

    ,

    Жүктеу
    8bea024c776b3f683e32649427c8782c_original.99359.docx
    DOCX · 97 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Астрахан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

    Астрахан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы аудандық жер комиссиясы отырысының №14 ХАТТАМАСЫ

    Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы аудандық жер комиссиясы отырысының №14 ХАТТАМАСЫ Астрахан а. «9» қыркүйек 2026 ж. Комиссия құрамы: Р.Ж. Мұқанов аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; А.Т. Мажитова комиссия...

    Астрахан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Астрахан аудандық мәслихатының «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Астрахан аудандық мәслихат шешімінің жобасына ақпарат

    Астрахан аудандық мәслихатының«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы»Астрахан аудандық мәс...

    Астрахан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 5С-35-2 «Мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Астрахан ауылы село Астраханка Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 5С-35-2 «Мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшер...

    Астрахан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Астрахан ауданында жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелері туралы ақпарат

    Астрахан ауданында жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелері туралы ақпарат № п/п Основание предоставления земельного участка Целевое назначение Площадь з/у, га Месторасположение зем. участка Құқық түрі Жалдау м...

    Астрахан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Құрметті жас мамандар! Сіздерге мемлекеттік қызметтегі кейбір лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!

    Құрметті жас мамандар! Сіздерге мемлекеттік қызметтегі кейбір лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!Негізгі шарттары: 1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл іші...

    Астрахан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы аудандық жер комиссиясы отырысының №13 ХАТТАМАСЫ

    Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы аудандық жер комиссиясы отырысының №13 ХАТТАМАСЫ Астрахан а. «3» шілде 2026 ж. Комиссия құрамы: Р.Ж. Мұқанов аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; А.Т. Мажитова комиссия хат...

    Астрахан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-17-2 «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-17-2 «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағи...

    Астрахан ауданының әкімдігіЖарияланды: