«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті»
(әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитет төрағасы міндетін атқарушының 2026 жылғы 28 тамыздағы
№ 360-НҚ «Дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» бұйрығына сәйкес:
- «МЕЛАКСЕН» қабықпен қапталған таблеткалар, 3мг; ҚР-ДЗ-5№010903, Юнифарм, Инк., АҚШ дәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасының 2026 жылғы 5 тамыздағы № 329-НҚ «Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы» бұйрығының күші жойылды.
Негіздеме: Юнифарм, Инк. 2026 жылғы 21 тамыздағы № 10 өтініші.