«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті»
(әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитет төрағасы міндетін атқарушының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 367-НҚ «Тайсабри, ерітінді дайындауға арналған концентрат, 300 мг/15 мл » дәрілік заттың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы» бұйрығына сәйкес:
-« Тайсабри, ерітінді дайындауға арналған концентрат, 300 мг/15 мл», ЛП-№013092-РГ-KZ, тіркеу куәлігін ұстаушы «Ген Илач ве Саглык Урунлери Санаи ве Тиджарет БҰ», Турциядәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылды.