«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті»
(әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитет төрағасы міндетін атқарушының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 365-НҚ «Окситоцин-Рихтер, вена ішіне және бұлшық ет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 5 ХБ/мл» дәрілік заттың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы» бұйрығына сәйкес:
- «Окситоцин-Рихтер, вена ішіне және бұлшық ет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 5 ХБ/мл», ЛП-№002616-ГП-KZ, тіркеу куәлігін ұстаушы «Гедеон Рихтер БҰҰ», Венгриядәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылды.