2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша Сырымбет ауылдық округі мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы ақпарат
«Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру».
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
- «Кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру».
- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату».
- «Жер учаскесін алуға кезекке қою».
- «Жер учаскесін жалдау құқығын ұзарту».
Мемлекеттік қызметтер электрондық және қағаз түрінде көрсетіледі. Электрондық түрде «Е-лицензиялау» порталы арқылы – «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» қызметі көрсетіледі.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін жалға алу құқығын ұзарту» МКҚК порталы арқылы қызметтері көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бақылауға жауапты тұлға тағайындалған, ай сайын ішкі бақылау жүргізіледі, қызмет көрсету журналдары жүргізіледі.
Қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес қызметтер белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін күн сайын көрсетіледі.
Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 3 қызмет.
Электрондық түрде – 3 қызмет, қағаз түрінде – 0 қызмет көрсетілді.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін әкім аппаратында «Электрондық үкімет» порталы арқылы ХҚКО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Күтуге арналған арнайы орындар қарастырылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тізбесі бар ақпараттық материал, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру нысандарының үлгілері бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен ауре-сарсаңнын көрінуіне жол берілмейді, қызмет көрсететін маман ұсынылатын ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет өтініш түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі, мерзімдердің бұзылуына жол берілмейді.
Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Ауылдық округ маманы тарапынан 120 брошюра таратылды.