Сырымбет ауылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау туралы ХАТТАМАСЫ

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты


    Сырымбет ауылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау туралы

    ХАТТАМАСЫ

    Сырымбет ауылы 2026 жылғы 13 сәуір

    Төрағалық етті:
    Сырымбет ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Г.Тайжігитова.

    Қатысқандар: мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты ауылдық округ әкімі аппаратының маманы, округтің бас мамандары, округ тұрғындары.

    КҮН ТӘРТІБІ

    1.Сырымбет ауылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті ауылдық округтің жерге орналастыру жөніндегі бас маманы Н.К. Дюсембинов оқып берді.

    Сұрақтар мен ұсыныстар бар ма?

    Сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.

    Есепті талқылау қорытындысы бойынша төмендегідей ұсынымдар берілді:

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты маманға:
    • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қолданыстағы заңнамаға, қағидалар мен стандарттарға қатаң сәйкес көрсету;
    • «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу;
    • мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары мен стандарттарына сәйкес қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
    • кемінде жылына бір рет халықпен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу;
    • өтініштерді сапалы қарауды, өтінімдерді уақтылы тіркеуді, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен жұмыс уақытының кестесін сақтауды қамтамасыз ету.

    Осы хаттаманың орындалуын бақылау мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелеріне жауапты Сырымбет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н.К. Дюсембиновқа жүктелсін.

    Ауылдық округ әкімі міндетін атқарушы Г. Тайжігитова

    Бас маман Н. Дүсембинов

    Жүктеу
    6638405e5c0c4919186632dcb744c89b_original.15849.docx
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Анықтама

    01.01.2025 жылғы 31.12.2025 жылдың аралығындағы кезең бойынша «Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары туралы талдамалық анықтама

    01.01.2025 жылғы31.12.2025 жылдыңаралығындағыкезеңбойынша«Сырымбетауылдықокругіәкімінің аппараты» КММ қызметіндегісыбайласжемқорлықтәуекелдерінежүргізілгенішкіталдауқорытындыларытуралыталдамалықанықтама Кіріспе:Ішкісыбай...

    Ақпарат

    2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша Сырымбет ауылдық округі мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы ақпарат

    2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша Сырымбет ауылдық округі мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы ақпарат «Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:...