«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 31.08. – 01.09.2026
Практикалық бағалау: 03.09.2026
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Ардагерлермен және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеу секторының бас маманы (2027 жылғы 27.08 дейін негізгі қызметкердің бала 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне), «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
мемлекеттік қызметтер көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзіреті шегінде қарау. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында материалдар дайындау және кеңестер өткізу, қаланың кәсіпорындарымен, ұйымдарымен және үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс жасау. Мүгедектігі бар адамдарды «Инватакси» автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету мәселелерінде бақылауды жүзеге асыру. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру бойынша мониторинг, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. Интерактивті Инва-gov картасын енгізу; Азаматтарды қабылдау және хаттар мен арыздарға жауап дайындау.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық немесе педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология немесе әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтік ғылымдар) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5483801319