«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 31.08.2026 – 01.09.2026
Эссе: 03.09.2026
Әңгімелесу: 07.09.2026
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі, «Е-R-3» санаты
Функционалдық міндеттері:
сектор қызметіне жалпы басшылық жасау, оның қызметкерлерінің міндеттерін ұйымдастыруды, бөлуді және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға, сапалы коммуналдық қызметтерді, жөндеу-құрылыс жұмыстарын және тұрғын үй инспекциясын кеңейтуге бағытталған мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы саласындағы қолданыстағы нормативтердің, стандарттардың, өңірлік бағдарламалардың және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс қолданылуы мен орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану бойынша басқару органдарының, кондоминиум объектілерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін техникалық тексеру бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру. Тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісінің басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу және бақылауды жүзеге асыру, тиісті ерекшеліктер бойынша жұмыстарды төлеуге ұсыну. Тұрғын үй қорын ұстау қағидаларын бұзу туралы актілерді және тұрғын үй қорын ұстау қағидаларын бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамаларды жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Кондоминиум объектісінің тұрғын үй қорын және ортақ мүлкін маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; инспекциялық зерттеулердің деректері бойынша ақпаратты жалпылау, талдау, барлық бақылаудағы объектілердің жай-күйі бойынша деректер базасын жүргізу, тұрғын үйлерді, үй маңындағы аумақтарды күтіп-ұстау сапасын бақылау және бақылаудағы объектілердің, кәсіпорынның иелеріне, үй маңындағы аумақтардың тұрғын үйлерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдарға немесе азаматтарға көмек көрсету жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі мәселелері бойынша азаматтардың жиындары мен жиналыстарын ұйымдастыру. Қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру. Тұрғын үйлерде (ғимараттарда) жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуын, елді мекен шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау. Бөлім басшысы Берген сенімхаттар негізінде сот органдарын қоса алғанда, барлық ұй
Білімі бойынша талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе құрылыс немесе автоматтандыру және басқару немесе машина жасау немесе аспап жасау немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе мұнай газ ісі немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру) немесе ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (радиотехника, электротехника және телекоммуникациялар) немесе қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5483444487