«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 27 - 28.08.2026
Практикалық бағалау: 03.09.2026
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын үй секторының бас маманы, «E-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
азаматтардың консультацияларын жүзеге асыру, тұрғын үйлерді бөлу бойынша мұрағаттық құжаттарды ұсыну, тиісті органдар мен азаматтардың сұрау салулары бойынша шарттар жасасу. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаж азаматтарды есепке қою және оларды Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасына сәйкес алып қою және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарда және тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді азаматтардың меншігіне беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде тұрғын үйді жекешелендіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау. Бөлім басшысы берген сенімхаттар негізінде сот органдарын қоса алғанда, барлық ұйымдарда, мекемелерде Бөлімнің мүдделерін білдіру.
Білімі бойынша талап:
әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе бизнес, басқару және құқық мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе қызмет көрсету саласында саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.