Мемлекеттік қызметтер ВидеоЦОН арқылы қолжетімді бола түсуде

    Сәтбаев қаласының әкімдігі

    Мемлекеттік қызметтер ВидеоЦОН арқылы қолжетімді бола түсуде

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚҰлытау облысы бойыншафилиалы өңір тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-ға бармай-ақ, қашықтан алуға болатынын еске салады.

    Бүгінде көптеген мемлекеттік қызметтерді «ВидеоХҚКО» сервисі арқылы онлайн алуға болады. Ол үшін ұялы телефон мен интернет желісіне қосылу жеткілікті. Бейнебайланыс арқылы азамат маманнан кеңес алып, қажетті қызметтер мен құжаттарды рәсімдей алады.

    Қазіргі уақытта «ВидеоХҚКО» сервисі арқылы 79 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

    Ең сұранысқа ие ТОП-5 қызмет:

    • жеке және заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ кілттерін алу және кері қайтарып алу;
    • соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама алу;
    • жерлеуге арналған біржолғы төлемді рәсімдеу;
    • баланың тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар мен төлемдерді рәсімдеу;
    • мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау.

    «ВидеоХҚКО» сервисі қажетті мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе Ұлытау облысының шалғай елді мекендерінің тұрғындарына, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, кішкентай балалары бар ата-аналарға, сондай-ақ шетелде жүрген азаматтарға өте ыңғайлы.

    Сонымен қатар, пайдаланушы жолға шығуға және кезекте күтуге уақыт жұмсамайды. Маманмен байланыс бірнеше минут ішінде жүзеге асады.

    Азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызметтерді алу кезінде Face ID биометриялық сәйкестендіру жүйесі қолданылады.

    Қызметті алу үшін:

    1. «ХҚКО» мобильді қосымшасын жүктеп алу қажет;
    2. «ВидеоХҚКО» бөлімін таңдау керек;
    3. Жұмыс уақытында операторға қосылу қажет;
    4. Кеңес алып немесе қажетті мемлекеттік қызметті рәсімдеуге болады.

    Барлық сұрақтар бойынша азаматтар 1414 нөмірі арқылы Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Сәтбаев қаласы әкімінің 2026 жылғы 23 ақпандағы №1 «Сәтбаев қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Сәтбаев қаласы әкімінің 2026 жылғы 23 ақпандағы №1 «Сәтбаев қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституци...

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы өзгерістер туралы

    Сәтбаев қаласы, Ұлытау облысы аумақтық сайлау комиссиясының учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы өзгерістер туралы хабарламасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық...

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беруге арналған бюллетень сайлаушыларға сайлаушылар тiзiмдерiнің негiзiнде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуi бойынша берiледi

    Дауыс беруге арналған бюллетень сайлаушыларға сайлаушылар тiзiмдерiнің негiзiнде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуi бойынша берiледi. ✔️Сайлаушы тiзiмге бюллетеньдi алғандығы туралы қолын қояды, ал ком...

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған практикум

    Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған практикум Аумақтық сайлау комиссиясы Сәтбаев қаласы бойынша сайлау процесіне қатысушыларды оқытудың каскадты жоспарын учаскелік сайлау комиссияларында тікелей өткізілетін...

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау участкесінде кім дауыс бере алады

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарлама

    Дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарлама 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 1...

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Учаскелік сайлау комиссияларын оқыту процесі жалғасуда

    Учаскелік сайлау комиссияларын оқыту процесі жалғасуда. Сәтбаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясында учаскелік сайлау комиссиялары үшін оқыту іс-шаралары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 5 тамызында учаскелік сайлау комисси...

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Дауыс беру учаскесін қалай табуға болады?»

    «Дауыс беру учаскесін қалай табуға болады?» 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз учаскесін келесі тәсілдер бойынш...

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды: