Учаскелік сайлау комиссияларын оқыту процесі жалғасуда.
Сәтбаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясында учаскелік сайлау комиссиялары үшін оқыту іс-шаралары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 5 тамызында учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларына арналған семинарда сайлау комиссияларын қаржыландыру және сайлау учаскелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сайлау комиссияларында телефон орнату жұмыстарының аяқталу сатысында екендігі атап өтілді. Семинарға «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Бақытгүл Үншібаева қатысты. Учаскелік сайлау комиссияларының хатшылары мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің практикалық мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, дауыс беруге арналған үй-жайлардың қолжетімділігі, компьютермен және стандартты көмекші құралдар жиынтығымен (тифло және сурдотехника), сондай-ақ арнайы бейне және аудиоматериалдармен жабдықталған арнайы бұрыштардың болуы мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда сайлау учаскесінен тыс жерде волонтерлік көмек көрсету мүмкіндігі талқыланды. Семинарды Сәтбаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ернар Смағұлов, комиссия төрағасының орынбасары Нина Геймбух және комиссия хатшысы М. Есмуразаева өткізді.
